Мақсаты: Visual Basic программасын іске қосу жолдарын түсіндіру. New, Existing, Recent жобалары туралы түсінік беру, терезенің құрылысымен таныстыру
Түйінді идея: Оқушылардың жеке, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақта СТО технологиясының әдіс тәсілдерін пайдаланып оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
Күтілетін нәтиже:Visual Basic программасын іске қосады. Терезенің құрылысымен танысады
Ресурстар, көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, компьютер
-синтаксистік, семантикалық және кибернетикалық ақпараттарды қалай түсінеміз?
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп шығады
Жана сабақ
топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
Visual Basicтілінде де басқа программалар сияқты бірнеше құжатпен қатар жұмыс істеуге болады. Оны көпқұжатты интерфейс деп атаймыз.
Интерфейс жобасын құрамыз:
"Пифагор" және "1-физикалык есеп" жобаларымен байланыс ұйымдастырамыз. Ол үшін: осы екі жобаға басқарушы пішіндер және мәзір құрамыз, осылар арқылы қажетті қолданбалы пішіндер таңдалып алынады. Ағымдағы пішін белсенді жқмыс істеп тұратындықтан, мұндағы мәзірлер келесі әрекеттер бойынша орындалады: 1) "Пифагор" программасын шақырады; 2) "1-физикалық есеп" программасын шақырады.
Белсенді (Стартовая) пішін ішіндегі программа пішіндерін каскад не жоғарыдан темен етіп орналастыру керек.
Орындалу тәртібі:
Жұмыс үстеліне " 10-сынып" бумасын құрып аламыз. Айнымалы, айнымалыны хабарлау тақырыптарын өткенде "Пифагор" және "1-физикалық есеп" жобалары құрылған. Осы жобаларды ашып, жұмыс үстеліндегі "10-сынып" бумасына қайта сақтаңдар.
Осы бумадан "1-физикалық есеп" жобасын ашыңдар, Project =>Add Mdi Form арқылы жаңа пішін қосыңдар, Add Mdi Form терезесінде Newқосымшасына Ашу батырмасын шертіңдер.