Әскери топография-арнайы әскери пән. Ол жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, бағдарлап білу мен ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағдарлаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.Жергілікті жер әскерлердің ұрыстық әрекетіне елеулі ықпал етеді. Жергіліңті заттар мен жер бедерлерін пайдалана отырып, әскерлер жасырын қозғалысты жүзеге асырады. Жергілікті жерді есте сақтау үшін біріншіден көзге түсерлік ерекше 3,4 бағдарды тандап алу керек. Олардың сыртқы көрінісі мен орналасқан жерін жақсы есте сақтау және оларды белгі ретінде пайдалану керек. Олардың көмегімен орналасқан жерді анықтап тексеруге немесе дұрыс бағыттағы жолды табуға болады. Жергілікті жердегі көкжиек тұстарын компас, аспан денелері және жергілікті нысандардың көмегімен внықтауға болады. Әсірес, көкжиек тұстарын компастың көмегімен анықтау тәсілі кең таралған. Компас-көкжиек тұстарын анықтауға және бағыттардың магнитті азимутын шамалап өлшеуге арналған қарапайым магнитті өлшеіш құрал.Жергілікті жерде бағдарлау және көкжиек тұстарын анықтау үшін адрианов компасы кең қолданылады. Компасты қолданған кезде оны көлденең ұстап, тежегішін босатып, магнитті нұсқаның солтүстік ұшы нолдік санаққа дәл келетіндей етіп бұру керек. Сонд а компас В, Ю, З әріптері сәйкесінше шығыс, оңтүстік және батыс бағыттарды, ал нолдік санақ солтүстік бағытты көрсетеді. Көкжиек тұстарын күнге қарап анықтау анағұрлым оңай, бірақ нәтиже дәл болмауы мүмкін. Күн сағат 7 00де шығыста, сағат 13 00 де оңтүстікте, сағат 19 00 шамасында батыста болады.