Сабақтың басы
5-7 минут
3-минут
4 -минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Шаттық шеңбері» тренинг
Оқушыларды шеңберге шақыру, амандасу. Оқушылар шеңберге тұрып жағымды тілектер айтады.
Сыныпты шағын топтарға топтастыру
Қолданатын әдіс-тәсіл: «Мозайка» құрастыру арқылы аралас құрылымдалған топтарға топтастырылады.
1-топ: «Жасуша»
2-топ: «Көбею»
3-топ: «Митоз»
4-топ: «Мейоз»
Тапсырма 1.
Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Мейоз үдерісінің фазаларын ата
Хромосомалардың диплоидты жиынтығы деген не?
Хромосомалардың гаплоидты жиынтығы деген не?
Коньюгация деген не?
Хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговер деген не?
Мейоз-1 қандай өзгерістер жүреді?
Мейоз-2 қандай өзгерістер жүреді?
Редукциялық және эквациялық бөлінудің неде деп ойлайсыңдар?
Қолданатын әдіс-тәсіл: Допты лақтыру арқылы «Мен-маған, сен-маған» стратегиясымен мұғалім сұрақты нақты оқушыға бағыттайды, оқушылар алдыңғы білім бойынша жауап береді.
Ұйымдастыру формасы: ұжымдық, жеке
Қалыптастырушы бағалау: «Нысана» әдісі (әр оқушыға «нысана» парағы таратылады, оқушы әр тапсырмада өз деңгейін белгілеп отырады)
|
Қосымша 1, интерактивті тақта, доп, нысана
|
Сабақтың ортасы
(20-25 минут)
3-минут
4-минут
6-минут
12-минут
|
Миға шабуыл
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін бейнеролик «Жасушалық айналым. Митоз. Мейоз.» көрсетіледі.
Сұрақтар қойылады:
- Бейнероликте не туралы көрсетілді?
- Сендер ол туралы не ойлайсыңдар?
- Сабағымыз не жайлы болмақ? (тақырып анықталады)
Тапсырма 2.
Мейоз бен митоз процестерін салыстыру кестесімен танысып, инсерт әдісімен берілген тақырып бойынша бұрыннан білетінімді «+», жаңадан білгенімдерімді «!», түсініксіз жерлерін «?» белгілеңіздер.
|