Сабақ жоспары №10 Пән: Компьютерлік графика Мерзімі: Топ: тп-20



Дата22.08.2017
өлшемі104,79 Kb.
#24221
түріСабақ
БЕКІТЕМІН

«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК

директорының оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_______________М.Б. Ерманова

Сабақ жоспары №10
Пән: Компьютерлік графика

Мерзімі:________________ Топ: ТП-20

Сабақтың тақырыбы: Эффект түрлері. Мәтін жасаудың тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

  1. білімділік: CorelDraw бағдарламасында эффект жасаудың тәсілдерімен және мәтіннің қаріпін өзгертуді үйрету;

  2. дамытушылық: білім алушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;

  3. тәрбиелік: білім алушыларды уақытты тиімді етіп пайдалануға және компьютерлік ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік.

Оқыту құралдары: интерактивті тақта, CorelDraw бағдарламасы.

Пәнаралық байланыс: Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалар пакеті «Графикалық редактор».
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин.

Білім алушылармен амандасу, аудиторияның тазалығына назар аудару. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.


II. Үй тапсырмасын сұрау 3 мин.

Жаңа жыл кешіне арналып жасалған құттықтау билетіннің электронды нұсқасын тексеру.


III. Жаңа тақырыпты меңгерту 20 мин.

Объект – кез-келген элементті белгілейтін, суретте жасалатын немесе суретке енгізілетін жалпы термин. Объектке: сызықтар, фигуралар, графика, мәтін ... жатады.

Объектілерді ерекшелеу


Объектіні өзгерту үшін алдымен оны ерекшелеп алу керек. Бір ғана объектіне немесе бірнеше объектінің тобын ерекшелеуге болады. Ерекшеленген объектінің айналасында шектейтін блок, ал оның центрінде «Х» белгісі көрінеді.
Объектіні қиып алу, көшірмесін алу және қою

Объектіні қиып алғанда немесе көшірмесін алғанда, ол алмасу буферіне орналасады. Ол жерден оны басқа да қосымшаларға қоюға болады. Қиып алғанда объект суреттен алынып басқа жерге қойылады. Ал, көшірмесін алғанда түпнұсқа орнында қалады, тек көшірмесі ғана алмасу буферіне орналасады.
Объектінің дубликатын жасау

Дубликат жасағанда объект алмасу буферіне түспей тікелей сурет салу терезесінде пайда болады. Дубликат жасау көшірмесін алғаннан және қиып алғаннан тез орындалады. Онан басқа, объектіге дубликат жасағанда оның х және у осьтері бойында бастапқы қалпы мен дубликат жасалған ара қашықтығын көрсетуге болады, Бұл арақашықтық орын ауыстыру деп аталады.

Объектілерді клондау

Объектіні клонировать еткенде оның түпнұсқасымен байланысқан көшірмесі пайда болады. Бастапқы объектіге қандай өзгеріс жасалса да, ол клонға автоматты түрде әсер етеді. Ал, клонда жасалған өзгеріс бастапқы объектіге әсер етпейді. Клонда жүргізілген өзгерісті жойып, бастапқы объектіге қайта оралуға болады. Клонирование арқылы объектінің бірнеше көшірмесіне объектінің шаблонын өзгерте отырып, өзгеріс жасауға болады. Суретте жұлдыз екі рет клонировать етілген. Оған әр түрлі бояу және абрис қасиеті қолданылған. Сонымен қатар клонның формасы өзгерген. Ол үшін адымен объектіні ерекшелеп, Правка Клонирование командасын орындау керек. Клонның шаблонын таңдау үшін клонның үстінде оң батырманы басып, Выбрать шаблон командасын орындау керек. Клон жасалған объектілердің шаблонын таңдау үшін шаблонның үстінде оң батырманы басып, Выбрать клоны батырмасын басу керек.





  1. мәзірін және құралын таңдаңыз.

  2. Қасиеттер панелі тізімінен Объектілер атрибуттарын таңдаңыз

  3. Эффекті мәзірін шертіп, келесі жалаушалардың кез-келгенін орнатыңыз:















  1. Эффект жасайтын объектінің шетін шертіңіз

  2. мәзірін және құралын таңдаңыз.

  3. Эффект көшірілетін объектінің шетінен шертіңіз

Объектілерді бекіту

  1. Соңғы объектіге бекітілетін обьъектіні ерекшелеп алыңыз.

  2. Бекіту нүктесі ерекшеленгенше курсорды объект бойынша жылжытып отырыңыз.

  3. Бекіту нүктесі көрінбей қалғанша объектіні соңғы объектке жылжытыңыз.

Объектілерді бұру
  1. Объектіні ерекшелеу


  2. Окно—Окна настройки---Преобразования---Поворот командасын орындаңыз

  3. Преобразование-дегі Относительно центра жалаушасын алып тастаңыз

  4. Угол өрісінде бұру бұрышын көрсетіңіз

Объектіні теріс қарату
  1. Объектіні ерекшелеу


  2. Окно—Окна настройки---Преобразования---Масштаб командасын орындаңыз

  3. Преобразование-дегі келесі батырмалардың біреуін басыңыз:

    • Көлденеңінен теріс қарату – объектіні солдан оңға қаратады

    • Тігінен теріс қарату – объектіні жоғарыдан төмен қаратады

Объектілерді топтау

Бір немесе бірнеше объектілерді топтау уақытында бұл объектілер тұтас қарастырылады. Топтастырылған объектілердің барлығына бірдей параметрлер қолданылады. Объектілерді топтау үшін оларды ерекшелеп, Упорядочить---Сгруппировать командасын орындау керек. Объектіні топқа қосу үшін, Окно—Окна настройки—Диспетчер объектов командасын орындап, объект атын топ атына алып бару керек.



IV. Бекіту 15 мин.

Төмендегі суреттерді CorelDraw бағдарламасында салу.











V. Сабақты қорытындылау

(Білім алушыларды бағалау) 3 мин.


VI. Үй тапсырмасы 3 мин.

1.4-тақырып, 54 бет, тапсырмалар, (Н. Ермеков, Компьютерлік графика, «Фолиант» баспасы, Астана-2010ж.)



Пән оқытушысы: ____________ Ермухамбетова М.А.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет