17-сабақ Ату дайындығы атуға ыңғайлану жаттығулары.
Оқжатарды оқтау үшін сол қолмен оқжатарды мойын жағын жоғары, ал дөңес жағын солға қарата ұстау керек. Оң қолмен потрондарды оң жағын кіші саусаққа қаратып, оқжатардың бүйір қабырғасының аузындағы еріндік дөестің астына бір-бірлеп салу қажет.
Автоматпен әр-түрлі қалыпта және нысана немесе қарсылас пайда болуы мүмкін. Кез-келген бағытқа қарай атуға болады. Ұрыс жағдайында автоматшы ату орнын бөлімше командирі нұстқауы мен немсе өзі дайындайды. Жергілікті жерге байланысты ату үшін жертаса снаряд түскен шұңқыр арық,тастың, ағаштың тасасы. Ал елді мекендерде үйлердің терезелері, үйдің шатыры секілді жерлер таңдалуы мүмкін. Автоматшы атуға команда бойынша немесе өз еркімен дайындалады. Оқу жаттығу кезінде атуға дайындалуға берілетін команда, АТЫС ШЕБІНЕ ҚАДАМ БАС, ОҚТА. Егер дереу оқ ату керек болмаса автоматты сақатандырғышқа қою керек.
Атуды орындау
*көздеуішті орнату
*ауыстырғышты қажетті ату жиелігіне қою
*иыққа тіреу
*көздеу, шүріппені басу
*автоматты мықтап ұстау
18-сабақ Жарықшақты қол гранатасы
Мақсаты Оқушыларға жарықшақты қол гранаталарын қолданылуы, әскери сипаттамалары және жалпы құрылысы туралы түсіндіру.
Нені білуі тиіс
Жарықшақты қол гранаталарының РГД-5, РГН, Ф-1, РГО қолданылуы, ұрыстық сипаттамалыры және жалпы құрылысы, оларды ұқыпты ұстау және сақтау туралы білуі тиіс.
Нені үйренуі тиіс
Жарықшақты қол гранаталарының түрлерін айыра білуді, қолданылуы, әскери сипаттамалары және жалпы құрылысы, оларды ұқыпты ұстау және сақтауды үйренуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |