9. Қазақстанның төмендегі елдермен ынтымақтастығы елімізге қандай мүмкін-діктер береді деген сұраққа жауап беріңіз.
Ресей Федерациясы .........................................................................
Қытай Халық Республикасы ..........................................................
Жапония ..........................................................................................
Египет Араб Республикасы ............................................................
Сауд Арабиясы ................................................................................
Түркия ...............................................................................................
10. Сөйлемдерді оқыңыз. Жақшаның ішіндегі етістіктерді осы, өткен, келер шақтарда көрсетіңіз.
Үлгі: Жапониямен ынтымақтастық Қазақстанға көптеген экономикалық артықшылықтар (беру) – береді, берді, бермек.
Қазақстан Анкарамен саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың әлеуетін (іске қосу). Иранмен байланыстарды дамыту біздің ұзақ мерзімді экономикалық мүдделерімізді (қамтамасыз ету). Қазақстан араб әлемімен ынтымақтастықты қолдауға (ұмтылу). Таяу Шығыс елдермен қарым-қатынасты нығайту мұнай өндіру саласындағы тиімді байланыстарды орнатуға іргетас (қалау). Еуропалық Одақпен әріптестік Еуропалық жетекші мемлекеттермен сауда-экономи-калық байланыстарды тиімділігін арттыруға алғышарттар (жасау).
11. Қ.Тоқаевтың “Қазақстан Республикасының дипломатиясы” деген кітабын пайдалана отырып, “Қазақстан және Еуропа елдері” деген тақырыпта ауызша ақпарат дайындаңыз.
14-АПТА.
Грамматикалық тапсырма: Ырықсыз етіс
Лексикалық тапсырма: Алматы технологиялар паркі
Ырықсыз етіс. Страдательный залог.
Страдательный залог в казахском языке образуется при помощи суффиксов -ыл/-іл/-л. И в русском, и в казахском языке он указывает на то, что предмет полвергается действию другого предмета или лица. Например: Жұмыс аяқталды. Работа закончена. Хат жіберілді. Письмо отправлено.
Достарыңызбен бөлісу: |