Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғаты. Кеңістік перспективалы пейзаж саламыз. Кеңістік перспективасы. Түс қанықтығы. Туған өлке табиғатын бейнелейміз
|
Мектеп№248
|
Күні: .09
|
Мұғалімнің аты-жөні А.Бақбергенов
|
Сынып: 4
|
Қатысқан оқушылар саны
|
Қатыспағандар
|
Оқу мақсаттары
|
Туған жерінің табиғатына сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын ояту. Табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды, әсіресе кеңістік перспективасын түсінуге ықпал ету. Түс қанықтығымен таныса отырып және алған білімдерін жұмыста қолданып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
|
Бағдарламалық міндеті
|
4.1.3.1
4.3.3.1
|
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер
|
Мұғалім үшін: туған жер табиғатына қызығушылық- тарын қалыптастыру. Кеңістік перспективасы құбылысымен, оны графика мен кескіндемеде көрсету тәсілдерімен таныстыру. Түстің тағы бір белгісі – қанықтығымен таныстыру. Туған өлкенің табиғатын бейнелеу барысында алған білімдерін пайдалана білу. Оқушылардың шығармашылық міндеті: кеңістік перспективасын көрсете отырып, еліміздің табиғат көрінісін бейнелеу.
№1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау (3–8-беттер).
|
|