Оқушылардың міндеті
|
Қазақстанның табиғат нысандарын суреттеп, «кеңістік перспективасы» терминінің мағынасын түсіндіре білу, қанық және қанық емес түстердің айырмашылығын түсіндіру. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
Тірек сөздер: Қазақстанның табиғаты, еліміздің табиғи қорықтары, кеңістік перспективасы, сызықтық перспектива, қанық түстер, қанық емес қою, қанық емес ашық түстер.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
Туған жер деген не?
Жауап. Туған жер – адамның туып-өскен жері.
Ата-анаң, өзің дүниеге келген жер туралы айтып бер.
Жауап. Оқушылар ата-аналарының және өздерінің туған жерлері туралы айтып береді.
Қазақстанның табиғаты бай ма?
Жауап. Иә. Қазақстанда таулар, теңіздер, өзен-көлдер, жазық далалар, шөл дала мен қорықтар бар
|
|
(негізгілерін атайды).
Сызықтық перспективасы туралы не білесіңдер? Айтып беріңдер.
Жауап. Сызықтық перспектива өлшемі бірдей заттардың көрерменнен алыстаған сайын алдыңғы қатардағы заттарға қарағанда кішірек көрінетін құбылыс. Суретші сызықтық перспективасын қолдана отырып, жазық қағаз бетінде кеңістік пен тереңдікті береді.
Қанық түстер дегеніміз не?
Жауап. Қанық түстер ақ және қара түстерінің қоспасынсыз таза түстер.
Қанық емес ашық түстерге қандай түстер жатады? Жауап. Қанық емес ашық түстер ақ түс қосылған түстер.
Қанық емес қою түстерге қандай түстер жатады? Жауап. Қанық емес қою түстер қара түс қосылған түстер.
Кеңістік перспективасы қалай байқалады? Жауап. Біз өзімізден алыстаған заттарды ауа қабаты арқылы көреміз, онда заттардың түсі ағарып, қанық емес ашық түстерге айналады да, суық реңкті болып көрінеді. Бұл құбылыс кеңістік перспективасы деген атауға ие болды.
Сызықтық және кеңістік перспективасы бір-бірімен тығыз байланысты ма?
Жауап. Сызықтық және кеңістік перспективалары тығыз байланысты. Бізге алыстағы заттар кіші әрі қанық емес бояулы боп көрінеді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |