Сабақ жоспары № Пән: Қазақ тілі және әдебиеті Тақырыбы: Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау



Дата22.08.2017
өлшемі51,56 Kb.
#24170
түріСабақ
«Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжі» Мекемесі

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Тақырыбы: Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау

Қаржы саласының ардагерлері



Сабақтың түрі: тажірибелік сабақ
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік мақсаты: Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау

туралы мілімет.



2.Дамытушылық мақсаты: Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау

бойынша жұмыс және үлестірме мәліметтері бойыша жұмыс арқылы ой –өрістерін дамыту.



3.Тәрбиелік мақсаты: мамандық бойынша жұмыс жасай отырып жауапкершілікке, өз қызметін адал атқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың жабдықтары

Көрнекілік құралдар :

Үлестірме құралдар : мәтіндер мен мақал-мәтелдер
ТҚО
Пайдаланылған әдебиеттер:

Кезеңдері

Уақыт

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

1-2 мин

2.Тіл дамыту

3-5 мин

3.Үй тапсырмасын тексеру

10-15

4.Жаңа сабақ

40мин

5.Сабақты қорыту

1мин

5.Сабақты бекіту

11мин

6.Оқушыларды бағалау

3 мин

7.Үй тапсырмасы

3мин



Оқытушы әрекеті

Оқушы әрекеті

I Ұйымдастыру кезеңі

а\ оқушылармен амандасу

ә\ топты түгендеу

Оқытушымен амандасады

Кезекші топ туралы мәлімет береді


II Тіл дамыту

  • Колледжде қандай мамандықтар даярланады?

  • Неліктен қаржы мамандығын таңдадыңыз?

  • Мамандық несімен сізге ұнайды?

  • Қандай салады қызмет істейсіздер?

Үй жұмысын айтады



III Жаңа сабақ

Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау

Материалдардың талдау есебі ақшалай және заттай өлшегіштермен жүргізіледі.Материалдар шотының талдау шоттарының сызбаларында саны, бағасы және сомасы үшін жеке арнайы бағалар берілген. Жазбалар сызбасында қысқартулар: айналым "айн" әріптерімен, ал қалдықтар "Бқ" және "Сқ" әріптерімен берілген.

Жоғарыда қарастырылған мысалдардан көргеніміздей, талдау есебінде көрсетілген әрбір әрекет қатар түрде және бір мезгілде жинақталады. Шоттары бойынша - жалпы сомамен, ал талдау шоттары бойынша - жеке сомалармен жазылады.

Осыған орай талдау және оларды біріктіруші жинақтау шоттарының арасында төмендегідей көрсетілетін белгілі бір өзара байланыстылық бар екендігін айтамыз:

1. Жинақтау және олармен біріктірілетін талдау шоттарында әрбір әрекетті жазу олардың бір ғана жағында (дебетте немесе кредитте) жүргізіледі;

2. Жинақтау шотына әрекет жалпы сомасымен, ал талдау шоттарына жиынтығы жалпы соманы беретін жеке шоттармен жазылады;

3. Жинақтау шоты дебетінің айналымы оның талдау шоттарының дебеттік айналымдарының жалпы сомасына тең болады. Дәл осылайша талдау шоттарының дебетінің айналымдары оның жинақтау шотының дебеттік айналымының жалпы сомасына тең болады.

4. Жинақтау шотының қалдығы оның талдау шоттарының барлық жалпы қалдықтарына тең болады.

Осыдан мынадай ереже шығады: Талдау шоттарына әрекеттерді жазуды былай жүргізу керек:

1) оларды біріктіретін жинақтаушы шоттардың қай жағына (дебетке жөне кредитке) жазылса, талдау шоттардың сол жағына жазылады;

2) әрбір талдау шотына жеке сома, қорытынды сомасы жинақтау шотына жазылады.

Мәліметті оқушыларға оқыту

Сөздік жұмысын жасату/Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді аудару/

Мәтінді орыс тіліне аударту.

Мәліметті дәптерлеріне жаздырту

Грамматикалық тақырып:

Сөздерді жекеше,көпше жіктеу

Қызметкер,делдал,тұтынушы, іскер



Мәтіндегі қарамен жазылған сөздермен сөйлемдер құрастыру.

Мәтінмен жұмыс

Жаңа мәліметті тыңдап, жазып алады.


IV Сабақты бекіту

  • Материалдық талдау қалай жүргізіледі?

  • Жазбалар сызбасында қандай қысқартулар берілген ?

  • Талдау шоттарында әрекеттер қалай жүргізіледі?

Сұрақтарға жауап береді.

V. Сабақты қорыту

«Автор орындығы» Сабақ барысы бойынша сөйлеу





VI. Үй тапсырмасы

1. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау



Үй тапсырмасын жазып алады

VII Оқушыларды бағалау





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет