Сабақ жоспары / Жалпы мақсаты



бет2/2
Дата17.02.2017
өлшемі199,74 Kb.
#9449
1   2

Коучинг мақсаты: оқыту мен оқу үдерісіндегі орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды талдау, тиімді жолдарын айқындау.
Күтілетін нәтиже: мұғалімдер жоспарлаудың тиімді жолдарын нақтылайды, пәндердің ерекшеліктерін ескере отырып,ОМЖ мен ҚМЖ- 
лардың үлгілерін жасайды.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: миға шабуыл « екі жұлдыз, бір тілек»,

р/с Коучинг кезеңдері Берілген уақыт Жұмыс кезеңдері Тәлімгердің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
1 Кіріспе 10 минут 1.Топқа бөлу

2. Миға шабуыл
3.Қорытынды. 1.Жапырақ түстері арқылы топтарға 
бөлу.
2.Орта мерзімді жоспарға қандай 
талаптар қойылады?
3.Қысқа мерзімді жоспарды жасағанда 
әдіс-тәсілдерді қалай таңдаймыз? 1.4-6 адамнан шағын 
топтарға бөліну. 
2. ОМЖ, ҚМЖ-ға қойылатын талаптар туралы өз ойларын айтады

2 Таныстырылым 20 минут 1.Таныстырылым. 1.Оқу мен оқытуды жоспарлау.
2.Кері байланыс алу. 1.Сабақты жоспарлау 
маңызын түсінеді.
2.Өз түсініктерін 
нақтылап жеткізеді.
3 Негізгі бөлім

1.Сергіту сәті

3.Топтарды бағалау 1.Қаламсап арқылы іс-қимылдар жасау.
2.ОМЖ,ҚМЖ-лардың үлгілерін жасайды.
2. « Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау. 1.Қызықты қимылдар орындайды
2.Постер қорғау.3.Топтар өзара бағалайды.
4 Қорытынды

Рефлексия.

3.Тақырыбы: Жаңа білімге жаңаша көзқарас/ тренинг/
Мақсаты:
Әріптестерге бағдарлама бойынша теориялық мағлұмат беру, кеңесу, әріптестердің жаңа әдіс - тәсілдерге көзқарастарын көру.
Деңгейлік курс бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, мастер - кластар жүргізу.

Мұғалім іс – әрекеті:
І. Кіріспе немесе жұмысқа бейімдеу, танысу бөлімі:
1. Кіріспе сөз. Тақырыппен таныстыру
2. «Мұғалім не үшін өзгеру керек?» – ой салу, әріптестердің жауабын күту.
3. «Мұғалімдер неліктен өзгеру керек» үлестірме қағаз тарату
4. «Әлем өзгереді - біз де өзгереміз» бейнематериал көрсету


5. ІІ. Теориялық бөлім:
бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру.
6. ІІІ. Практикалық бөлім:
Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру.
7. Топ ережесін айқындау
8. Топтың атына сәйкес ұранын анықтау.
9. Мағынаны ашу, сыни көзқарас қалыптастыру «Мінсіз...» (мінсіз оқушы, ата - ана, мұғалім және мінсіз мектеп бейнесін көрсету»
10. Қорытындылау: Сухомлинский сөзі: “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым – шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”
11. ІҮ. Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға беру
12. Қосымша материалдар

Шеберлік сынып тақырыбы: «Жаңа білімге жаңаша көзқарас»
І. Кіріспе немесе жұмысқа бейімдеу, танысу бөлімі:
- сәлемдесу
Құрметті әріптестер! Сіздерді алда келе жатқан айтулы мерекелермен құттықтаймын! Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын. - танысу
Барлықтарыңызды ортаға шақырамын, дөңгеленіп тұрамыз. Әр мұғалім өз атын айтады, атының бас әріпіне байланысты сөз тіркесін айтады, қалғандары өз алдындағы адам туралы ақпаратты қайталап, өзі туралы ақпарат береді.
Мысалы: Менің атым – Күлімжан. Мен кереметтің кереметін ұнатамын.

ІІ. Теориялық бөлім:
«Мұғалім не үшін өзгеру керек?» – ой салу, әріптестердің жауабын күту./2 - слайд/
«Мұғалімдер неліктен өзгеру керек» үлестірме қағаз тарату/3 - слайд/
«Әлем өзгереді - біз де өзгереміз»/4 - слайд/

Қaй елді, қай кезеңді алып қaрамасақ та бірінші орында білім бeру тұрaды. Сeбебі, халықтың білімділігі сол eлдің даму деңгейінің шынaйы көрсеткіші болып табылады. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлeмдік білім беру жүйесіне де елеулі өзгерістер енгізуде. Әлемдік білім берy жүйесі өмір ағымы мен бүгінгі таң сұранысына байланысты күн сaнaп өзгеруде. Ал біздің жaс мeмлекетіміздің білім бeру жүйeсі де өзгeріс мен жаңалықтарды талaп eтуде. Негe десеңіз, біздің оқушылaрымыз басқа елдің оқушыларымен салыстырғанда білімі жағынан еш кeнжелігі жoқ. Бірақ, сол білімді қолдану аясына келетін болсақ, оқушылар алған білімдерінің іске асуын, өмірде қaжеттілікке жұмсалатын сәттерін анықтай алмай, ауыр жүкті босқа арқaлауда. Мектепте алған білімдерінің елеулі бөлігінің өмірде қажеті шамалы. Бұл олқылықтaрды жою үшін оқушылар алғaн білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оны тиімді және орынды жерде қолдана білуге үйрeтуге біз мұғалімдер қауымы басты назар аударуымыз керек. Осыған бaйланысты оқушының жеке даралығын да естен шығармау керек.

Әлем елдерінің білім беру жүйесін талдай келе көп мәселелер анық болды. Білім беру жүйесін реформалау бүгінгі күні қалыпты және қажетті өзгеріс. Ғылым мен техниканың дамуы, бүгінгі күнгі өскелең ұрпақтың сұранысы ағымнан кеш қалмау мақсатын көздейді. Ендеше Қазақстанның білім беру жүйесі өзгеріссіз қалмауы тиіс деп ойлаймын. Сондықтан болар, әлемдегі қарқынды өзгерістер, мектепті де, мұғалімдер мен оқушыларды да жаңалыққа тартады. Бүгінгі мұғалімнің мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Осы басты мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан білім беру жүйесіне де өзгеріс енгізілу үстінде.

Сингапур, Жапон, Финлиядия елдерінің білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында жүргізілген реформаларын зерттей келе біздің елімізде де білім жүйесі әлем елдерінің озық білім беру тәжірибесін өзіне оңтайлы үлгі ретінде алып елеулі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Біздің орта мектепте білім алуда жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, бірақ білім қорытындысында өз мүмкіндіктерін көрсете алмай жататыны белгілі. Сонымен қатар, алған білімдері шешімдер мен іс - әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмейді. ОЖСБ, әсіресе ҰБТ - да өз білімдерін дәлелдей алмай жататындары да көп. Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің нәтижесі біздің еліміз бойынша төмен нәтижелер көрсетіп тұр. Әлемдегі өзгерістерге сәйкес құндылықтар мен білім маңызын қайта қарауды қажет етті. Осы мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің жұмыс жүйесіне өзгерістер енгізу керектігі туындап отыр.

4.Тәуелсіз елдің-ұланымын!



Жетем десең мұратқа,

Байрағыңды құлатпа!

Кір келтірме ешқашан,

«Қазақ» деген ұлы атқа!

Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын.!


Ой - хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»- деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет - қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді.
Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз.. 
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!
Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергімкеледі.!
Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты!

Арыстандай айбатты,


Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М. Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін.

Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын.   Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 25 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,  қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.

Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жатқан жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.

5.Тақырыбы: Рәміздерім – мақтанышым.


Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімзге адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы жазылған плакат, шарлар.
Барысы:
I. Кіріспе сөз.
Құрметті ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Біздің мектебімізде патриоттық айлық өтуде. Бұл өтіп жатқан айлықтың мақсаты – Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Әр адам өз елінің қасиетті белгілерін құрметтеуге, тарихын білуге тиіс.
II. Қазақстан Республикасының Гимнін орындау.
Барша халық таныған,
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда Әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
Жеңіс туын көтерген,
Жарыстарда сан қилы.
Жетіп бізге шет елден,
Көкке Әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні,
Жігер беріп қайратты
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
III. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, мемлекеттік Әнұранын қастерлеуге міндетті.
«Тәуелсіздік» деген құрметті ұғым. Осы қасиетті ұғымды мемлекеттік рәміздер тілімен сөйлетер болсақ, ол сөз елдің өзіндік өмір салтын, арманын, ерекшелігін білдіреді. Қазақ халқы тәуелсіздікке оңай жеткен жоқ. Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республикасы атанғанына 20 жыл болады, ал 1986 жылғы 16 желтоқсанда қазақ жастары тоталитарлық режимге қарсылық көрсетті. Осы оқиғадан бері 24 жыл өтті. Осы оқиға жүрегімізде қалды.
: Он екіде бір гүл ашылмай, қыршын кеткен Асанова Ләззәттің, Сыпатаев Ерболдың, Мұхаметжанова Сабираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары бұл күнде жүзеге асты. Қазақ өзінің тәуелсіздігін алды. Сол күні дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерліктеріне тағзым етейік.
1 минут тұрып үнсіздік жариялау.

Тәуелсіздік - достығымыз,


Тәуелсіздік ел бірлігі,
Тәуелсіздік – ертеңіміз,
Ұрпақтар жалғасатын,
Тәуелсіздік – ата жолы,
Болашаққа нық басқан.
Ән: «Елім менің».
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемелекеттік рәміздерді қабылдады. Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұран.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жаңдарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элемент – шаңырақ. Шаңырақ – отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Түндік көк аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді. Уықтар - әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны – күн сәулесін еске салады.
Пырақ – тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты – біздің ортақ үйімізді сақтайды. Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі.
Бейнелеп сан ғасырды,
Елтаңбасы елімнің.
Таратады хас үлгі,
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жартты,
Құлынында танып – ақ.
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді Елтаңба,
Ақ Орданың төрінде.
: Жалау – Ту. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков. Тудың көгілдір бір түстілгі бұлтсыз аспан күмбезін еске түсіреді және Қазақстан халқын бір жолды ұстауға, бірлестікке шақырады. Ашық көк аспан бейбітшіліктің, аманшылық, тыныштықтың белгісі. Күн – байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Сары түс – Алтынның түсі, байлықты білдіреді. Өрнек – ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші. Ал қыран – қырағылықты, қайырымдылықты, ой биігін көрсетеді.
Ән: «Елтаңбасы елімнің»

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,


Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді,
Ту болмады дегенге ?
Батырлыққа уызынан жарылған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар,
Болмаған деп, - Әұран
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ең – таңба?!
:
Желбірейді шалықтап,
Қазақстан Жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Көк асапанда нұрлы Күн,
Күлімдейді далама.
Бақыт тілеп тұр бүгін,
Ол барлық пәк балаға.

Ұлттық өрнек мұрамыз,


Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз,
Жалауды біз құлатпай.
Ән: «Қазақстан жалауы»

Әркім тілін сүйеді,


Қадірлейміз мұны біз.
Қазақ тілі киелі –
Мемлекеттік тіліміз
Қазына бар бұл тілде,
Анам айтқан жыр - әнін.
Жоғалуы мүмкін бе,
Өлмейтұғын мұраның?!
Өлмейді еш уақытта,
Ата – баба аңсары.
Қазақ тілі бақытқа
Жеткізеді баршаны.

: Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың тұсаукесері болып өтті. 1998 жылы 6 мамыр күні Президет Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды.


Астана – елімнің бас қаласы!
Астана - ән қала,
Астана – сән қала!
Еліммен егеменді өркендей бер,
Ақ қала, Арман қала, Астана!
Ән: «Атамекен»
Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Осымен 2 «А» сынып оқушыларының дайындаған «Рәміздерім – мақтанышым» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз. Отанымыз гүлдене берсін, Қазақстанымыз туымыздағы қырандай самғай берсін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет