ІІ деңгейлік тапсырма. Жұмбақтар жасыру.
1.Сымға жалғанып,
Сыммен байлайды.
Ол келсе шам жанып,
Үй іші жайнайды. (Электр тогы)
2.Күш көбейсе артады,
Ауадан артқа тартады.
Жүзі жұқа үшкір зат,
Одан бірақ қорқады. (Қысым)
3.Сипаттайды жұмысты,
Тындырады көп істі.
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті? (Қуат)
ІІІ деңгейлік тапсырма.
Венн диаграммасы
Вольтметр Омметр
Вольтметр – жүкке параллель жалғайды, кедергілері барынша үлкен, пайдаланатын энергиясы аз. Кернеуді өлшейтін аспап.
Омметр – өлшеуіш аспаптың шкаласын бөліктерге бөліп белгіленеді. Кедергілерді өлшейтін аспап.
Екеуіне ортақ – өлшейтін құрал.
|