Материалды түсіндіру
|
Сабаққа әртүрлі табиғат құбылыстарының иллюстрациясын әкелген жөн. Алайда бұл ретте оқушылардың назарын бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлеріне аудару керек. Бейнелеу өнерінің алуан түрін көрсететін (портрет, тұрмыстық, анималистік жанр, натюрморт) графикалық, кескіндеме, сәндік жұмыстар болса тіпті жақсы.
Оқушылар табиғат құбылысын алуан түрлі жанрда бейнелеуге болатынын түсінуі тиіс. Ол жаңбыр не қар жауып тұрғандағы терезе алдындағы натюрморт, қыс мезгіліндегі жануарлар не күзгі жапырақтардың көрінісі, тасқындаған теңіз аясындағы портрет болуы мүмкін. Қысқаша айтқанда, мұғалім оқушылардың қиял ұшқырлығын шыңдай білуі тиіс. Оқушылармен бірге суретшілердің еңбектерін талқылағанда, қандай да бір табиғат құбылысының суретіне ғана емсе, сондай-ақ оның жанры мен түріне, суретші пайдаланған әсерлегіш құралдарға да назар аудару ке-рек.
Шығармашылық жұмыстың алдында мұғалім оқушылармен бірге олардың таңдаған жанрын, материалдары мен әсерлегіш құралдарын талқылайды. Жасаған жұмыстарын тек қызықты болып қана қоймай, қызықты атауға да ие болуы мүмкін екенін айтады. Оқулықтағы балалар салған суреттерге көңіл бөліп, жұмыстың жасалу ретін талдайды.
|
Оқулық. 4-сы- ныпқа арналған СД-диск.
Суретшілердің әр алуан жанрдағы туындылары мен әртүрлі табиғат құбылысының фотосуреттері.
|
Өздік жұмысты орындау
|
Оқушылар №2 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы өз бетінше орындауға кіріседі. Одан соң оқулықтағы материалға сүйеніп, табиғат құбылысының көрінісін өз бетінше салады. Мұғалім көмек көрсетіп, кеңес береді
|
4-сыныпқа арнал- ған CD-диск.
№2 жұмыс дәптері. Әр дәуірдегі және әртүрлі елдегі суретшілердің бейнелеу өнерінің әр алуан жанры мен түрі бойынша табиғат құбылысын салған туындыла- рының репродук- циялары.
Оқушылар материалдарды өздері таңдайды. Олар: ақ қағаз, түрлі түсті қағаз, түрлі түсті қарындаштар, түрлі түсті фломастерлер, акварель, гуашь, қылқалам, қайшы, желім, табиғи және жасанды материалдар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |