Сабақ. Грамматикалық тақырып: Есімдіктердің мағыналық топтары лексикалық тақырып: Қазақ тілі сабағы


Қазақ тілінің болашағына сенесіз бе?



бет11/118
Дата28.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#155392
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   118
Байланысты:
УМКД 2012-2013

6. Қазақ тілінің болашағына сенесіз бе?
7. Даналар сөзін орыс тіліне аударыңыз.
Орыс тілі жайында Пушкин айтқан екен: “Он один остается неприкосновенной собственностью несчастного нашего Отечества”, - деп. Мұны қазақшалағанда былай болып шығады: “Біздің бақытсыз Отанымызда бірден–бір басыбайлы меншігіміз тіл болып қалмақ”. Әй, осыны көбіміз (қазағы, немісі бар) түсіне бермейміз–ау...
Г.Бельгер

“Мен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алу үшін қолымнан келгенінің бәрін істедім. Бұдан да қиын кезеңде ... ана тіліміз республикамыздағы жеке-дара мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Тіл туралы арнайы заң қабылдадық.


Еліміз көп ұлтты мемлекет болған соң тіл мәселесін тізеге салып шешуге болмайтынын ұмытпаған абзал...”
Н.Ә.Назарбаев

“Ұлттық сана, ұлттық салт–дәстүр, ұлт тілі жойылса, мен үшін өмір сүрудің маңызы жоқ. Әрбір адам осылай ойлау керек. Барлық кемшіліктерге төзуге болар, бірақ тілге немқұрайлы қаруға жол бермеуміз керек.”


М.Шаханов

Адамға екі нәрсе тірек тегі:


Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.
Жүсіп Баласағұни

Тіл дегеніміз – белгілі бір мәдениеттің көрінісі. Бөлшегі емес, ол – мәдениеттің ірге тасы.


Лингвист Оливер, Вэндел Холмс

Тіл – өнердің ең бұқаралық түрі. Онда мыңдаған ұрпақтың маңдай тері, еңбегі, арманы, тірлігі, рухы жатыр.


Эдуард Саниел

Тіл ұлт шежіресі.


Линвист Граф


8. Өзіңізге ұнаған өлеңді жаттап алыңыз.


Ана тілі - ұрпақ тілі

Батар, кетер келмеске күнім менің,


Қалар, бірақ, киелі тілім менің.
Қасіретті шақтарда түңілгенде
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
М. Мақатаев
***
Сол тіліммен дүниені аттадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда аманаты анамның,
Жатты онда аманаты атаның.
С.Мәуленов
***
Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!
Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел
Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.
Ә. Сәрсенбаев
***
Дей алмас қайдан әкеледі,
Бар тілден үйрен білімді.
Ұмытсаң – дағы бөтенді
Ұмытпа ана тіліңді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет