Сабақ жоспары № Пәні: Дүние жүзі тарихы Күні Тобы Курс


Постановка темы и цели урока



бет6/7
Дата21.07.2017
өлшемі1,16 Mb.
#21859
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

2.Постановка темы и цели урока.

3.Изложение нового материала.

План изложения темы

1. Культура и общество.

2. Методологические основания социологии культуры.

3.Подходы культуры.



Закрепление нового материала.

1. Что можно рассказать о культуре?

2. Какие основания у социологии культуры ?

3. Какая связь нравственность- культура- общество?



Задание на дом: работа с конспектом, работа слитературой.

Преподаватель : М. Кузембаева.

«Утверждаю»

ППЦК «общеобразовательных дисциплин»

--------С.Т.Темирханова.

«--- « -----2014г.

ПЛАН УРОКА №

По предмету Обществознание.

Дата ------------- Группа ------------ Курс------------

Тема урока : Бытие человека как проблема философии.

Вид урока : теоретический тип урока: изложение нового материала

Цель урока:

1.Образовательная: дать новые знания, проявить интерес к предмету.

2.Воспитательная: формирования мировозрения и нравственно эстетической культуры, интереса к учению развитие мыслительных способностей и памяти усидчивости и настойчивости в овладений.

3.Развивающая : развитие мыслительных способностей и памяти усидчивости и настойчивости в овладений знаниями.

Методы обучения : пояснения, лекция, беседа, вопрос –ответ.

Наглядные пособия : раздаточные материалы, рабочая тетрадь.

Содержание и ход урока:

1.Организационный момент: Психологически настроить учащихся на урок,возбудить в них внимание и активность, проверка явки учащихся на урок и их готовность к уроку.Уделить внимание к чистоте кабинета.

2.Постановка темы и цели урока.

3.Изложение нового материала.

План изложения темы

1.Бытие –это категория философии..

2.История развития бытия.

3.Проблемы в бытие..



Закрепление нового материала.

1. Что можно рассказать о бытие?

2. Какие основания у философии ?

3. Какая связь между бытием и общества?



Задание на дом: работа с конспектом, работа слитературой.

Преподаватель : М. Кузембаева.

----С.Т.Темирха АҚШ тарихындағы ең атақты президент және осы лауазымға қатарынан төрт рет сайланған көрнекті мемлекет қайраткері Франклин Делано Рузвельт 1882 жылы

----С.Т.Темирха АҚШ тарихындағы ең атақты президент және осы лауазымға қатарынан төрт рет сайланған көрнекті мемлекет қайраткері Франклин Делано Рузвельт 1882 жылы 30 қаңтарда АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Гудзон өзенінің жағасындағы Хайд-Паркте дүниеге келді. Балалық кезінде Франклиннің достары болмады, оның орнын Рузвельттер әулетінің көптеген тұқымдары толтырды. Бірақ олармен достар ретінде тіл табысу қиынға соқты. Франклиннің жеке күтушісі және үйде оқытатын мұғалімдері болды. Әке-шешесі де оған жақсы білім мен тәрбие берді. Франклинге Еуропада кең тараған неміс және француз тілдерін үйретті. Рузвельттер отбасындағы бай кітапхана да Франклиннің жас кезінен бастап-ақ кітап оқуға құмарлығын оятты. Марк Твен, Редьерд Киплингтердің шығармаларымен қатар жас Франклин Альфред Тайер Мэхеннің де кітаптарын қызыға оқыды.


1896 жылы Франклин Гротондағы жергілікті элитаның балалары оқитын Эндикотта Пибоди мектебіне барады. Одан кейін атақты Гарвард университетіне оқуға түседі. Бұл жерде ол көптеген достар табады, әртүрлі студенттік клубтарға мүше болады, университет газетімен де байланыс жасайды. 1904 жылы Колумбия университетінің заң факультетінде оқуын одан әрі жалғастырады. Бірақ АҚШ-тың болашақ президенті бірнеше емтиханды тапсыра алмай, бакалавр дәрежесіне ие бола алмайды. Дегенмен де Франклин 1907 жылы адвокаттар коллегиясына қабылданып Нью-Йорктегі сол кездегі атағы шығып тұрған «Картер, Ледиярд энд Милберн» фирмасына жұмысқа орналасады. Таусылмайтын машақаты бар адвокаттық қызмет Франклинді қызықтыра қоймайды, ол үлкен саясатқа араласудың жолдарын іздейді.
Франклин Рузвельт 1905 жылы Элеонора Рузвельтке үйленеді. Элеонора Франклинге бесінші атадан қосылатын туысы және 1901 жылы АҚШ-тың жиырма алтыншы президенті болып сайланған Теодор Рузвельттің жақын қарындасы болатын. Элеонораның бай жасауы мен сол кездегі ел президентіне күйеу бала болуы да оның қызметтік өрлеуіне септігін тигізеді. Бірақ ол биік мансапқа туыстық жолмен емес, өзінің еңбексүйгіштегімен, батыл ерік-жігерімен, алдына қойған мақсатына ұмтылумен және табандылығымен жетуді алдыңғы орынға қойды.
1921 жылы тамыз айында Франклиннің одан кейінгі тағдырына ықпал еткен трагедиялық оқиға орын алады. Суық суға құлаған Франклинге полиомелит ауруы жабысады, екі аяғы сал болып қалады. Тағдырдың бұл жазғанына үлкен жігерлікпен күрескен Франклин 1922 жылдың көктеміне қарай, орнынан тұрып, аз-аздап балдақпен жүруді үйренеді, 1928 жылы мүгедек арбасымен жүруді меңгереді және өзіне қандай да бір аяушылық білдіруге тиым салады. Аталған трагедия Франклинді одан әрі жігерлендіре түседі және өзінің алдына қойған мақсатына жетудегі күш-жігерін жинақтайды.
1928 жылы демократтар партиясы атынан дауысқа түскен Ф. Рузвельт Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайланады. Бұл жеңіс оған оңайлықпен келген жоқ еді. Ол сайлау алдындағы үш аптада мүгедектік арбасымен екі мың шақырымдай жол жүре отырып сайлаушылар алдында елуден астам рет сөз сөйлейді. Аз ғана басымдықпен келген жеңіс Франклиннің күш-қуаты мен белсенділігін және халық алдындағы беделін одан әрі нығайтады. Рузвельт бай саяси тәжірибе ғана жинақтап қоймады, әртүрлі этникалық, әлеуметтік, діни және қаржы-шаруашылық топтарының өкілдерімен ортақ тіл табысуды да үйренеді.

АҚШ. Жаңа бағыт.

Ф. Рузвельттің штат губернаторы болып сайлануы АҚШ-тың экономикалық өрлеуінің ең биік шыңына жетуімен тұспа-тұс келеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы АҚШ экономикасының дамуына қолайлы мүмкіндік туғызды. Еуропаның дамыған елдерімен салыстырғанда екінші дүниежүзілік соғыс барысында АҚШ-та ешқандай қирап-бүліну болған жоқ. АҚШ-тағы 1861-1865 жылдардағы азамат соғысынан кейін бұл елде соғыс әрекеттері жүрген жоқ еді. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында және одан кейін Еуропаның ірі елдері АҚШ-тан қарыз алды. Бұл жылдары АҚШ экономикасының дамуындағы сапалы өзгеріс - өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі болды. Ел өнеркәсібінің үштен екісі ірі монополиялық одақтарға бірікті. 1922-1929 жылдар аралығында ғана өнеркәсіп өнімінің көлемі 78 пайызға өсті. 1922-1929 жылдар АҚШ экономикасының «гүлдену жылдары» деп аталды.


Ф. Рузвельттің Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайлануынан кейін 6 ай өткенде 1929 жылы 29 қазанда бүкіл әлемді тітіреткен «ұлы құлдырау» басталды. Сейсенбі күнгі Нью-Йорк биржаларындағы қаржылық құлдыраудан бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыстың уақыты басталды.
1932 жылғы президенттік сайлауға дейінгі саяси қызметінде Ф. Рузвельт әлеуметтік әділдік және қоғамды ізгілендіру мәселелерінде мықты болғанымен экономикалық проблемаларды шешуде тым білікті еместін. Американдықтардың басым көпшілігі сияқты Рузвельт те экономиканың кенеттен құлдырауының болу мүмкіндігін алдын-ала көре алмады. Губернаторлық лауазымының алғашқы күндерінде-ақ Рузвельт штаттағы шаруашылық дамуы тұрақты, алаңдайтын ешқандай негіз жоқ деп мәлімдеген еді.
1929 жылдың күзінен басталған әлемдік экономикалық дағдарыстың зардаптары бірінші дүниежүзілік соғыстың шығынынан да асып түсті. Дүниежүзілік экономикалық даму XX ғасыр басындағы деңгейіне дейін төмендеді. Бұл дағдарыс АҚШ экономикасын ерекше қатты күйзелтті. Экономикалық дамудың жоғары шыңында тұрған ел бір сәтте-ақ үлкен құлдырауды бастан кешті. 1929 жылдан 1932 жылға дейін Доу Джонс индексі 381,17 сатыдан 41,22 сатыға дейін төмендеді. Осы жылдары АҚШ-тың өнеркәсіп өндірісі 46 пайызға қысқарды. Ішкі жалпы өнім 103 млрд. доллардан 58 млрд. долларға дейін кеміді. Автомобиль өндірісі 80%, темір балқыту 76%, прокат 74%, көмір өндіру 42% қысқарды. Жүз мыңнан астам өнеркәсіп және сауда фирмалары, жиырмаға жуық темір жол компаниялары күйреді. Мыңдаған банктер мен фермерлік шаруашылықтар күйзеліске ұшырады.
Ұлы құлдырау басталғаннан кейін Ф. Рузвельт республикалық партиядан сайланған АҚШ президенті Герберт Гуверді және оның әкімшілігін батыл сынға алды және мемлекет пен халық арасында жаңа «қоғамдық келісім» жасауға шақырды. Ф. Рузвельт аз қамтылғандарға көмек қолын созатын әлеуметтік мемлекетті жақтады. 1930 жылы Рузвельт Нью-Йорк штатына екінші мерзімге губернатор болып сайланады. 1928 жылғы сайлауда ол бар болғаны 25 дауыс артықшылығымен жеңіске жетсе, бұл жолы 700 мыңнан астам артық дауыс жинайды.
Гувердің елді экономикалық дағдарыстан алып шығу әрекетінен ешнәрсе шықпайды. Сондықтан да Рузвельттің маңайындағылар одан президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынуды талап етеді. Рузвельт те елдегі саяси ахуалдың тамырын басып көріп, 1932 жылғы президент сайлауына түсуге бел байлайды және өзінің интелектуалды командасын – «ақыл-ой тресін» құрады. Олардың арасындағы ең атақтылары және Франклинге жақын болғандары профессор Раймонд Моли мен Сэм Розенман болады. Олар партияның сайлау алдындағы жалпыұлттық бағдарламасын жасайды. Республикалық партиядан елдің сол кездегі президенті Г. Гувердің кандидатурасы ұсынылады.
1932 жылы 30 маусымда Чикагода демократтар партиясының съезі басталады. Күн тәртібіне партия атынан ел президенттігіне үміткер ұсыну қойылады. Бірінші турда Рузвельт қажетті дауыс жинай алмайды. Екінші және үшінші турлар да күткендегідей нәтиже бермейді. Сол кезде Рузвельттің сенімді өкілдері Техас штатының делегациясын бастап келген сенатор Гарнерге екі жаққа да тиімді мәміле ұсынады. Аталған мәміле бойынша Гарнер Рузвельтті қолдайтын болса, оны вице-президенттікке алуға келісім беретіндігі айтылады. Осыдан кейін съезд төртінші турда Рузвельтті өздерінің кандидаты етіп сайлайды.
Ф. Рузвельт сайлаушыларды «Америкаға сенуге, біздің жеке жауапкершілік дәстүрлерімізге сенуге, біздің мекемелерімізге сенуге және әркімнің өз-өздеріне сенуіне» шақырды. Американдықтар ұлы құлдыраудан Рузвельттің ғана алып шыға алатынына сенді. Демократтар президенттік сайлауда ғана емес, екі палата сайлауында да жеңіске жетті. Жеңіске жеткізген сайлаудан кейін Рузвельт өз үкіметін құрады. Корделл Хэл мемлекеттік хатшылыққа тағайындалса, Луис Хоув Рузвельттің «жеке штабын» басқарады.
1933 жылы 4 наурызда президенттік лауазымға кірісу рәсіміне арналған инаугурацияда елдің 32-ші президенті Франклин Делано Рузвельт баласының иығына сүйеніп тұрып АҚШ халқының атынан салтанатты сөз сөйлейді (оған дейінгі президенттер өз партиясының атынан сөйлейтін) және бүкіл халық алдында Американы құтқаруға уәде береді және өз уәдесін орындауға батыл түрде кіріседі. Елдің қаржы, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы мәселелерді шешу үшін шұғыл шаралар қабылданады. Бұл шаралар Рузвельттің «жаңа бағыты» деген атауға ие болады.
9 наурызда Рузвельт Конгресті шақырып өзіне төтенше өкілеттікттер беруін талап етеді. Президенттік қызметінің алғашқы он бір күнінде Рузвельт Конгрестен оның 70 жылда өткізген заңынан да көп заңды өткізе алады. «Төтенше жағдайдағы банк қызметі туралы» шұғыл заңын алғашқы отырыста-ақ қабылдатады. Барлық банктердің ақша операцияларына төрт күндік каникул жарияланып, елдегі барлық банкілер жабылады. Алтын мен күмісті сыртқа шығаруға тиым салынады. Бұл тапсырманы орындамағандарға үлкен көлемде айып салынып, ірі банктердің ғана жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
Ал екі аптадан кейін елдегі банктердің үштен екісі өз жұмыстарын қайта бастайды. Президенттің сол кездегі қызметтестерінің бірі айтқандай «капитализм сегіз күн ішінде құтқарылады».
Ф. Рузвельт 31 наурыз күні Конгреске Азаматтық консервация корпусын құру туралы заң жобасын өткізеді. Бұл шараның қабылдануы 250 мың жұмыссызға жұмыс береді. Мыңдаған адамдар ұлттық парктер мен ормандарда жұмыс істеді. Бұл корпус арқалы 2 миллионнан астам жастар жұмыс тапты. 1934 жылы қаңтарда қоғамдық жұмысқа тартылғандардың саны 5 миллионға жетті, 20 миллион адам жәрдемақы алды.
Сәуір айында «үй қожайындарына несие беру туралы» Актіге қол қойылды. Бұл акты арқылы күйзеліске ұшыраған мыңдаған үй қожайындары құтқарылды. Оларға төмен пайызбен 2 миллиард доллар көмек көрсетілді. 1933 жылы 19 сәуірде долларға девальвация жүргізіліп инфляция бақылауға алынды.
Мамыр айында ашыққандар мен жұмыссыздарға көмек беретін Федералдық төтенше әкімшілік құру туралы Заңға қол қойылды. Сонымен бірге «Банктер қызметі туралы», «Экономика туралы», «Фермерлік борышкерлерді қайта қаржыландыру туралы», «Ауыл шаруашылығын қалпына келтіру туралы», «Өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы», «Бағалы қағаздар және биржалық акциялармен сауда жасаудағы адалдық» туралы заңдар қабылданды. Осылайша ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі өнім өндіру мен оны реттеу мемлекеттік бақылауға алынды. Банктерді күйреуден сақтайтын және ақшалар мен бағалы қағаздармен сауда жасауда алыпсатарлықты болдырмау үшін Федералдық сақтандыру компаниясы құрылды.
Рузвельттің жарлығымен елдің ішкі қажеттілігне жарайтын азық-түлік өнімдерін сыртқа шығаруға тиым салынды. Азаматтық жұмыстар әкімшілігі құрылып, 30 мыңнан астам жоба іске асырылды, оларда 4 миллионнан астам адам жұмыс істеді. Жаңа жолдар, көпірлер, ауруханалар, стадиондар, әуежайлар және тағы басқалардың құрылыстары басталды. Қазақстандағы 2009 жылдан бастап қолға алынған «Жол картасы» бағдарлмасы осы жылдардағы тәжірибеден алынған еді.
Кәсіпкерлер ассоциациясы бүкіл өнеркәсіпті он жеті топқа бөлді. Әрбір топ «Адал бәсеке Кодексін» жасады. Кодекс бойынша әрбір кәсіпорынның өндірістік өнім көлемі, жалақы көлемі, апталық жұмыс уақытының ұзақтығы, өнімді өткізу рыногы, бірыңғай баға саясаты белгіленді. Президент әкімшілігі 746 Кодексті бекітіп, индустрия мен сауданың 99 пайызын қамтыды.
1933 жылы ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша өзінің шығаратын өнімдерін: мақтаны, бидайды, жүгеріні, сүтті, етті өндіруді азайтқан фермерлерге мемлекет өтем төлейтін болды. 1933 жылы фермерлердің келісімі бойынша бидай, жүгері, мақта егетін егістік жерлердің алаңдары қысқартылды. Бұл шара қолданылғаннан кейін 5 миллион гектарлық мақта отырғызатын аймақ тың жерге айналды. Фермерлер өнімінің бір бөлігі жойылғаннан кейін ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы өсті. Бұл үшін оларға сыйақылар берілді. Фермерлерге несие беру туралы заң қабылданып ол іске аса бастағаннан кейін-ақ фермерлердің қарыздары азайды. Жалпы алғанда ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы көтеріліп, фермерлер қайыршыланудан құтқарылды. Ауылшаруашылық проблемасы осылай шешілді.
1935 жыл - еңбек, әлеуметтік қорғау, салық және банкілер туралы заңдар қабылданған жыл болды. Бұл Рузвельттің «Жаңа бағытының» екінші кезеңі еді. 36 сағаттық жұмыс аптасы белгіленді. Бұл ауқымды шара 1 миллион 750 мың адамға жұмыс орнын тауып беруге мүмкіндік жасады. 1935 жылы қабылданған әлеуметтік қорғау туралы федералдық заң бойынша 65 жасқа толған адамдарға зейнетақы төленетін болды.
Қоғамдық жұмыстарға 3,3 млн. доллар ақша бөлінді. (Бұл ол кез үшін өте көп ақша болатын). 1933 жылы жұмыссыздыққа қарсы шара қолдану ретінде табиғатты қорғау үшін азаматтық корпус құрылды. Оның отрядтарына 18-25 жас аралығындағы жұмыссыз жастар тартылды. Олар лагерьлерде тұрып, ежелгі спарталықтарға ұқсас қауымдар құрып, кешкі курстарда білім алды, орман өсіріп, жердің эрозиясына қарсы шаралар қолданды.
30-жылдардың ортасында Рузвельт ағылшынның белгілі экономисі Джон Мейнард Кейнсті өзінің экономика жөніндегі кеңесшісі етіп тағайындады. Ол экономикалық теорияға, атап айтқанда «Жұмыспен қамтудың, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі арқылы экономикалық саясатта және халықаралық экономикалық келіссөздерде аса маңызды үлес қосты. Макроэкономиканың негізін қалаған ол экономикада «төңкеріс» жасады.
Батыс елдерінде бұл кезде мемлекеттің экономикаға араласуына жол бермейтін либералды теория үстем болатын. Сондықтан да көптеген бизнесмендер Рузвельттің барлық әрекетін социализмге қол созу деп есептеді. Рузвельт жасаған барлық әрекеттер Кейнс жасаған теорияда көрініс тапты.
Рузвельт президенттігінің алғашқы жүз күнінде «Жаңа бағыт» бағдарлмасы бойынша атқарылатын іс-шаралар негізінен айқындалып болған еді. Аталған жүз күн аралығында АҚШ-тағы дағдарысты еңсеруге және экономиканы сауықтыруға бағытталған он бес заң қабылданып күшіне енді. «Жаңа бағытты» іске асыруға бағытталған заңдар мен іс-шаралар жиынтығының айрықша ерекшелігі оның қаржылық-экономикалық саланы ғана сауықтыруға бағытталмай бірқатар әлеуметтік сипаттағы іс-шараларды да қамтуы болатын. Кейбіреулер оны Рузвельттің «социалистік» заңдары деп те атады. Қалай болғанда да Рузвельт өзінің «жаңа бағыты» арқылы АҚШ экономикасының ұзақ уақытқа арналған тұрақты дамуын да анықтаған еді.
Рузвельттің «Жаңа бағыт» бағдарламасы мемлекет, қаржы, экономика және әлеуметтік саланы қамтыған жан-жақты, терең жүйелі, әбден ойластырылған реформа болды. Рузвельт әкімшілігінің реформалары әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде мемлекеттің рөлін көтерді, елдің сыртқы саясаттық бағдарлмасына да өзгерістер енгізді.
«Жаңа бағытты» іске асыруға, жаңа заңдар қабылдауға, оны Конгрестен өткізу үшін де биліктің басқа тармақтарымен айқасуға тура келді. АҚШ Конституциясы бойынша атқарушы билікті ел президенті атқарады. Заң шығару және сот билігі тармақтарының да өкілеттікттері жетерлік еді. Сондықтан да Рузвельт атқарушы биліктің өкілеттігін арттыруға әрекеттенді. Ол Конгрестің бірқатар заң шығарушылық құдіретін тартып алды және президенттің заң шығарушылық функциясын арттырды. Оған қол жеткізу үшін Рузвельт әрқилы әдістер қолданды: беделді депутаттар мен сенаторларды өз жағына тартты, қоғамдық пікір арқылы Конгреске қысым көрсетті, өзінің «вето қою» құқығын пайдаланды және т.б. Ол өзінің президенттік мерзімінде 635 рет вето қойып абсолютті рекорд да жасады. Олай етпесе «Жаңа бағытты» іске асыруға бағытталған заңдардың бір бөлігін қабылдаттыру мүмкін болмаған да еді.
Ең қиыны Жоғарғы Сотпен тіл табысу оңай болмады. Рузвельттің президенттік қызметінің алғашқы бір жылында ғана Жоғарғы Сот оның он бір заң шығарушылық бастамасын конституциялық емес деп тапты. Бұл да рекордттық жағдай болатын. АҚШ-тың Рузвельтке дейінгі 140 жылдағы тарихында Жоғарғы Сот 60 заңды ғана конституциялық емес деп тапса, Рузвельттің бір жылындағы ғана бұл жағдай істің тұйыққа тірелгенін білдірген еді.
АҚШ Конституциясы бойынша Жоғарғы Соттың 9 мүшесі өмірбойлыққа сайланатын. Сондықтан да Рузвельт Конгреске Жоғарғы Соттың 70 жастан асқан мүшелерін тағайындауға құқық беруін сұрады. Бұл кезде Жоғарғы Соттың 9 мүшесінің алтауы 70 жастан асқан еді. Рузвельтке мұндай құқық берілсе, ол Жоғарғы Сот мүшелерінің басым көпшілігін өз жағына шығару мүмкіндігіне ие болар еді. Бірақ Конгрестің екі палатасы да Президенттің бұл бастамасына қарсылық білдірді. Конгрес Президентке ондай құқық беру билік тармақтары өкілеттігінің арасалмағы бұзылып, атқарушы билік тым күшейіп кетеді, оның салдары тым қауіпті болады деп Президентке ондай құқық беру бастамасын қабылдамай тастады. Бұл екі арада жасы келген Жоғарғы Сот судьяларының бірі өз еркімен қызметінен кетті. Жоғарғы Сот та Рузвельттің аталған заң бастамасын күндердің күнінде қабылдатуы мүмкін деп Рузвельт енгізген заң бастамаларына жұмсақтық таныта бастады.
Рузвельттің «Жаңа бағыты» көп ұзамай-ақ өз нәтижелерін бере бастады. 1934 жылы жағдай біршама түзелді. Демократтардың Конгрестегі ықпалы да едәуір күшейді. Сыртқы саясатта да түбірлі өзгеріс болды. АҚШ ұлы державалардың ең соңғысы болып, 1933 жылы КСРО-ны мойындады. Рузвельттің бастамасы бойынша Кеңес Одағымен дипломатиялық қатынас орнатылды. 1933 жылы 16 қарашада Рузвельт КСРО-ның елшісі, сыртқы істер комиссары М. Литвиновты жеке қабылдап оған КСРО-мен дипломатиялық қатынастар орнататынын және елшілер алмасатынын, екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан әрі де жақсара түсетініне сенім білдіретінін мәлімдеді.
1936 жылы кезекті президенттік сайлау науқаны басталды. Республикалық партия өздерінің үміткері етіп Канзас штатының губернаторы Альфред Лэндонды ұсынды. Ірі бизнес өкілдерінің көп бөлігі де республикашылдарды жақтады. Автомобиль өндірісінің королі Генри Форд та жиырма жылдан бері дауыс беруге қатыспағанын, енді Лэндонға дауыс беру үшін сайлау учаскесіне баратынын мәлімдеді. Ірі медиамагнат Уильям Херсттің басылымдары да Ф. Рузвельтті қаралайтын мақалалар жариялап жатты.
Рузвельттің маңайындағылар сайлау нәтижесінің болжамына қобалжи да бастады. Рузвельттің өзі ғана өз-өзіне сенімділік танытып, жігерлілік пен байсалдылық көрсетті. Миллионерлердің алпыс пайызы Ф. Рузвельт саясатын қолдамағанымен, Американың қарапайым азаматтарының басым көпшілігі Рузвельтке қолдау білдірді. Рузвельттің радиодан сөйлеген сөздері «кешкі каминнің жанындағы сұхбат» деп аталды. Оның халыққа арнаған сөздері өте әсерлі де жағымды шығып жатты. Оның халықпен сұхбаттасудағы бұл ерекшелігі оған көп тиімділік әкелді. Президент халықтың әрбір тобына өз саясатын қарапайым тілмен түсіндіре білді. Халықтың алдында жауапкершілік туралы айту оның сөз мәнерінің басты ерекшеліктерінің бірі болды. Рузвельт 1936 жылғы президенттік сайлау науқанындағы өз саясатының негізгі ұранын «Жақсылықтан жақсылық іздемейді»депбелгіледі.
Рузвельт сайлау алдындағы науқанда 27 маусым күні жүз мың адам қатысқан стадионда және 31 қазан күні Мэдисон-Сквер-Гарденсте жалынды сөз сөйледі. Ол бұл сөздерінде өзіне үлкен жауапкершілік ала отырып, басталған істі одан әрі жалғастыратынын, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін ауқымды шаралар қабылданатыны және күрестің енді ғана басталғанын жариялады.
Дауыс беру күні де жетті. Ф. Рузвельт оған дейін АҚШ-тың саяси тәжірибесінде кездеспеген үлкен жеңіске жетті. Рузвельт үшін 46 миллионнан астам сайлаушының 27,7 миллионы дауыс берді. 48 штаттың 46-сы Рузвельтті қолдады. Конгрестің екі палатасында да демократтар басым дауысқа ие болды. Өкілдер палатасындағы 435 орынның 332-сін, Сенаттағы 100 орынның 83-ін Рузвельттің партиясы иеленді.
1939 жылдың басында Рузвельт «Елдегі жағдай туралы» Жолдауында Италияны, Германияны және Жапонияны басқыншы мемлекеттер деп атады және көптеген мәселелерді соғыс күшімен емес басқа да қарапайым әдістермен шешуге болатынын атап көрсетті. Германияның 1939 жылғы наурызда Чехословакияны басып алуын АҚШ-тың ұлттық мүддесіне төнген қауіп деп бағалады. 1939 жылы Панамерикандық одақтың мәжілісінде сөйлеген сөзінде Ф. Рузвельт қазіргі заманда АҚШ-тың өмірлік маңызды аймақтары Латын Америкасы ғана болып табылмайды деп мәлімдеді. Мұның өзі АҚШ-тың еуропалық және азиялық аймақтарға да мүдделік танытатынын және бұл құрлықтардағы оқиғаларға бей-жай қарай алмайтынын аңғартқан еді.
1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасап, Франция мен Англияның Польшаның мүддесі үшін Германияға қарсы соғыс жариялауынан және екінші дүниежүзілік соғыстың басталуынан кейін 3 қыркүйекте Рузвельт АҚШ-тың бейтараптығы туралы мәлімдеме жасады және сонымен бірге Англия мен Францияға қару-жарақ сатуға мүмкіндік беретін заңды қайта қарау қажеттігін де жариялады..
АҚШ-тың Гитлерге қарсы одаққа қатысуы да Рузвельт есімімен тығыз байланысты. Рузвельттің басшылығымен 30-жылдары фашистік мемлекеттердің басқыншылық саясат жүргізуі және соғыс қаупінің күшеюіне байланысты Еуропаға қатысты саясатқа да ерекше назар аударылды.
1940 жылы 10 маусымда Францияның талқандалатыны белгілі бола бастағанда Рузвельт бейтараптықтан бас тартатын ниетін жасырмай Англияны қолдайтынын мәлімдеді. Германияның Еуропадағы қауырт жеңістері АҚШ-тағы кезекті президент сайлауына да ықпалын тигізбей қоймады. АҚШ Конституциясы бойынша президенттікке сайлану мерзімі шектелмеген болатын. Бірақ АҚШ-тың бірінші президенті Джордж Вашингтон президенттікке үшінші мерзімге сайланудан бас тартқан еді. Содан бері бұл дәстүрді ешкім де бұзбады. Германияға бүйрегі бұратын кейбір топтардың Рузвельттің үшінші мерзімге сайлануына ашықтан-ашық қарсылық білдіруі оның үшінші мерзімге сайлану ниетін туғызды. 1940 жылы 15 маусымда Демократиялық партияның Чикагода өткен съезінде Рузвельт съез делегаттарының 945 дауысына, ал демократиялық партияның басқа екі үміткері бірігіп 173 даусына ие болды. Басым дауысқа ие болған Ф. Рузвельтке қарсы республикалық партияның жетекшісі Уилки Уэнделл күресті.
Республикалық партия кең ауқымды сайлауалды насихатын жүргізіп жатқанда Рузвельт алдыңғы орынға сайлау насихатын емес, өзінің ел алдындағы қызметін қойды және өзінің басты қызметі ел қауіпсіздігі мен Еуропадағы жағдай екендігін білдірді. 1940 жылы 5 қарашада өткен сайлауда Ф. Рузвельтке 27 млн. (54,7%), У. Уэнделлге 22 млн. дауыс (44,8%) берілді. Рузвельт үшінші мерзімге АҚШ президенті болып сайланды.
Президенттік сайлаудағы айқын жеңісінен кейін Ф. Рузвельт АҚШ-тың Англия жағында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуын тездетті. Ол әскери бюджетті едәуір арттырды және бейбіт уақытта жалпыға бірдей әскерге шақыруды талап етті. Бұл шараны қолға алу үшін германдық лоббистердің қарсылығын еңсеруге тура келді. 1941 жылы жазда Конгресс бір дауыс артықшылығымен жалпыға бірдей әскерге шақыруды қабылдады.
1941 жылы наурызда Рузвельт ленд-лиз туралы заңды қабылдатуға қол жеткізді. Бұл заң бойынша президент американдық қаруды және әскери қару-жарақтарды қарызға, несиеге беруге, нақты емес ақшаға сатуға құқық алды. Германия КСРО-ға шабуыл жасағаннан кейін 24 маусымда Рузвельт АҚШ-тың бұл елге де көмек беруге дайын екендігін мәлім етті. Осы жылдың тамыз айында Рузвельт пен Черчилль Нью-Фаундленд маңында «Гэмпшир» крейсерінің бортында кездесті. Екі елдің басшысы Атлантикалық хартияға қол қойды. Бұл хартияда соғысты тұтандырушы тирандарды жеңу үшін барлық күшті жұмсау қажеттігі және оларды талқандағаннан кейінгі қарусыздандыру мәселелері қамтылды.
1941 жылы Жапонияның әскери теңіз әуе флоты АҚШ-тың Гавай аралдарындағы Перл-Харбор әскери базасына күйрете соққы берді. Бұл әскери операцияны 1941 жылдың басында Жапонияның көрнекті әскери қолбасшысы, адмирал Ямамота талдап жасаған болатын. Бұл кезде адмирал Ямамота ұсынған стратегиялық жоспар бойынша соғыс барысын бір күннің ішінде Жапония пайдасына қарай шешетін күйрете соққы беру акциясы ұсынылған еді.
Мұқият дайындалған бұл операцияның нәтижесінде 1941 жылы 7 желтоқсанда АҚШ-тың әскери базасына ауыр соққы берілді. Күтпеген соққыдан АҚШ қарулы күштері үлкен шығынға ұшырады. Біржарым-екі сағатқа созылған әуе шабуылынан АҚШ 9 линиялық кемесінен 6 крейсерінен, 3 эсминецтен, 3 көмекші кемеден, 347 ұшағынан және 3400 адамынан айрылды. Жапондықтар бар болғаны 29 ұшағын, 5 кіші сүңгуір қайығын және 1 ірі сүңгуіріп жоғалтты. Бұл күнді АҚШ президенті Ф. Рузвельт американ тарихындағы «масқара болған күн» деп атап АҚШ халқынан ресми кешірім сұрады.
8 желтоқсанда Ф. Рузвельт Конгресс алдында сөз сөйледі. Сенат пен өкілдер палатасы (бір депутаттың қарсы болуымен) Жапонияға қарсы соғыс жариялады. 11 желтоқсанда Германия АҚШ-қа қарсы соғыс жариялады. Бұл мәліметті Гитлер радио арқылы тікелей сөйлеген сөзінде хабарлады. Осы күні Италия да одақтас державаларға соғыс ашатынын жария етті. Осыдан кейін АҚШ бірыңғай соғыс лагеріне айналды. Рузвельттің басшылығымен АҚШ тарихындағы ең қуатты әскер құрылды. 1942 жылы 6 маусымда Тынық мұхиттағы Мидуэй аралындағы жеңістен кейін Тынық мұхиттағы күштер арасалмағы АҚШ-тың пайдасына қарай өзгерді. Екінші дүниежүзілік соғыстың барысына Ф. Рузвельтпен бірге И. Сталин және У. Черчилль орасан зор үлес қосты. 1943 жылы 28 қараша – 1 желтоқсан Тегеранда үш ұлы держава басшылары – Ф. Рузвельт, И. Сталин, У. Черчилль бас қосты. «Үлкен үштіктің» бас қосуында Германияны талқандап, екінші майданды ашу және соғыстан кейінгі реттеу мәселелері талқыланды.
1944 жылдың ортасында Рузвельттің президенттікке төртінші мерзімге сайлану мәселесі қойылды. Үшінші мерзімге сайлану мәселесінде Рузвельт аздап қобалжыса, төртінші мерзімге сайлану мәселесі қойылғанда батыл әрекет етіп, өз кандидатурасын ұсынады және бұл сайлауда «қарғыс атқыр Гитлерді жеңу және соғысты аяқтау үшін» қалай болғанда да жеңіске жетуге бар күш-жігерін салады. Бұл сайлауда Рузвельт «аттарды өткелде ауыстыруға болмайды» деген ұранмен шығады. 7 қараша күні өткен сайлауда Рузвельт сайлаушылардын 53,5 % даусына ие болады. Осылайша Ф. Рузвельт төртінші мерзімге АҚШ президенті болып сайланады. 1945 жылы ақпанда Ялтада үш ұлы держава басшылары тағы да кездеседі. Ялта конференциясында қаралған ең басты мәселе – Германияның болашағы туралы шешім қабылдау болды. Конференцияда сонымен бірге азат етілген Еуропа туралы Деклерация қабылданды.
Ф. Рузвельт Германия мен Жапонияның жеңілуін және екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын көре алмай кетті. Ол 1945 жылы 12 сәуірде Джорджия штатындағы «кіші Ақ үйде» миына қан құйылуынан көз жұмды. Оның өлімін тек Америка ғана емес Англия, Батыс Еуропа елдері, КСРО және тағы басқалар аза тұтты. Ф. Рузвельттің саяси беделі тек АҚШ-та ғана емес, бүкіл әлемде оның «Жаңа бағыт» реформаларымен, антигитлерлік коалицияның қалыптасуы мен оның нығаюымен, одақтастардың әскери жеңістерімен, Біріккен Ұлттар Ұйымын құру идеясымен, сонымен бірге соғыстан кейінгі әлемді қайта құру туралы ұсыныстарымен белгілі болды. Рузвельттің есімі АҚШ тарихында Американы американдықтарға қайта сыйлаған адам ретінде де аталады.
Рузвельттің президенттік қызметі, АҚШ-тай алып мемлекетті басқаруы мемлекетті қиын дағдарыстан, қауіп-қатерден алып шығуымен, төтенше өкілеттіктерімен, әр қилы реформаларымен ғана емес, әлемдік қауіпсіздік үшін күресімен және АҚШ-тың державалығын сақтай отырып, жаңа әлемді қалыптастыру бастамаларымен де билік етудің тәжірибелік үлгісі бола алды. Оның елді экономикалық дағдарыстан шығару амалдарын, реформаларын, батыл әрекеттерін, сыртқы саясаттағы тиімді нәтижелерін, саяси жүйесі басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын, бейбітшілікті нығайтудағы күресін, тіпті өз мемлекеті, өз ұлты және әлемдік қауіпсіздік үшін күш көрсету саясатын кейінгілер тиімді пайдаланды.

 

 



«Утверждаю»

ППЦК «общеобразовательных дисциплин»

--------С.Т.Темирханова.

«--- « -----2015г.

ПЛАН УРОКА №

По предмету Основы философии.

Дата ------------- Группа ------------ Курс------------

Тема урока : Философия нового времени

Вид урока : теоретический тип урока: изложение нового материала
Цель урока:

1.Образовательная: дать новые знания, проявить интерес к предмету.

2.Воспитательная: формирования мировозрения и нравственно эстетической культуры, интереса к учению развитие мыслительных способностей и памяти усидчивости и настойчивости в овладений.

3.Развивающая : развитие мыслительных способностей и памяти усидчивости и настойчивости в овладений знаниями.

Методы обучения : пояснения, лекция, беседа, вопрос –ответ.

Наглядные пособия : раздаточные материалы, рабочая тетрадь.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет