Төмендегі сұрақтарға жауап берейік:
Excel бағдарламасындағы жұмыс парағын компьютерден көрсете отырып, қысқаша таныстырыңдар (Жұмыс парағы деген не? Ол неше жол, неше бағаннан тұрады? Олар қалай таңбаланады? Әрбір парақтың аты қай жерде көрініп тұрады?).
Электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі қалай аталыды? Оның адресі қалай жазылады? Экранда сұралған адрестер (мысалы, C4, В7, G9) бойынша көрсетіңдер.
Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің қандай типтерін енгізе аламыз? Excel-де енгізілген сандық және мәтіндік мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың қай жағына орналасады?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20 минут)
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кесте құру және форматтау
Осы сабақтың негізгі мақсаты:
Электрондық кесте құру және форматтауды сабақ барысында үйрене отырып, меңгерген теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыстар жасауға, тапсырмалар орындауға қолдану.
Excel-де даярланатын құжат Жұмыс кітабы деп аталатынын біз алдынғы сабақтан білеміз. Сол бойынша «260 - топ» деген атпен жұмыс кітабын құрайық. Ол үшін Microsoft Excel 2010 бағдарламасын қоысып, ашылған жұмыс кітабын «260 - топ» деген атпен сақтайық.
Жұмыстық парақтарымен жасалатын әрекеттер:
Жұмыстық парақтың атын өзгерту: 1) Главная → формат → Переименовать лист; 2) жұмыстық бетке сәйкес ярлыктың атына екі рет шертіледі 3) ярлыктың контекстік мәзіріндегі Переименовать командасы орындалады да жаңа ат жазылады.
Жұмыстық парақты жою: 1) Главная→Удалить→Удалить лист; 2) параққа сәйкес ярлык контекстік мәзіріндегі Удалить командалары арқылы жүзеге асырылады.
Парақтың орынын ауыстыру: 1) Главная → формат → Переместить/Скопировать лист; 2) бетке сәйкес ярлык контекстік мәзіріндегі Переместить/Скопировать лист командаларының көмегімен; 3) ең оңай әдісі тінтуірдің сол жақ пернешігін парақ үстіне басып тұрып, жылжыту арқылы жүзеге асырылады.
Парақты көшіру: Парақты көшіруді орындау үшін 1) Главная → формат → Переместить/Скопировать лист терезесіндегі Создать копию бөлімі іске қосулы болу керек, сол арқылы парақтардың алдына не артына көшірілген парақты қоя аламыз; 2) кошірмесін алғалы отырған парақты белсенді етіп, Ctrl пернешігін басып тұрып, тінтуірмен аламыз да, таңдалған орынға қоямыз.
Парақ қосу: 1) жұмыстық бет ярлыгына шертілгенде шығатын контекстік мәзірден Вставка диалогтық терезесінен Лист белгісі таңдалынып, ОК басылады; 2) парақ орналасатын жердегі стандартты белгішенің көмегімен қосылады; 3) shift+f11 пернелер комбинациясымен қосылады.
Өзіміз жұмыс жасап отырған («260 - топ») жұмыс кітабын 2 жұмыс парағын қамтитын етіп алайық. 1-жұмыс парағының атын «керекті құралдар», 2-жұмыс парағының атын «қажетті материалдар» деп жазайық.
Ұяшыққа мәліметтерді толтыру:
MS Excel бағдарламасындағы парақтардағы ұяшықтарға мәліметтерді теру арқылы толтыруға болады. («260 - топ» жұмыс кітабына 3-парақты қосып, «мәтін» деген ат берейік) (1-сурет).
Ұяшықтың көлемін үлкейту және кішірейту бағаналар немесе жолдар арасындағы шекара сызққа тінтуірді апарып, , белгішелер пайда
болғанда оңға, солға, жоғары, төмен жылжытамыз. Ұяшық түсі мен мәтін түсін Word бағдарламасындағыдай өзгерте аламыз.
Ұяшықтарды біріктіру үшін Формат – Ұяшық (Формат – Ячейки) командасын орындап Туралау (Выравнивание) парақшасында Ұяшықтарды біріктіру (Объединение ячеек) жалаушасын орнатыңыз.
Ұяшықтардағы мәтінді қажет бағытта орналастыру үшін Формат – Ұяшықтар (Формат – Ячейки) командасын орындап, Туралау (Выравнивание) парақшасының Бағыт (Ориентация) бөлігінен қажет бағытты таңдаңыз.
Мәтінді форматтау үшін Формат – Ұяшықтар – Қаріп (Формат – Ячейки –Шрифт) командасын, ал ұяшық жақтауларын сызу үшін Формат – Ұяшықтар – Шекара (Формат – Ячейки – Граница) командаларын пайдаланыңыз.
| A |
B
|
C
| D |
E
| 1 | Excel-дегі |
Мәтін
|
м
ә
т
і
н
| Мәтін |
мӘтін
|
2
|
мәтінді
|
3
|
туралау
|
1-сурет. A1:E3 ұялар диопозонындағы ұяшықтарға мәтін енгізу
Автоматты түрде толтыруға да болады. Ұяшықтарды автоматты түрде толтыру үшін («260 - топ» жұмыс кітабына 4-парақты қосып, «автотолтыру» деген ат берейік):
Қатар орналасқан екі ұяшыққа прогрессияның алғашқы екі мүшесі жазылады;
Мәлімет жазылған диапазон немесе екі ұяшық белгіленеді;
Тышқан көрсеткішін белгіленген диапазон облысының оң жақ теменгі бұрышына апарсаңыз көрсеткіш қара түсті «қосу белгісіне» (+) өзгереді, бұл белгіні толтыру маркері деп атайды. Әрі қарай толтыру маркерін тышқанның батырмасын басып отырып қажет ұяшыққа дейін соза бересіз (2-сурет).
2-сурет. Автоматты түрде толтыруды көрсететін кесте диопозоны
Ұяшықтың немесе диопозонның жақтауларын сызу үшін:
Аспаптар тақтасындағы Шекара (Границы) батырмасын пайдаланыңыз;
3-суреттегідей ұяшықтарды форматтау диологтық терезесін пайдаланамыз.
3-сурет. Ұяшықтардың шекарасын сызу терезесі
Excel-де дайындалған парағымыз қандай болғанын көру үшін:
4-суреттегідей парақтың параметрлерін көрсететін диологтық терезені пайдаланамыз;
4-сурет. Парақтың параметрлерін көрсететін диологтық терезе
Жұмыс кітабының оң жақ астыңғы бұрышындағы Разметка страницы бөлімін пайдалану арқылы (5-сурет).
5-сурет. Разметка страницы арқылы парақты көру
IV. Жаңа тақырыпты бекіту (10 минут)
Бекіту тапсырмалары:
№1-тапсырма. Суретте көрсетілгендей жұмыс кітабын және жұмыс парағын дайындайық:
Нұсқау: Тапсырмада ұяшықтарды біріктіру, ұяшықтарға мәтін және сандар енгізілген. Жұмыс кітабына және жұмыс парағына ат берілген. Соңында парақты қарап шығу барысы көрсетілген. Осы амалдарды толық орындап көрсетейік.
№2-тапсырма. «SIN_kaz» электрондық оқулығынан 8-модуль «MS Excel бағдарламасында жұмыс істеу. Электронды кестелерді әзірлеу» бойынша тапсырмаларын орындау.
V. Сабақты қорытындылау (2 минут)
Электрондық кесте құру және форматтау туралы игерген білімдеріңді пайдалана отырып, орындаған өздік жұмыстарыңды аяқтап, көрсету. Сол арқылы:
Жеткен жетістіктерді айту
Жіберген кемшіліктерді көрсету
Дұрыс орындалуын көрсету
Жұмыс орнын жинау
Үй тапсырмасы: Берілген үлгі бойынша кесте дайындау
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |