s1, s2, …, sn айнымалылар мәндерін тұрған орындары бойынша біріктіреді.
Insert (s1, s2, n)
s1, s2, -string,
n-integer
s1 сөзін s2 сөзіне n –нөмірінен бастап тіркеп жазады.
Pos(s1, s2)
s1, s2- string
s1 кіші сөзі s2 ұзын сөздің ішінде бар ма/жоқ па, соны анықтайды (егер жоқ болса нәтиже 0)
Str(i, s)
s-string,
i-integer,
i санын символ типіне өңдеп, нәтижесін s мәні ретінде жазады.
Val(s, I, code)
s-string,
i-integer, real
code-integer
Сөз ретінде берілген s санын бүтін немесе нақты санға ауыстырып, нәтижені i-дің мәні ретінде жазады. Қате жоқ болса code=0
UpCase(c)
c-char
Кіші латын және орыс әріптерін бас әріпке ауыстырады.
Chr(i)
i-integer
i санына сәйкес символды (әріпті ASC-код) береді.
Ord(s)
s-chr
S cимволының сан түріндегі кодын береді
Жолдық типтегі шамалар үшін қолданылатын стандартты функциялар:
Length (Str) –Str жолындағы символдардың санын есептейді. Нәтиже бүтін типті сандар болады. Мысалы: S:=’Сканер’; D:=length(S); Writeln (D); Экранға шығатын нәтиже: 6
Delete (S,P,N) – S жолының P позициясынан бастап N символдарды жояды. Мысалы: S:=’Етістік’; Delete(S,2,3); Writeln (S); Экранға шығатын нәтиже: Етік
Insert (S1,S2,P) –S1 жолын S2 жолына P позициясынан бастап қояды. Мысалы: S1:=’ма’; S2:=’Форт’; Insert(S1,S2,4); Writeln (S2); Экранға шығатын нәтиже: Формат
Copy (S, P, N) – S жолынан P позициясынан бастап N символды қиып алады. Егер P S жолының ұзындығынан ұзын болса,онда нәтиже бос орын болады. Мысалы: S:=’Программа’; S:=Copy(S,4,5); Writeln (S); Экранға шығатын нәтиже: грамм
Concat (S1,S2,…,SN) –S1, S2, … , SN тізімде көрсетілген рет бойынша тіркеседі. Барлық тіркелген символдардың қосындысы 255 символдан аспауы керек. Мысалы: S1:=’дар’; S2:=’бағ’; S3:=’шам’; s:=Concat(S2,S1,S3); Writeln (S); Экранға шығатын нәтиже: бағдаршам
S:=’Конфигурация’; S:=Copy(S,4,6); Writeln (S);
Экранға «фигура» сөзі шығады. Дәлелдеп компьютерге программасын құрыңыз.