Берілген суреттердің ішінен артығын алып тастайды.
Жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Сабақтың мақсаты айтылады.
АКТ 2-слайд
АКТ
3-слайд
Сұрақтар
АКТ
4-слайд
Сабақтың ортасы 30 минут
Жаңа тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсетіледі. Бейнежазба бойынша сұрақтар беріледі:
1. Адамдар мұнайды қашаннан пайдалана бастаған?
2. Ежелде адамдар мұнайды қандай мақсаттарда пайдаланған?
3. Мұнай ошақтарын зерттеуге алғашқы ұсыныстар қай жылдары түсе бастады?
4. Атырау облысындағы «Достық» кентінде «Қара алтын»ның жаңа көзі қай жылы табылды?
5. Не үшін мұнайды «Қара алтын» деп атайды?