Сабақ ҚЫСҚамерзімді жоспар 1-бөлім. Менің Отаным Қазақстан


Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар



бет8/95
Дата19.02.2023
өлшемі217,13 Kb.
#169299
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   95
Байланысты:
ҚМЖ 4-сын. ТОЛЫҚ

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Ұлы Жібек жолы туралы не білесің?

Жауап. Ұлы Жібек жолы – Азиядан Европаға созылған ежелгі сауда жолы. Саудагерлер осы жол арқылы тауарларын Азиядан Европаға тасыған. Бұл жол қазіргі Қазақстанның аумағын да кесіп өткен.

  1. Еліміздегі қандай сәулет ескерткіштерін білесің? Жауап. Тараз қаласындағы Қарахан кесенесі, Тараз маңындағы Айша бибі мен Бабажа хатун кесенесі, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.

  2. «Туған жер» бағдарламасы туралы не білесің? Айтып бер.

Жауап. «Туған жер» – «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының бір тармағы. Бұл бағдарлама Отансүйгіштікке, туған жерге сүйіспеншілікке, еліңнің тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін бағалай білуге шақырады.

  1. Көлемді панно жасау жолын түсіндіріп бер. Оқулықтағы мәтінге қарап жауап береді.

5. Жасаған бұйымың арқылы қандай идеяны көрсеткің келді?
Әр оқушы өз бетінше жауап береді.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: еліміздің аумағындағы негізгі сәулет ескерткіштері туралы біледі.
Оқулықтағы және мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындай алады.
Оқушылардың көпшілігі: үлгі бойынша бұйым жасап, жұмыстың жасалу ретін айтып бере алады.
Кейбір оқушылар: өз бетінше шығармашылық жұмыс жасап, жасаған жұмысының идеясын айтып бере алады.

Бұрын алған білімдері

Оқушылар «Менің туған өлкем» (2-сынып), «Сәулет өнері» (3-сынып), түстердің қасиеттері, сызықтық перспектива, геометриялық пішіндер туралы білетін- дерін қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет