1. Тыңдаңыз. Қайталаңыз / Слушайте. Повторяйте
Қазақстанның қай қаласы болмасын мәдени орындарға өте бай. Шетелдік қонақтар мен туристер Қазақстанның бай табиғаты мен мәдени орындарына тамсанып кетеді.
Мәселен, Астананың өзінде соңғы жылдары талай ғимараттар бой көтерді. Есіл өзенінің жағалауына орналасқан көз қызықтырар қалаға айналды. Астана XXI ғасырдың ғажап қаласы. Онда биіктігі 105 метр болатын Бәйтерек шыңы бар. Бәйтерек шыңы көрме, үлкен аквариум және мейрамханаларға толы. Сондай-ақ «Думан» ойын-сауық орталығындағы океанариум әлемде біреу-ақ. Әлі де талай сәулетті ғимараттар салынар.
«Бейбітшілік және келісім сарайы» да сәулеттік діни ғимараттардың бірі. Ал «Президенттік мәдени орталық» Қазақстан халқының рухани мұраларын және мәдени салт-дәстүрін сақтайтын ірі кешендердің бірі. Президент мәдени орталығының кітапханасы 700 мың кітаптан тұратын ең бай кітапхана.
Алматы қаласы да еліміздің мәдени және ірі қаржы орталығы болып саналады. Алматыда Абай атындағы опера және балет театры, М.Әуезов атындағы академиялық драма театры, орыс, ұйғыр, корей, неміс драма театрлары, «Байқоңыр», «Сарыарқа», «Алатау», «Арман» т.б. кинотеатрлар, мұражайлар, сарайлар көп.
Еліміздің барлық аймағында да осындай мәдени орындар халыққа қызмет етуде.
Аудио тапсырмалар
Шетелдік қонақтар мен туристер Қазақстанда неге тамсанады?
А) шетелдіктер Қазақстанға келмейді
Ә) мұражайларға
Б) адамдарына
В) үйлеріне
Г) бай табиғаты мен мәдениетіне
Бәйтерек шыңының биіктігі қандай?
А) 1005 метр
Ә) 100 метр
Б) 105 метр
В) 10 метр
Г) 42 метр
Президенттің мәдени орталығының кітапханасында қанша кітап бар?
А) 500 мың кітап
Ә) 700 мың кітап
Б) 720 мың кітап
В) 700 кітап
Г) 500 кітап
Достарыңызбен бөлісу: |