Сабақ жоспары №1мектеп-гимназиясы Мерзiмі: 21. 11. 15ж №11 Тақырып: «Отбасы жарастығы»



Дата21.01.2017
өлшемі59,08 Kb.
#7511
түріСабақ
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосы

Бекітемін: С.Сариев

Сабақ жоспары

1мектеп-гимназиясы Мерзiмі: 21.11.15ж №11



Тақырып: «Отбасы жарастығы»

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Адалдық , әділдік

Мұғалiм: Матжанова Айнұр С ынып: 5а Оқушы саны:12


Сабақ мақсаты:

Балалардың «сыйластық» махаббат, сүйіспеншілік, ұғымдарының құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру

-отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

-өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Ресурстар:слайд,

Видеоролик,

стикерлер,

жүрекшелер,

күннің суреті,

май шам

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті.

Қайырлы таң!Балалар!

Көзімізді жұмып,терең демаламыз.Біз барша тіршілікке жылу мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық.Күннің көзі болып, жарқыраған бойымыз тек жақсылық ойлайды, күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап-жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді, ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, желге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай сезімде болдыңыздар?

Сабақ барысын талқылау


2. Үй тапсырмасы . Тақырыпқа сәйкес даналық сөздер жазып келу.


Тексеру

3. Мұғалім сыйы:

«Маңызды мәселенің қарапайым баяны» тақырыбында ата мен әженің, ана мен әкенің, аға мен інінің, қарындастың отбасындағы қандай орын алатыны туралы баяндау.


Видеоролик көрсету

4. Ребус шешу

5” а ””ы

5. Отбасы құрамын кімдер құрайды?
Отбасы




6. Әңгімелесу

Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

Отбасының сыйластығына қалай қол жекізуге болады?


Өз ойларын ортаға салу




7. Мәтінмен жұмыс

Отбасы татулығы

Аңыз әңгіме

Өсиет әңгіменің мәні неде?

Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?


Аңыз әңгіменің мағынасын түсіну

8. Жаңа ақпарат

Адамға өмірде ең қымбаты-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік ,сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.


Отбасындағы сыйластықты сақтауды үйрену

9. Рефлексия

1. Сабақ саған ұнады ма?

2. Сабақтан қандай ой түйдің?

Кері байланыс

10. Соңғы тыныштық сәті:

Бүгін біз, сендермен, отбасы татулығы туралы әңгімелестік. «Күннен жылу тараса, анадан мейірім тарайды» деген нақыл сөзді есімізге түсірсек, сүйіспеншілік бар жерде махаббат, қамқорлық, мейірімділік бар екендігіне көзіміз жетті. Жүрегімізде орын алған үлкенге сүйіспеншілік сезімдерімізді, алақанымызға салып, барша әлемге сыйлайық!


Жайлы жағдай туғызу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет