Сабақ жоспар Күні: 30. 01. 2017ж Пәні: қазақ тілі



Дата05.06.2017
өлшемі61 Kb.
#17970
Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Күні:

30.01.2017ж



Пәні:

қазақ тілі



Сыныбы:

9 «А»


Мұғалім:

Ш. Кенже


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ж. Байтелиева

Сабақтың тақырыбы:

Сөйлем соңында келетін тыныс белгілер

Сабақтың мақсаты:

- Әр түрлі мәтіндегі негізгі ойды басқа пікірлермен байланыстырады, өз қөзқарасымен дәлелдейді.

- Үтірдің қойылатын орындары мен атқаратын қызметін білетін болады, топпен жұмыс істей отырып, тақырыпты терең меңгереді.

- Таныс тақырыптағы әңгімеге немесе пікірталасқа дайындықсыз қатыса алады, өз пікіріне талдау жасай отырып, ойын анық, еркін, дұрыс жеткізеді.


Жетістік критерийі:


- Мәтінді талқылауда өз ойын еркін жеткізеді; өзіне таныс кез келген тақырыпта сөйлеп, басқалармен қарым-қатынасқа түсе алады.

-Мәтіндерді салыстырып, талдау жасай отырып,ақпарат көздерінен алынған мәтіндердің әдеби тіл нормасын анықтай алады;

- Айтылған ой бойынша берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді


Тілдік мақсаттар:

Оқушының жеке сөздік қоры жаңа ұғымдармен толығады, сөйлеу дағдыларының дамуына мүмкіндіктер беріледі.

Алдыңғы оқу

Пунктуацияның тіл мәдениетіне қатысы

Сабақтың барысы

Басы


5 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу, түгелдеу

Б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

В) психологиялық ахуал туғызу

Топқа бөлу

Топ ережесін сақтау

Топ басшысын сайлау

Бағалау бетшелерін тарату 




5 мин

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1-топ Глоссарий

2-топ Пунктуация дегеніміз не?

3-топ Тыныс белгісінің қызметі неше принципке негізделеді?


Ортасы

8 мин


5 мин

2 мин

10 мин

Соңы
5мин


Жаңа сабақ


ІІ. Мағынаны тану. 

Ой толғаныс. 

Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны
1. Сөйлемаяқталған ….… (ойдыбілдіреді).
2. Сөйлемсөзден ………… (құралады).
3. Сөйлемдегісөздер .… (бөлекжазылады).
4. Сөйлемніңбірінші …… (сөзі бас әріптенбасталыпжазылады).
5. Сөйлемніңсоңына ……(нүктеқойылады).
6. Хабарлысөйлемненкейін ……… (нүктеқойылады).
7. Сұраулысөйлемненкейін ……… (сұрақбелгісіқойылады).
Дәптерімізге бүгінгі күнді , тақырыпты жазамыз

Сөйлем соңында келетін тыныс белгілер


(.) нүкте Аман үйге келді.

(?) сұрақ белгісі Айтарың осы ма?

(!) леп белгісі Балаларым, рахмет сендерге!

(...) көп нүкте Дауыстар естілгендей болды...

Оқулықпен жұмыс

130-жаттығу

1-топ Сұраулы сөйлемдерді теріп жаз

2-топ Лепті сөйлемдерді тап

3-топ Хабарлы сөйлемдерді жаз
130-жаттығу Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойыңдар.

Сергіту сәті Мен...



    • Мен бұл өмірдің ең тамаша кереметтеріне лайықпын және оны

    • қуанышпен қарсы аламын!

    • Мен не қалаймын, соның барлығына қол жеткіземін!

    • Мен өзімнің ғажайыптарымды осы қазір жасаймын!

    • Өмірдің барлық жақсылықтары мен үшін!

    • Мен күннен- күнге күшті болып келемін!

    • Менің оқуым күннен- күнге жақсарып келеді!

    • Меніңбарлықармандарыморындалады!

    • Менібәріжақсыкөреді!

    • Мен бәріндұрысжасайтынымасенімдімін!

Топтық жұмыс

1-топ. Тыныс белгісін қою. Құрылысына қарай қандай сөйлем.

Жүгіріп басып Күләнда келеді Артынан дауыс шықты Бұрылып қарады аспанда алақандай бұлт жоқ Қазір тал түс жер беті аппақ Жалма-жан тұра сала далаға шықсам, түс болып, күн ыси бастаған екен.
2-топ Тыныс белгісін қою.

Маңайда егіннен ине шаршар жер жоқ екен-ау

-Ақырмаңыз Тоқтатыңыз қазір мынау бассыздықты

-Сендер үйге бара беріңдер Ол да үйге тез келсін


3-топ

  1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
    А) 2 ә) 3 б) 4
    2. Сұрауға жауап болып келетін сөйлемнің түрі
    А) сұраулы ә) хабарлы б) лепті
    3. Лепті сөйлем дегеніміз не?
    А) білі және жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем
    Ә) адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлем
    Б) Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем
    4. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі
    А) лепті ә) хабарлы б) сұраулы
    5. Өлең мазмұнына қарай жұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап:
    Қуану, ренжу, өкіну Ұранды да айтамын
    Мақсатым соны сездіру Қарқындап барып қайтамын
    А) нүкте ә) сұрау б) леп
    6. Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле
    А) көтерді ә) неге б) айтпа

«Ой жүгірту» Сабақты бекіту

«Иә» және «Жоқ» стратегиясы

1. Сөйлем соңына тек нүкте ғана қойылады.


Иә. (Жоқ.)
2. Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден соң қойылады.
(Иә.) Жоқ.
3. Тынысбелгілерітуралыережелержинағы пунктуация депаталады.
(Иә.) Жоқ.
4. Ойаяқталмағанданүктеқойылады.
Иә. (Жоқ.)
5. Бата, тілекмәндісөйлемдерденсоңлепбелгісіқойылады.
(Иә.) Жоқ.
6.– Өркеніңөссін, азамат!
– Көпжаса, қарағым! дегенсөйлемдерденсоңсұраубелгісіқойылады.
Иә. (Жоқ.)
7. Өкініш, ренішмағынасынбілдіретінсөйлемдерденсоңлепбелгісіқойылады.
(Иә.) Жоқ.
8. Паһ, шіркін, өңерінеболайын – дегенсөйлемсүйсінумағынасынкөрсетіптұр.
(Иә.) Жоқ.
9. Күныстық па? – дегенсөйлемхабарлаумағынасынбілдіріптұр.
Иә. (Жоқ.)
10. Аяқталмағансөйлемніңсоңынакөпнүктеқойылады.
(Иә.) Жоқ

Бағалау 2мин

Бағдаршам әдісімен бағалаймын

Үйге тапсырма: 2 мин

133-жаттығу


Кері байланыс 1 мин

«Сабақтағы өз әрекетіңді бағала»

Рефлексия

Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?


Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Егер осы сабақты қайталап өткізсем нені өзгертер едім?


Шынайы сабақ үстінде барлық жұмыстар жүргізілді.


Оқушылар үтірдің қойылу орындарын меңгерді.
Оқыту ортасында топтық түсіндіру жұмыстары мен оқулықпен жұмыс жүргізілді.

Оқулықпен жұмыс барысында уақыт созылып, ұтылған жеріміз болды.


Сабақ жоспарын оқушылардың сөйлеу дағдысы жақсатсын деген мақсатпен глоссарий пайдаландым

.

Оқулықпен жұмыс барысында жаттығуды жаздырып, тапсырмасын ауызша орындатар едім.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет