Сабақ жоспары №1 Күні Топтар 12. 12. 14



Дата10.06.2017
өлшемі97,47 Kb.
#18534
түріСабақ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАЛДЫҚОРҒАН ӨНЕРКӘСІПТІК ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 1

Күні

Топтар

12.12.14.

101, 203

Пән: Қазақстан тарихы және мәдениеттану

Сабақ тақырыбы: Қазақстан: кеше, бүгін, ертең

Сабақ түрі: дәстүрлі емес сабақ




Сабақтың мақсаты

Білімділік: білімгерлердің пән бойынша алған білімдерін жинақтап,

одан әрі танымдылықтарын арттыру.


Дамытушылық: пән бойынша ұғымдармен, көрнекі құралдармен

жұмыс істей отырып, білімгерлердің ойлау, сөйлеу, есте сақтау және

өз ойын мәдениетті түрде білуді қалыптастыру.

Тәрбиелік: отансүйгіштікке, адамгершілікке, тәрбиелеу.

Саяси тәрбие беру.



САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

А. Көрнекі құралдар: слайдтар, макеттер, ҚР саяси картасы


Б. Таратылатын материалдар: мазмұны өзіндік жұмысты қамтитын белсенді үлестірмелі парақтар


В. Пайдаланған әдебиет:

1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгі күнге дейін). Бес томдық. I том. А., 1996 ж.

2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгі күнге дейін). Бес томдық. II том. А., 1998 ж.

3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгі күнге дейін). Бес томдық. III том. А.,2002 ж.

4. Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. № 5, 10, 12. 2006 жыл; № 6, 11. 2005.


Сабақты жүргізу кезеңдері


(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)

I. Ұйымдастыру кезеңі ҚР Әнұраны орындалады. Білімгерлерді жаңа білімді қабылдауға психологиялық дайындау үрдісі жүреді. Ол үшін білімгерлерді топқа бөлу және сабақтың мақсатын айқындау. Ойын объективті бағалау үшін әділқазылар тағайындалады.
II. Жаңа материалды баяндау (сабақты жүргізудің түрі)

Жаңа материалды баяндау 5 кезеңнен тұрады:

1. Таныстыру

2. Көкпар

3. Математикалық сандықша

4. «Аңсаған тәуелсіз елім....» тарихи көрініс (қазақ жерінде болған тарихи оқиғаға байланысты тарихи көрініс)

5. «Болашақ Қазақстан ....» (шешендік өнер, жоба қорғау)
1. «Таныстыру» кезеңінде әр топ өзін таныстырады.
2. «Көкпар» кезеңінің шарты: топпен ақылдаса отырып, деңгейлі сұраққа жауап қайтару. Күрделі сұраққа жауап бергені үшін 15 ұпай, жеңіл сұраққа 10 ұпай беріледі. Егер топ жауап бере алмаса онда қарсылас топ жауап беруге болады немесе жауап беруші топ көмек алуға құқығы бар, әрбір көмек үшін 5 ұпай шегеріліп отырады. Сұраққа көп жауап берген топ жеңіске жетеді.

Жеңіл сұрақтар:

1. Қазақтар «тебінді жайылым» деп нені атаған? (Қыста жайылымға шығарған, қар астында қалған шөпті мал тұяғымен теуіп, жұлып жейтін болған).

2. «Күйме» дегеніміз не? (Жылжымалы үй).

3. Қасым ханның баласы. (Хақназар).

4. «Жеті Жарғы» заңы бойынша ұрлық жасағандарға қандай жаза қолданған? (27 есе айып төлеген).

5. ХІІІ-ХҮ ғғ. Қазақстан жері арқылы өткен саяхатшылар: (П.Карпини, В.Рубрук, М.Поло, Ибн Рузбихан, Әл-Якуб).

6. Қағда, құран, қажы сөздерінің мағынасы? (қасиетті «қара тас», қасиетті кітап, меккеге барған, дін жолындағы адам).

7. Мұсылман болу үшін қандай парыздарды өтеу керек? (Аллаға сену, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару).

8. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қандай еңбектерін білесіңдер? («Қазақстан - 2030», «Қалың елім, Қазағым», Тарих толқынында, Әділеттің ақ жолы, Бейбітшілік кіндігі, Сындарлы 10 жыл).

9. Сәкен Сейфуллиннің шын аты кім? (Сәдуақас).

10. Мұхаммед пайғамбардың анасының аты кім? (Әмина).

11. Қабанбайдың шын аты. (Ерасыл).

12. Дін бұрын пайда болды ма, әлде адам ба? (адам).

13. Әлемдік дінге қай діндер жатады? (будда, ислам, христиан).

14. «Нирвана» сөзін қалай түсінесің? (болып жатқан оқиғаларға көңіл бөлмеу).

15. Ислам діні қай елде, қай ғасырда пайда болды? (Арабияда ҮІІ ғасырда).

16. Христиан діні қай елде, қай ғасырда қалыптасты? (Римде б.з. І ғасырда).

17. Будда діні қай елде, қай ғасырда пайда болды? (б.з.д. ҮІ ғ. Үндістанда).

18. «Экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады» - деген кім? (Талкотт Парсонс).

19. Мемлекет құрылысына қарай қалай бөлінеді? (Унитарлық, Федерация, Конфедерация).



20. Тұңғыш алғашқы саяси партиялар қай жерде пайда болған? (Ежелгі Грецияда).

Күрделі сұрақтар:

1. Қазақтар жайлауға көшкенде мал мен көшті жанып тұрған екі оттың ортасынан өткізген. Тек бір түлік от ортасынан өтпеген. Ол қай түлік?

-көмек Александр Македонский-Буцефал

-көмек билеушілермен қабірге бірге жерленген

(жауабы: жылқы, оны таза деп есептеген)

2. Неліктен сақтар соғысқа аттанарда семсерді жерге шаншып, үстіне қан мен сүт тамызған? Бұның мәнісі неде?

-көмек жақсы тілек тілеу

-көмек соғысқа кеткендердің жалғыз тілегі болады

( қанды қырғыннан аман-сау қалуды тілеу)

3. Бақсылардың зікір салып, ауру адамды айналып шығуы мен қазақтың баланы жақсы көріп, еркелетіп айтатын «айналайын» деген сөзінің арасында қандай байланыс бар?

-көмек «адамды айналма» жаман болады деген ырымға байланысты

-көмек адам бойындағы жаман қасиеттер туралы, ана мен бала арасындағы сезім

(Адамды айналып шығу, сол адамның бойындағы бар жамандықты, ауруды өз мойныма аламын деген сөз)

4. Қола дәуіріндегі адамдар есігінің босағасына қай үй жануарының сүйегін көмген?

-көмек Адамдардың алғаш қолға үйреткен жануары

-көмек 7 қазынаның бірі

( итті, себебі оны киелі деп санаған)

5. Геродот скифтердің ешбір қазансыз ет асып, сорпасын ішетінін жазған. Бұл мүмкін бе?

-көмек төрт түлік малдың өзіне қатысты болып отыр

-көмек асқорыту мүшелерінің бірі

(мүмкін. Қой мен жылқының етін өз қарнына салып, қамыстан бу шығатын түтік жасап, жерге көміп, үстіне от жағып пісірген)

6. Парсы саяхатшысы Гардизи: «Ертістен өтсең қимақтар еліне тап боласың. Оларда табын-табын мал. Бірақ түйе жоқ. Егер саудагер түйесін сол елге бір жылға қалдырып кетсе,түйесі өліп қалады»,- деп жазады.Неге түйе өліп қалады?

-көмек күнделікті өмірде қолданылатын тағам

-көмек химиялық формула ŇǻCL

(шөптерінде тұз жоқ)

7. Қазақтар мүшелік жыл санаудың бір жылында жұт болатынын байқаған.Ол қай жыл?

-көмек қысы қатты болатын жыл

-көмек жылдың мезгіліне байланысты түсін өзгертіп отыратын хайуан

(Қоян жылы)

8. Қазақтар төрт түлік малдың қайсысын тағаламады?

-көмек саудагерлер үшін үлкен қызмет атқарған

-көмек жылдан құр қалған жануар

(Түйе. Себебі, майтабан тағалауға келмейді)

9. Жазда көшпелі қазақтар торсықта су мен сүтті ұзақ сақтау үшін торсыққа не салған?

-көмек Менделеев таблицасында №47 қатарда тұрған элемент

-көмек II орын жүлдегерлеріне берілетін медаль

(күміс теңге)

10. Александр Дюма 19 ғ. ортасында Орынбор өлкесін аралап жүріп, бір үйді көргенде таңқалып, күнделігіне: «Бұл үй архитектураның биік шыңы»,- деп жазыпты. Дюманы таңқалдырған қандай үй?

- көмек олардың 6,8,12 қанатты түрлері бар



- көмек бұл үйдің қабырғасы - кереге

(қазақтың киіз үйі)
3. «Математикалық сандықша» кезеңінің шарты бойынша берілген есепті шығара отырып, дұрыс шыққан жауаптарды тарихи оқиғалармен байланыстыру. Әрбір дұрыс жауап үшін 20 ұпай.

1. 4000:2-532=1468 (Әбілқайыр хан қайтыс болған жылы).



2.

(25)²+(155*2)+(2500/2)-388=1797 (Бұл көтеріліс қай жылы болды және кім басқарды? Бұл кім және көтерілістің болған уақытын атаңыз?) С.Датұлы 1783-1797 жж.

3. 2800+105-1500=1405 (Әмір Темір қайтыс болған жылы).

4. 728*2+9=1465 (Қазақ хандығының құрылуы).

5. 3800:2+91=1991 (Тәуелсіз Қазақстанның жариялануы).

6. 60*20+19=1219 (Шыңғыс хан әскері Отырарды алады).

7. (666/2)*3-129=870 (Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жылы).

8. (446/4) *8+819= 1711 және (22) ²*3+329=1781 (Абылайдың өмір сүрген уақыты 1711-1781 жж.)


4. «Аңсаған тәуелсіз елім....» тақырыбына қатысты әр топ 5 минуттық тарихи көрініс көрсетеді. Топтың өнерлері үшін, көріністің мазмұны үшін 50 балл беріледі.
5. «Егер мен...» кезеңінің шарты бойынша әр топтың жетекшісі болашақта лауазымды қызмет атқарған жағдайда Қазақстанның дамуына қандай үлес қосар еді. (Топ жетекшісі өз жобасын қорғайды).
IIІ. Қорытынды кезең. Әділқазылардың жеңімпаз топты анықтауы және марапаттауы.


Оқытушы: Ш.Е.Жабыкбаева


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет