- VI
- Жаңа сабақ түсінгенін тексеру
-
-
- Білімділік: Халқымыздың ауызекі шығарып, ауызекі тарап отыратын асыл мұрасы-халық ауыз әдебиеті және діни наным-сенімдері ,әдет-ғұрыптары жайлы түсінік беру.
- Тәрбиелік:Білімгерлердің ұлттық санасын оятып, халықтық құндылықтарымызды бағалай білуге тәрбиелеу.
- Дамытушылық:Оқушыларды жан –жақты дамып,салыс-тырып,қорытынды жасауға дағдыландыру.
- Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап,
- түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
- «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық», «Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық», «Тамағы тоқтық, жүмысы жоқтық - аздырар адам баласын»
- Қарағайдың түбінен
- Қайырып алған қобызым.
- Үйеңкінің түбінен
- Үйіріп алған қобызым.
- Ақ қайыңның безінен
- Қағып алған қобызым.
- Әзегінен қара емен
- Ойып алған қобызым.
- Қыл құйрығын тұлпардың
- Ішек қылған қобызым.
- Таутекенің мүйізін
- Тиек қылған қобызым
- “Айналасын жер тұтқан, Айды батпас демеңіз. Айнала ішсе таусылмас, Көл суалмас демеңіз”.
- Я болмаса:
- “Құландар ойнар қу тақыр, Қурай бітпес демеңіз. Қурай бітпес құба жон, Құлан жортпас демеңіз”.
- Таза мінсіз асыл тас
- Су түбінде жатады.
- Таза мінсіз асыл сөз,
- Ой түбінде жатады.
- Су түбінде жатқан тас,
- Жел толқытса шығады.
- Ой түбінде жатқан сөз,
- Шер толқытса шығады
- Тәттімбеттің жалпы бізге белгілі 40-тан астам күйі бар:
- “Қосбасар”
- “Сары жайлау”,
- “Сары өзен”,
- “Теріс қақпай”,
- “Сылқылдақ”,
- “Былқылдақ”,
- “Бестөре”,
- “Азамат”,
- “Қара жорға”,
- “Балбырауын”,
- “Жетім қыз”,
- “Сал қоңыр”,
- “Көш жанаған”,
- “Сары қамыс”,
- “Шәйір қалды”
- Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады.
- Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты
- жатса, басқа айтыстардың ішінде қай-
- сысы ерте, қайсысы кеш туды, оны
- айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыс-
- тардың мазмұнына, лексикасына,
- сөйлем құрылыстарына қарап, қай
- заманда пайда болғанын топшылауға
- болады.
Достарыңызбен бөлісу: |