Сабақ жоспары № Топ атауы



бет2/3
Дата14.05.2020
өлшемі18.09 Kb.
түріСабақ
1   2   3
ІІІ. Сабақтың түрі: жаңа сабақ

ІҮ. Сабақтың әдісі: тапсырмалар, сұрақ-жауап

Ү. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд

ҮІ. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, әдебиет

ҮІІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.



Қазақстанның ғылым тарихынан

1938 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімшесі ашылды. Ол 1946 жылы Қазақ КССР Ғылым академиясына айналды. Оның тұңғыш президенті болып көрнекті ғалым қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. Қазақ КССР ҒА-ның сайланған академиктер қатарында белгілі ғалымдар М.Әуезов (әдебиет саласы) А.Бектұров (химия саласы) А.Жұбанов (музыка саласы), І Кеңесбаев (тіл саласы), Қ.Сәтбаев (геология саласы) Н.сауранбаев (тіл саласы), Қ.Жұмағалиев (әдебиет саласы), Ә.Марғұлан (археология саласы) , К.Мыңбаев (ауыл шаруашылығы саласы) А. Сызғанов (медицина саласы) т.б. болды. Қазақ КССР Ғылым академиясында геология-география ғылымдары, техника және химия –технология ғылымдары, физика-математика ғылымдары, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық ғылымдар бөлімшелері болды. Олардағы ғалымдар ұжымы 57 доктордан, 184 ғылым кандидаттарынан және 659 ғылыми қызметкерлерден құралды.

Бұл кезеңде Қазақстанда отандық ғалымдардың зерттеу еңбектері ғылымның барлық салаларында жүргізілді. Осылайша қазақстандық ғылымның даму негіздері қаланды.

Әсіресе геология ғылымы Қ.Сәтбаевтың жетекшілігімен аса зор табыстарға жетіп, ел экономикасының туына қызмет етті.

Астрономия ғылымдары бойынша әлемдік мәні бар зерттеулер жүргізілді. Алматы қаласына таяу жерде астрономиялық обсерватория салынды. Астро-физикалық институт қызметкерлері (басшысы-В.Фесенков т.б.) атмосфера қабатын анықтаудың жаңа тәсілін іске асырды. Атмосферада болатын су буының қаншалықты екендігін анықтау тәсілі белгіленді және т.б. зерттеулер табысты болды. Қоғамдық ғылымдар саласында М.Әуезов, Е.Бекмаханов, А.Жұбанов, т.б. ғалымдар іргелі зерттеулер жүргізді. Химия саласында А.Бектұров , математика саласында О.Жәутіков, заң ғылымдары саласында С.Зиманов және т.б. сала ғалымдары елеулі үлес қосты.

Сондай-ақ Ш.Шокин, Ш.Есенов, М.айтхожин, Ө. Сұлтанғазин, Р.Бердібаев, Ө.Жолдасбеков, З. Қабдолов, М.Қозыбаев және басқа ғалымдар Қазақстан ғылымының мақтаныштары саналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет