[Введите название организации отправителя]
[Введите адрес организации отправителя]
Ашық сабақ
Ыбырай Алтынсарин «Таза бұлақ»
3 «Ә» сынып
Өткізетін:Кусаинова А.Б.
2015-2016 оқу жыл
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат беру, әңгіменің мазмұнын жан - жақты ашу.
Міндеттері: 1. Білімділік. Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің тақырыбы мен идеясын, мазмұнын меңгерту;
2. Дамытушылық. Дүниетанымын, ойлауын, өзіндік көзқарасын, таным процестерін дамыту. Сөз саптауын жетілдіру;
3. Тәрбиелік. Рухани тазалыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Әдіс - тәсілі: проблемалық ізденіс, талдау, модульдік оқыту технологиясы әдістері, СТО әдістері
Көрнекілігі: слайд, Ы. Алтынсарин портреті, перфокарта
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Ұжымдық психологиялық іс - әрекет.
«Тілектер бұрышы», мұнда оқушыларға (ақыл, бағыт, өнерлі, сабырлы т.б сөздер таратылып, мұғалімнің бағыттауымен бүгінгі сабақта бір - біріне сол сөйлемнен тілек айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Мен миллионермін» ойыны. Тақтаға ілініп тұрған ақшаның артында өткен сабақ бойынша сұрақтар мен тапсырмалары жазылған. Оқушы тақтаға шығып алған сұрағына жауап беріп, өз тобына қосылады.
1) Жазушының таңғы сәулені суреттеуін тауып оқып бер.
2) Таңғы самалға неліктен барлығы риза болды?
3) Желдің тағы қандай түрлерін білесің?
4) Самал жел қай маусымда, тәуліктің қай кезінде соғады?
5) Шөптегі шық пен самал жел бір мезгілде бола ала ма ?
6) «Самал» мысалының авторын ата
7) Құрманбай Игілікұлы Толыбаев нешінші жылы дүниеге келді?
8) Құрманбай Толыбаев қай облысын азаматы ? туған жерін ата.
9) Құрманбай Төлебаевтің шығармаларын ата .
ІІІ. Оқушы білімін тексеру:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар!
Кімнің өлеңі? Қалай аталады?
Ой қозғау.
Оқушыларға Ы. Алтынсарин туралы видео ролик көрсетіп, өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат таратылады. Оқушылар таратылған мәтінді толық оқып танысады. Түсініп оқиды. Уақыт болғанда оқушыларды ортаға шақырып «Білім кілті» арқылы оқушылар бір – бірінің сөзін қайталамай автор туралы алған білімдерін ортаға салады.
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматты көрсетемін.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданында дүниеге келген. Ата - анасы жастай қайтыс болған ол нағашы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Ол немересін 1850 жылы Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне береді. Оны 1857 жылы Ыбырай үздік бітіріп шығады да, халыққа қызмет етуді бастайды. 1864 жылы алғаш рет Торғайда мектеп ашады. 1879 жылы Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарды.
1889 жылы 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Шығармалары:
Өлеңдері: «Өзен», «Жаз» Әңгімелері: «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т. б.
Мағынаны тану кезеңі.
ә) Мәтінмен жұмыс.
Басты проблема – әңгіменің неліктен «Таза бұлақ» аталуы?
Әңгіменің мазмұнын ауызша баяндап, түсіндіру.
Оқушылардың өз бетімен жылдам әрі мәнерлеп оқу жұмысын жүргізу.
Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы.
Ғибрат алу – үлгі алу.
Топпен жұмыс.
1 – топ «Бұлақ»
5 – жолды өлең
2 - топқа «Қайнар» тапсырма: Инсерт кестесін толтыру
Әңгіменің
тақырыбы
|
Әңгіменің негізгі кейіпкері
|
Әңгіменің негізгі ойы
|
Әңгіме мазмұнына сәйкес мақал – мәтел жаз
|
|
|
|
|
3 – топқа «Бастау» тапсырма.
«Бұлақ» сөзіне ассоциация жасау
4 – топ
Суды қалай қорғау керек. Жоба құрастыру.
Сергіту сәті. «Ақ бұлақ» өлеңі арқылы сергіту сәтін өткізе отырып, әрі оқушыларды қызықтыру, әрі жаңа сабақ мазмұнын аша түсу.
IV. Білімді бекіту . «Бақытты сәт» ойыны.
Ыбырай Алтынсарин кім?
Ыбырайдың туған жері?
Үш жолаушы бұлақ басынан нені байқады?___________
Ол кімнің тәрбиесінде болды?
Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі ?
Бірінші жігіт тастағы жазуды қалай түсінді?_____________
«Қазақ хрестоматиясы» нешінші жылы, қайда басылып шықты?
Ы. Алтынсариннің шығармалары алғаш рет қай қалада, нешінші жылы, қандай атпен жарияланды?
Екінші жігіт өз ойын қалай жеткізді?_____________________
Ы. Алтынсарин сауатын ашып,нешінші жылы мектепке түседі?
«Ыбырай мектебі» қайда, қай жылы ашылды?
Үшінші жігіт қай ойға тоқтады?_________________________
V. Үй тапсырмасы
Әңгімені оқып, мазмұндау. «Су – тіршілік көзі» тақырыбында шағын шығарма жазу.
VI. Бағалау
VII. Кері байланыс . Желкенді қайықтарын қалаған түске бояп жапсырады.
Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түспен боя.
Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя.
Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.
Достарыңызбен бөлісу: |