Жаңа сабақ:
Балалар, бәріміз тақтаға назар аударайық.Балалар,бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Жалқы және жалпы есім. Бұл зат есім түрлері.
-Балалар,тақтада үш бағанда әртүрлі сөздер жазылып тұр. Қане, оқып шығайық.
Алматы Ақтөс Талғат
Ақтау Ақбауыр Арман
Жайық Құлагер Асыл
-Ендеше, әр топқа өз атауын берейік.
-Жер-Су аттары, жан-жануар атауы, кісі аттары.
Мағынаны таныту.
-Енді зейінімізді салып қарайық.
-Бұл сөздер кімдердің,нелердің атауы?
-Олар қалай жазылып тұр?
-Бас әріппен жазылып тұр.
-Ендеше балалар, ережеге назар аударайық.
Кісінің аты –жөні, жер-су аттары, жан-жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады.
Ережені 2 бала дауыстап оқиды.
Ауызша мысал келтіру.
Жалпы есім.
-Енді балалар,жалпы есімге тоқталайық. Мына сөйлемге назар аударамыз. Қане оқимыз.
Арман-озат оқушы.
-Бұл сөйлемдегі зат есімді атайық
-Арман, оқушы.
-Арман – жалқы есім, себебі ол кісі аты,ал оқушы – жалпы есім.
Ендеше, ережеге назар аударайық.
Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз.
Ережені 1 оқушыға дауыстап оқыту.
Жоғарыда сөйлемде туынды сөз бар ма?
-Оқушы
Туынды сөз дегеніміз не? (Ережесін айтады)
Жалқы есім мен жалпы есімді бекіту.
Ұқсастығы мен айырмашылығын айту.
Ауызша сөйлем құрау.
4. Көркем жазу
- Балалар, дәптерлерімізді ашып, көркем жазу минутына көңіл бөлейік.
Оқушымен жұмыс.
7-жаттығу.
-Балалар, оқулықтағы 7-жаттығуға қараймыз.Тапсырманы оқимыз.
Сөйлемдерді оқы.
Тәтті жемістердің бірі – алма. Қыздардың арасынан Алма суырылып алға шықты.
Ол анасына әдемі, ашық түсті раушангүл сыйлады. Раушангүл – сыныптағы озат оқушылардың бірі.
Сөйлемдегі дыбысталуы бірдей сөздерді тап. Неліктен олардың біреуі бас әріптен, екіншісі кіші әріптен басталып жазылғанын түсіндір.
Жалқы есімдері бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
-Дұрыс балалар,бұл сөздерге қандай сұрақ қойылады
-Кім деген сұрақ қойылады
-Сөйлемнің ортасында, соңында келсе қандай әріппен жазылады.
-Бас әріппен жазылады
-Неліктен?
-Себебі, ол- жалқы есім.
Қорыту
Көркем жазу.1 оқушы тақтаға жазады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
8-жаттығу.
Мақсаты: Сауатты әдемі,көркем жазуға төселдіру. Зат есімдерді тауып астын сызу.
Суретке қара. Қыздарға ат қойып, сурет бойынша сөйлем құрап жаз.
Оқушы тапсырманы орындағанан кейін сөйлем мүшелеріне талдау жүргізеді.
Оқушыларға сөз жазылған парақша таратылады. Берілген сөздерді оқып, тапсырманы орындайды.
Мадақтау.
Жұптық тапсырма.
Сөздің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Әр жұпқа бөлек- бөлек сөздер беріледі.
балықшы бапкер
ауылға татулық
аулаға кітапты
саяхатшы қаламмен
әлемде терезеде
боксшы қағазбен
оқушы білімпаз
Оқушылар тез- тез шығып , жұрнақ пен жалғауды ажыратып,түбірін көрсетеді.
Жұрнақ дегеніміз не?
Жалғау дегеніміз не?
Түбір дегеніміз не?
Ауызша жауап береді
Жеке оқушымен жұмыс. Парақша тарату.
Дайындалып отыру.(Назерке, Ризан, Мирас, Гүлназ).
Жеке оқушымен жұмыс.Тақтаға шығып орындау.
І парақша Назерке: Заттың атын білдіретін сөздерді теріп жаз.
ІІ парақша Ризан: «Қобызшы» сөзінің түбір,қосымшасын белгіле.Тасымал түрін көрсет.
ІІІ парақша Мирас:жалқы есімге мысал келтір.Дыбыстық талдау жасау.
ІV парақша Гүлназ: «Бота» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Мадақтау,бағалау.
Оқулықпен жұмыс. 9- жаттығу.
Көп нүктенің орнына жалқы есімдерді қойып жаз.
Қазақстан қалалары:
Қазақстан көлдері:
Ауыл аттары:
Тақтамен жұмыс
І оқушы. Кісі аттары: ІІ оқушы. Жер – су аттары.
Алтынай Түркістан
Біржан Сырдария
Ақан Ақтау Естай Қарағанды
Мадақтау, бағалау
|