Сабақ: информатика Мектеп: Ж. Еділбаев атындағы №18 мектеп гимназиясы Күні



Дата17.06.2018
өлшемі32,99 Kb.
#42281
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақ: информатика

Мектеп: Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп - гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің есімі: А.Арыстанова

Сынып: 6 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кестелер. Кестелерді құру. Кестелерді редакциялау.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларға кесте құруды,кестемен жұмыс жасауды үйретеді. Кестені редакциялау командаларымен жұмыс жасаатып, практикалық білімдерін шыңдайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Баған, жол және ұяшық ұғымдарын білу. Кестені құжатқа қандай тәсілдермен кірістіруге болатынын білу. Кестелермен жұмыс істегенде Microsoft Word терезесінің қандай элементтерін пайдаланатынын білу. Кестенің бойымен қалай жылжуға болатынын білу. Ұяшық ішіне деректер енгізе алу.

Оқушылардың басым бөлігі:

Кестеге жаңа жол, жаңа баған қоса алу. Бағандардың енін өзгерте алу. Жолдар мен бағандарды жоя алу. Экспресс-кестелер бұйрығы көмегімен дайын шаблондар қоя білу.

Кейбір оқушылар:

Конструктор тіркеме парағындағы Кестелер стильдерімен жұмыс жасай алу. Ұяшықтармен жұмыс істей алу (бөлу, біріктіру және жою)

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Кесте, жол, баған және ұяшық мағыналарын білу. Экспресс-кестелер, конструктор, кестелер стильдері бұйрықтарын білу. Столбец, строка, ячейка, разметка страницы және стили таблицы бұйрықтарының қазақша аудармаларын білу.

Алдыңғы оқу

Алдыңғы өткен тақырыптар бойынша практика жүзінде машықтану. Microsoft Word терезесінің элементтерін пайдалана алу. Windows операцилық жүйесіндегі объектілермен жұмыс жасай алу. Беттердің параметрлерін орната алу. Алдын ала қарау және баспаға жібере алу.

Жоспар

Сабақ кезеңдері





Ресурстар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1-кезең: Қызығушылықты ояту:

- ұйымдастыру

- үй тапсырмасын тексеру;

-қарастырыл ған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

- белсенді әрекетке жұмылдырылады;

- ойлау жұмысына ынталандырылады





  • Сәлемдесу.

Сыныптың сабаққа әзірлігін тексереді. Түгендейді.

  • Түстер бойынша оқушыларды топтарға топтастырады.

(4 оқушыдан) 3 топ

1-топ атауы «Жолдар»

2-топ атауы «Бағандар»

3-топ атауы «Ұяшықтар»

Оқушылардың таңдаған түстеріне байланысты мінез-құлықтарының жақсы қасиеттерін айтып, сабаққа деген, топпен жұмыс істеуге деген ұмтылыстарын, құлшыныстарын арттыру және баулу мақсатында айтып, түсіндіреді.

Топ басшыларына бағалау парақтарын таратып , оның критерийін түсіндіреді.

3 мин.


  • 1-топқа Word терезесі бейнеленген плакатпен жұмыс жасатады. (Терезе элементтерін табу)

2-топқа бұйрықтарды табу тапсырмасын береді.

3-топқа постерде батырмалардың атауларын сәйкестендіру тапсырмасын береді. Timer бағдарламасы мен уақытты бақылайды.

8 мин.


  • Слайдта көрсетілген кроссворд арқылы өтілген сабақты қайталатады және жаңа сабақ тақырыбын ашқызады. Кроссворд шешілген соң сыныпқа тақырыпты оқытып, айтқызады.

2 мин.

Оқушылар таңдаған түстеріне байланысты шағын топтарға бөлінеді. Әр топ төрт-төрттен орындарына отырады. Топтар өздері топ басшы, уақыт бақылаушы, хатшы және бағалаушы рөлдерін бөліп алады. Топ басшылары бағалау парағын алып, өздерінің топтарының мүшелерін белгілеп алады.

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.

Уақыт қадағалаушы өз қызметін атқарады. Хатшы жауаптарды белгілеп жазып отырады.

Топ басшы жауаптарды қорғап, дәлелдейді.

Бағалаушы бағалау парағына баға қояды.

Тапсырманы қорғаған топты бағалау ретінде қалған 2 топ «Бас бармақ» стратегиясы арқылы бағалайды.

Парақтарына смайлик жабыстырады.

2-3 оқушы бағалауларына коментарий береді.


Оқушылар кроссворд шешеді. Әрбір жауаптан кейін класс, жауап берген оқушыға мадақтама ретінде 3 рет шапалақтайды. Кроссворд шешілген соң сынып тақырыпты оқып, дауыстап айтады.

Ноутбук, SinKaz электрондық оқулығынан 7 модульдің 5-6 тақырыптары, 3-тапсырма және

жанбітірім,

презентация көрсетіліміндегі слайдтар, Microsoft Word мәтіндік процессорынытерезесінің плакаты.



2-кезең: Мағынаны ажырату:

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;



  • Слайдтар арқылы, SinKaz электрондық оқулығынан 7 модульдің 5-6 тақырыптарын және жанбітірімін көрсетіп тақырыпты түсіндіреді.

  • SinKaz бағдарламасынан 7 модульдің 3-тапсырмасын орындатады.

Оқулықпен жұмыс істетеді.

10 мин.

Компьютерге отырмас бұрын информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік және өзін-өзі алып жүру ережелерін еске түсіріп айтады.

Слайдтар арқылы, SinKaz электрондық оқулығынан

7 модульдің 5-6 тақырыптарын және жанбітірімін көріп, тақырыпты түсінеді. Қалған уақытта оқулықтан ақпарат алады.



3-кезең:

Практика

  • Оқушыларға тапсырмалар береді. Жұппен жұмыс (сыныпты 2 оқушыдан жұптастырады) «Пилот және Навигатор» стратегиясы арқылы жұмыс жасатады.

Сөздер береді, жұбын табу арқылы компьютерде жұмысты бірігіп орындатады.

КЕС-ТЕ, ҰЯ-ШЫҚ, БА-ҒАН, ЖОЛ-ДАР, ҚҰ-ЖАТ, СЫ-ЗЫҚ

«Мадақтау сэндвичі» стратегиясын пайдаланып

1 бөлік - оқушыларға позитивті коментарий, не ұнады;

2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;

10 мин.


Әр жұп алған білімдерінің көмегімен компьютерде берілген тапсырм аны орындайды.
«Пилот және навигатор» стратегиясы бойынша жұмыс жасаған жұптар бір-біріне смайлик жабыстыру арқылы бағалайды.

«Мадақтау сэндвичі» стратегиясын пайдаланып навигатор рөліндегі оқушы пилот рөліндегі оқушыға коментарий беру арқылы бағалайды және керісінше.

1 бөлік - оқушыларға позитивті коментарий, не ұнады;

2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек, ұсыныс;


4-кезең:

Сергіту сәті

  • Техника қауіпсіздік ережесіне сай көзге жаттығулар жасатады.

  • Жаңа өтілген тақырыпқа байланысты жұмбақтар жасырады.

2 мин.

Оқушылар информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережесіне сай көзге жаттығулар жасайды.

Жұмбақтар шешеді.



Әрбір жауаптан кейін класс, жауап берген оқушыға мадақтама ретінде 3 рет шапалақ қағады.

5-кезең:

Ой-толғаныс:

  • анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

  • синтез, бір-бірімен ой бөліседі




  • сабақ қорытындысы




  • «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясын пайдаланып оқушылардың түсіну дәрежесін бағалайды. Олардың шығармашылық- тарын, сыни ойлауларын, шешендіктерін, өз көзқарас- тарын дәлелдеулерін бақылайды.

Тақырыбы: «Кестелердің біздің өмірімізде қажеттілігі»

7 мин.



  • Постерге салынған ағашқа оқушылардың алдарындағы стикерлеріне аттарын жазғызып, сабақ қандай дәрежеде өткеніне байланысты жабыстыртады не себетке салғыздыртады.

  • Жасыл жапырақ ағашқа ілінеді. Жаңа тақырып- ты меңгердім.

  • Сары жапырақ себетке салынады. Әліде толық түсінбедім. 1мин.

Алты оқушы шығып, «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясы көмегімен тақырыпты талқылайды. Кері байланыс жасайды.

Шыққын оқушыға бағалаушы бағалау парағына смайлик жабыстырады. Топ қошеметтеп 3 рет шапалақ қағады.

Алдарындағы стикерлерді постердегі ағашқа іледі не себетке тастайды.

Келесі оқуға арналған тапсырмалар(үй тапсырмасы)

6 класс информатика оқулығы §22 оқып, мазмұндап келу.

144 беттегі бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

145 бет. «Өзіңді тексер» тест жұмысын орындау. Жұмыс дәптеріне «Демалыс күнгі бір күнім» кестесін сызып, толтырып келу.


Саралау –

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарымда қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Бағалау –Үй тапсырмасын тексеру

Бағалау парақтарын тексеру арқылы сабақ соңында оқушыларды суммативті бағалау. 2 мин.



Топ бағалаушысы, топ басшысымен бірігіп берілген критерий бойынша өз топ мүшелерін бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет