Сабақ жоспары №13 Оқу пәні



Дата12.09.2020
өлшемі21,48 Kb.
#78281
түріСабақ

Сабақ жоспары № 13

Оқу пәні: Дене тәрбиесі

Тобы




























Күні





























Оқытудың түрі және жүйесі: практикалық сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақтың тақырыбы: Ядроны итеру.

Білімділік:  Өтілетін сабақтың әдіс-тәсілдерін түсіндіру,үйрету,меңгерту

Тәрбиелік: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру

Дамытушылық: Оқушыларды салауатты өмір салтына қалыптастыру

Пәнаралық байланыс: өзін – өзі тану

Оқытудың әдістері және ынталандыру: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан - жақты түсіндіру.

Сабақтың әдістемелік қамтамасыз етілуі: Ысқырық, жалауша, секундомер

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Барсевич В.К ., Болышенков В.Т., Рябинуев Ф.П. Концепция, дене мәдиенетіне бағыттау

  2. Дене мәдиенеті Тәрбиелеу, білімдік, жаттықтыру. 1996, № 17.-С.225-230.

  3. Тайжанов С. Т. Казақстанда саяхатың дамуы. 2000ж № 14. С.196-201.


Сабақтың құрылымы мен мазмұны

Сабақтың

кезеңдері

Сабақтың кезеңдерінің мазмұны мен сұрақтары

Уақыт

(минут)

I.Ұйымдастыру кезеңі, тұрғызу,сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгелдеу. 2

II.Сабақтың мақсатын және жұмыс жоспарын хабарлау

Сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгелдеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!»,«Алаңды айналып алға бас !жаттығулары. 3



III.Студенттердің білімін бақылау. Үй тапсырмасын тексеру.


Арнайы жүгіріс жаттығулар:

1. Тізені көтеріп жүгіру,қол алдыда;

2. Аяқты артқа лақтырып жүгіру,қол желкеде;

3. Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру,қол желкеде;

4. Бұғы жүгіріс

5. Сол, оң аяқпен биікке секіріп алға қозғалу.

6. Жылдам жүгіру

7. Жәй жүріс тынысты қалпына келтіру

8. Дем алу,дем шығару


20

ІY.Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу әрекетін дамыту.

Жеңіл атлетикалық көпсайыс

Көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар- жүгіру, секіру, лақтыру және кедергіден өту.

Ерлердің онсайысы (жазғы маусым): 100м жүгіру, ұзындыққа секіру, ядро лақтыру, биіктікке секіру, 400м жүгіру, 110м кедергімен жүгіру, диск лақтыру, сырықпен секіру, найза лақтыру, 1500м жүгіру.

Әйел адамдардың жетісайысы (жазғы маусым): 100м кедергімен жүгіру, биіктікке секіру, ядро лақтыру, 200м жүгіру, ұзындыққа секіру, найза лақтыру, 800м жүгіру.

Ерлердің жетісайысы (қысқы маусым): 60м жүгіру, ұзындыққа секіру, 60м кедергімен жүгіру, ядро лақтыру, биіктікке секіру, сырқпен секіру, 1000м жүгіру.

Әйел адамдардың бессайысы (қысқы маусым): 60м кедергімен жүгіру, биіктікке секіру, ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, 800м жүгіру.



Ережелер

Әрбір көпсайыс түрі үшін спортшылар белгілі ұпай санын алады, олар арнайы кесте арқылы немесе эмпирикалық формула бойынша аударылады. IAAF ресми сөрелері көпсайыс жарыстарында әрқашан еки күн бойы өтеді. Көпсайыс түрлері арасында демелу үшін интервал анықталған. Жарыстың жеке түрлерін өткізу барысында көпсайысқа тән өзгеше түзетулер бар:

-жүгіру түрлерінде бір рет ерте ұмтылу(фальстарт) рұқсат етілген (жай жүгіру түрлерінде бірінші ерте ұмтылудан кейін дисквалификациялайды)

- ұзындыққа секіру және лақтыру кезінде қатысушыға тек қана 3 мүмкіндік қана беріледі; егер белгілі жағдайда стадион автоматтық уақыт межелеуімен жабдықталмаса, онда қол уақыт межелеуімен қолдануға рұқсат етілген.





5


Y. Жаңа тақырыпты хабарлау және оның жоспарымен таныстыру

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.

Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті 

1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада  атлетиканың дамуына  үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды. 

1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді. 

1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс. 

Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады. 

Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру. 

Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту. 

Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық. 

Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолдана­ды. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек. 


35

YI.Жаңа тақырыпты бекіту

  1. Сапқа тұрғызу

  2. Жақсы істеген оқушыларды белгілеу

  3. Ұйымдастырып қайтару

10

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Сапқа тұрғызу. Сабақты қортындылау.Мадақтау.Бағалау.Қателік жіберген оқушыларға ескертіп түзету.

10

ҮІІІ.Үйге тапсырма беру:

Оқушыларды орындауына қарай жіберген қателіктерін айтып,үлгірімңне қарай жалпы немесе жекелей үйге тапсырмалар беру

5

Оқытушы: _____________



ПЦК төрайымы: ________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет