Сабақ жабдығы: интерактивті тақта. Сабақ барысы



бет1/3
Дата08.01.2023
өлшемі21,65 Kb.
#165126
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
14.09.2022 Философия
казакстан тарих (1), Әдебиеттік оқу 2 сынып 2 тоқсан


Тақырыбы: Ортағасырлық философия.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды Ортағасырлық философиямен таныстыру;
2.Білімдерін дамыту, ой өрістерін кеңейту;
3. Ортағасырлық философияға қызығушылықтарың ояту.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақ жабдығы: интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ауызша тапсырмалар.
2.Үйге берілетің сұрақтар.
3. Өздік тапсырма орындау.
4.Қорытынды ой айтқызу.
III. Жаңа материалды оқыту:
Лекция жоспар :

  • 1 Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы

  • 2 Философия ілімінің негізгі үш кезеңі

  • 3 Ортағасырлық мұсылман философиясы.

  • 4 Ғалымдар тарихы.

  • 5 Салыстыру кестесі


IV.Бекіту: 1.Ортақ ой тұжырымдама жасау.
V.Қорытынды: Қорытынды шығару, бағалау.
VI. Үй тапсырмасы:Ортағасыр философ ғалымдарың зерттеу.

Тақырыбы: Ортағасырлық философия.
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы. Ортағасырлық Еуропа философиясы өзінің барақыл-ойын христиан дінінің қатаң қағидаларын негіздеуге салып, дін ілімінің қызметшісінеайналды.
Орта ғасырдағы теологиялық философия деп Европада V-XV ғасырларда таралған философиялық бағытты атаймыз, онда жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін болды. Ортағасырлық батысеуропалық философияның басты мәселелерінің негізі құдай болмысының дәлелі, сенім мен ақылдың ара- қатынасы адам жанының мәңгілігі болды. Антикалық философияға қарағанда орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық болды, яғни әлемді жаратушы ғарыш емес, құдай болды. Ортағасыр философтарының идеялары теологиялық ойға негізделді. Білімділіктің, зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды. Шіркеу-мемлекет ішіндегі мемлекет, яғни көптеген мемлекеттік функцияларды атқарды. Философия теологияға қызмет етті. Онтологиялық мәселе-жаратылу идеясы, креационизм болса, ал гносеологияда христиандық аян идеясы орын тапты. Ортағасырлық батысеуропалық философиясы басты екі негізгі идеяға сүйенді: барлық заттың бастамасы шындық пен туындылық. Ортағасырлық батысеуропалық философиясында үстемдік етуші дүниетаным христиандық болды. Ортағасырлық теологиялық философияның көрнекті өкілдері: Тертуллиан Карфагендік (160-220), Аврелий Августин (354-430), Боэций (480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225- 1274), Ансельм Кснтерберийлік (1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), Уильям Оккам (1285-1349), Николай Отрекурлык (ХІVғ.) Орта ғасырлық батысеуропалық философиясын келесі кезеңдерге бөлуге болады: Патристика (латынша - әке) – ІІ-VІғғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі. Апологетика ( грекше - қорғаймын, ақтаймын ) – ІІ – ІІІ ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім; Классикалық патристика - (ІV-Vғғ.) - тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Христостағы екіұдайлық, яғни құдайлық және адамдық екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәһарлық табиғаты жөніндегі ілім; Соңғы кезең (VІ-V ІІІ ғғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет