Сабақ жоспары : Сынып: 10 а сабақ тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары



бет1/2
Дата21.04.2017
өлшемі286,05 Kb.
#14373
түріСабақ
  1   2

  1. Каирбаева Абота Нурмукановна

  2. Теміртау қаласының №17 ЖББОМ

  3. Еңбек өтілімі-15 жыл, 1 санат

  4. Сабақ жоспары:

Сынып: 10 А

Сабақ тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары.

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық және интелектуалдық қабілетін, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен функционалдық сауаттылығын дамыту.



Сабақ міндеттері:

  • білімділік: Алюминий және оның қосылыстарының химиялық және физикалық қасиеттерін қолдану. Маңызды сипаттайтын химиялық процесстер жөніндегі ұғымды қалыптастыру.

  • дамытушылық: дидактикалық ойындар, есептер шығару арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

  • тәрбиелік: функционалдық сауаттылыққа және денсаулықты сақтауға, туған өлкені қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау әдісі

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд,зертханалық жұмыс, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, бейнекөрініс

Пәнаралық байланыс: физика, қазақ тілі,математика

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Жаңа сабақ.

  3. Зертханалық жұмыс «Алюминийдің химиялық қасиеті».

  4. Жаңа сабақты бекіту: Функционалдық сауаттылыққа арналған жаттығулармен жұмыс жасау.

  5. Бағалау

  6. Қорытындылау. Үйге тапсырма беру.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.Сәлеметсіздер ме оқушылар.(1мин)

Сабағымызды бастауға дайынсындар ма?

  1. Жаңа сабақ. Сабақты әңгімелеу арқылы ашу. Сабақтың тақырыбын жұмбақ есеп және жаттығу арқылы ашу. Оқушыларды төрт топқа бөліп,әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беру

Алюминийді периодтық жүйедегі орнына сипаттама беру және атом құрлысын жазу.(флирпчарт арқылы интерактивті тақтаға жазу). (2 мин)

Тақырыпты ашу арқылы алюминийдің физикалық қасиетіне өтеміз.Тәжірибелік жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік техникасының ережесін еске түсіру.


1-нұсқа. “Ой қозғау” сатысы.Жаңа сабақтын тақырыбын ашу.

Массасы 9г металл тұз қышқылының артық мөлшерімен әрекеттеседі. Сонда қалыпты жағдайда бөлінген сутектің көлемі 11,2 л. Осы металдың қосылыстарында валенттілігі 3-ке тең екенін ескеріп, оның қандай металл екенін атаңдар.

2-нұсқа. Металдың химиялық элемент ретіндегі атом құрылысына және периодтық жүйедегі орнына сипаттама. Флипчарт.

1. Металдық электрондық формуласы

1s 2s 2p 3s 3p

2.Металл р элементі

3. Периодтық жүйедегі орны:

Атомның энергетикалық қабат саны

4. Атом ядро заряды +13, протон саны ___, нейтрон саны ____, жалпы электрон саны ___

5. Валенттілігі ____

6. Тотығу дәрежесі ____

7. Оксидінің формуласы және қасиеті _________________________________________

8. Гидроксидінің формуласы және қасиеті _____________________________________




3.Зертханалық жұмыс «Алюминийдің химиялық қасиеті».

Iтоп. №1.Тәжірибелік . Алюминийдің тоқ өткізгіштігіне байланысты зертханалық жұмыс көрсетеді.Ал қалған оқушылар тірек сызбамен жұмыс (физикалық касиеті).(мин)

Алюминийдің химиялық қасиеті бойынша:

II топ. №2 тәжірибе: Алюминийдің сұйытылған қышқылдар әсеріне қатынасы(мин)

IIIтоп. №3 тәжірибе: Алюминийдің сілтінің судағы ерітіндісіне әсері (мин)

Ivтоп.№4 тәжірибе: Алюминий гидроксидін алу.Алюминий гидроксидің амфотерлі қасиеттерін тексеру(мин)


№1.Тәжірибелік жұмыс (1-топ):

Физикалық қасиеті бойынша: Алюминийдің тоқ өткізгіштігі.

Жұмыстың мақсаты: Алюминий сымының электр тоғын өткізгіштігін анықтау.

Құрал-жабдықтар: Тоқ көзі, амперметр, қыздыру шамы, өткізгіш алюминий сымдары.

Жұмыс барысы:

1. Суреттегі сызбалар бойынша электр тізбектерін жинаңдар.

2. Тоқ көздерін қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар.

3. Қыздыру шамының жаңғанын бақылау.




Тірек сызбамен жұмыс.Алюминийдің физикалық қасиетін жазу.




Al

2-топ.Химиялық қасиеті бойынша:

№2.Тәжірибе: Алюминийдің сұйытылған қышқылдар әсеріне қатынасы

Екі пробиркаға: әр қайсысынан 5-6 тамшыдан тұз,азот қыщқылдарының ерітіндісін құйыңыз. Әр пробиркаға алюминий жаңқасының 1-2 түйірін салыңыз. Қуатты түрде газ бөлінгені байқалған пробиркаға жанып тұрған ағаш жаңқасын апарып газды жандырыңыз.

Алюминий мен тұз қышқылының, алюминий мен азот қышқылының әрекеттесу реакцияларын жазыңыз.
3-топ

№3.Тәжірибе: Алюминийдің сілтінің судағы ерітіндісіне әсері

     Пробиркаға натрий гидроксидінің  30 %-ті ерітіндісінен 4-5 тамызыңыз, оған алюминий жаңқасының 1-2 түйіршігін саламыз. Қатты газ бөліне бастағанда жанған ағаш жаңқасын бөлініп жатқан газға апарын жандырамыз. Байқағаныңызды жазыңыз.Алюминийдің сілтінің сулы ерітіндісімен әрекеттесу реакциясын жазыңыз.

4-топ


№4. Тәжірибе: Алюминий гидроксидін алу, алюминий гидроксидінің амфотерлі қасиеттерін тексеру.

   Пробиркаға алюминий сульфатынан 5 тамызып, үстіне натрий немесе калий гидроксидінің бірнеше тамшысын ақ тұнба пайда болғанша құямыз. Сілті мен алюминий сульфатының әрекеттесіп, алюминий гидроксидін түзуінің реакцияларының теңдеулерін молекулярлық және иондық түрлерінде. Алюминий гидроксидін екі пробиркаға бөліп. Бір пробиркадағы ерітіндіге сілтіден бірнеше тамызамыз да, екіншісіне тұнба ерігенше тұз қышқылын тамшылатып құямыз. Байқаған құбылысты жазыңыз.

алюминий гидроксиді мен тұз қышқылының әрекеттесу және алюминий гидроксидінің сілтімен әрекеттесіп, құрамы,тұз түзу реакцияларының теңдеулерін молекулярлық және иондық түрлерінде





Орындалу

тәртібі


Бақылау

Реакция теңдеулері

Қорытынды
















  1. Бекіту кезеңі:

1-топ. Суреттерге қарап отырып, алюминийдің қасиеттерін қолдану салаларын жазыңдар. Қысқаша эссе жазыңдар.

2-топ. Мына берілген заттардың қайсылары алюминий қосылыстарына тән емес.

3-топ. Мәтінмен жұмыс. Теміртау газетінен үзінді.Императорларға және кедейлерге арналған ыдыстар.

4-топ. Мәтінмен жұмыс. Д.И.Менделеевтің өмірінен алынған нақты дәлелдер.(5мин)



Видеоролик(мини-жоба қорғау). Қазақстандағы алюминий өндірісі.

Функционалды сауаттылыққа арналған тапсырмалар: Суреттерге қарап отырып, алюминийдің қасиеттерін қолдану салаларын жазыңдар. Қысқаша эссе жазыңдар


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет