1
|
І. Кіріспе бөлім.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сапқа тұрғызу, мәлімдеме қабылау. Сәлемдесу, түгендеу. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
А. Қыздырыну жаттығулары:
-Оңға бұрыл, - солға бұрыл, - кері бұрыл, - жүру - аяқтың ұшымен қолды жоғары көтеріп жүру, - өкшемен қолды желкеге қойып, - қол белде аяқтың сыртымен, ішімен жүру, - жүгіру. - қол белде оң, сол жағымен жүгіру, - арқамен алға қарай жүгіру, - қол алда тізені биік көтеріп жүгіру, - қол артта өкшені биік көтеріп жүгіру. Саппен жүріп келе жатып, залдың ортасына 3 қатарға сапқа тұру. Б. Орнында тұрып жасалатын жаттығулар: - басты оңға, солға 4 санға айналдыру, - қолды артқа, алға айналдыру, - қол иық үстінде иық буындарын айналдыру, - оң қол жоғары сол қол белде кезекпен екі жаққа иілу, - қол белде бел буынын оңға, солға 4 рет айналдыру, - қол жанына созылған, аяқ иық деңгейінен алшақ 4 рет алға иіліп, оң қолды сол аяқ ұшына, сол қолды оң аяқ ұшына тигізу. – 1 – екі қолды жоғары көтеру, 2 – аяқ ұшына тигізу, 3 – қол алға созылған отыру, 4 – бастапқы қалыпқа келу. –Бастапқы қалыпта аяқ иық деңгейінен алшақ алға иіліп, сол аяқты оң қол ұшына, оң аяқты сол қол ұшына тигізу.
|
15 мин
|
Оқушылардың тәртібін, киімдерін және тазалығын қадағалау.
Жалпы дене дайындығын тексеру, қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.
Бір қалыпты сап бұзбаймыз.
Денені түзу ұстап, басты көтереміз.
Жаттығуды дұрыс орындауларын қадағалау.
|
2
|
ІІ. Негізгі бөлім
Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру. Волейбол ойынының ережелері туралы түсінік.
Волейбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату. Допты бір-біріне жоғардан беру тәсілін үйрету. Допты бір-біріне төменнен беру тәсілін үйрету. Допты жанынан беру тәсілін үйрету. Тордан доп ұру тәсілдерін үйрету.
Волейбол ойыны тегіс әрі қатқылдау алаңда өткізіледі. Ойын барысына кедергі келтіретін құралдардың барлығы алаңнан 3м қашықтықта болуы қажет. Алаңның биіктігі 7м-ден кем болмауы тиіс және жарық жеткілікті болуы міндетті. Ойын алаңының өлшемі 18 х 9 м тік төрт бұрышты құрайды.
Доп жұмсақ теріден жасалуы және дөңгелек болуы тиіс. Көлемі 65-67 см, ал салмағы 260-280 г.
Команда құрамында 6 ойыншы болады. Алаңда барлығы 12 ойыншы ойнайды.
Волейбол. Допты тордан беруді үйрету. Екі жақты ойын. 6 x 6
|
25 мин
|
Сабақ тақырыбын түсініп алуларына баса назар аудару.
Ойынды ойнау ережесін қатаң сақтау керектігін ескерту.
Ойын жаттығуларын жасау барысында оқушылардың бір- біріне кедергі келтірмеуі, бұйрық берілгенге дейін өз беттерімен артық қимыл жасамауларын қадағалау.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|