Сабақ жоспары 2- күн Жоспарлаған 1-топ тыңдаугшылары: Мерекеева Майра, Жусупова Бибигул



Дата28.02.2022
өлшемі67,85 Kb.
#133655
түріСабақ
Байланысты:
2-күн сабақ жоспар


Сабақ жоспары 2- күн
Жоспарлаған 1-топ тыңдаугшылары: Мерекеева Майра, Жусупова Бибигул

Апта

күні

Тренер

Өткізілетін орны

Тақырыбы:

1-сабақ Сыныпты қадағалау әдістемесі
2-сабақ Мұғалімдерге нені білу міндет?
Сынып мәдениеті мен оқу ортасы

Мақсаты:

Мұғалімдер сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесіне талдау жасайды және ғаламдық мәдени айырмашылықтар, қоршаған орта факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы қорытынды шығарады.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер өздерінің сыныпта қадағалау жүргізу дағдыларын бағалайды, қадағалаудың құрылымдалған және құрымдалмаған түрлерін салыстырады. Сонымен қатар мәдениет санатына анықтама беріп, аталған термин оқу ортасымен қалай байланысатынын түсіндіреді.

Түйінді идеялар:

Қадағалау- ақпарат жинау мен мектепте (сыныпта) болып жатқан оқиғалар туралы толығырақ мәлімет алудың пәрменді тәсілдерінің бірі.
Адамдар күнделікті қолданатын «бағдарламалық жасақтама» түріндегі мәдениет.
Проблемалық мәселелер: аталған «бағдарламалық жасақтама» бүкіл ұлт үшін ортақ па? Қоғамдастық үшін ше? Кәсіпқойлар тобы (мысалға, мұғалімдер) немесе оқушылар тобы үшін ше? т.б.
Мәдениет құбылысын түсінуге қатыстылықты түсінудің маңыздылығы. Мәдениет құбылысының маңызды болып көрінуіне қарамастан, оны бірқатар «мәдениет» тұрғысынан қабылдау қажеттілігі және «мәдениетаралық» іс – қимылдың мәнін анықтау. Өз мәдениетін шамамен алғанда дара мәдениет болып табылатын өз мәдениетінің ішіндегі әртүрлі айырмашылықты пайымдайтын жалпы мәдениет нормаларының арасалмағымен жайғастыру.




Сабақ барысы:

1-сабақ
Назарды белсендіру5-7 м.
3-5 мин.



Сергіту сәті «Жүгіртпе жалын»

1,2,3,4 санау арқылы 4 топқа бөліну.


1,3 топқа «құрылымдалған» кесте үлгісін беру
2,4 топқа бейне түсірілім арқылы қадағалау тапсырлады.
Сілтеме: «Үлестірме материалдар» 31- бет.



Ақпарат
45 мин.



Ресурстар: Бақылаудың құрылымдалған кестесі (Білім беру платформасын қара). Бейнежазба: «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Астана қ. (Білім беру платформасын қара). 45 мин.

Тәжірибе
10 мин.

15 мин.


Топтар кестелерін, қадағалау пікірлерін ауыстырады, зерделеп талдайды, қадағалау нәтижелері бойынша ұсыныстарын білдіреді.

Ой толғаныс«Миға шабуыл»


Сыныпты қадағалаудың маңыздылығын ашу Тренер сұрақтары:
1.Қадағалау дегеніміз не?
2. Оқушыларды қадағалау неліктен маңызды?



Кері байланыс
10 мин.

Қорытынды рефлексия. «Аяқталмаған сөйлем».
Тренер стикерлерге аяқталмаған сөйлемдерді аяқтауды тапсырады.
Қадағалау - бұл ......
Бүгін мен үшін ....
Құрылымдалған қадағалау ....
Құрылымдалмаған қадағалау ....
Ең маңыздысы- ..






Үзіліс

2-сабақ
Назарды белсендіру
7 мин.

Жоғары белсенділікті талап ететін жаттығу.
Сергіту «Комплименттер бұрқасыны» 5 топқа бөлу.
Тренер түрлі-түсті қағаздар таратып беріп мұғалімдерге өздерінің естігісі келетін комплименттерін жазуды тапсырады. Бұнан соң оны умаждап, бір-біріне лақтырады. Алған қағазды ашып комплиментті оқып, сол қағаз түсі арқылы топқа бөлінеді. Мұғалімдер сергітуден соң топқа бөлінеді.

Ақпарат
3 мин.

30 мин.


«Адасқан әріптер» тәсілімен тақырыпты анықтау
«ПЫСЫН ТДЕНИІМЕӘ» әріптерін беріп, әріптерді орнына дұрыс орналастырғанда қандай сөз шығатынын сұрайды.
Мұғалімдер тақырыпты анықтайды.

ЖИГСО әдісі Мәдениеттің 5дәрежесін топтық талқылау.


Сілтеме: «Үлестірме материалдар» 36-37- беттер



Тәжірибе

35 мин.




Мағананы ашу. Топтық жұмыс
Мәдениет сипаттамасының мәні
1 топ «Дөңгелек үстел» ұйымдастыру
2 топ. Диолог құру
3 топ. «Мәдени белсенділік дегеніміз не?» жұптық жұмыс.
4 топ. «Сынып мәдениеті» тақырыбына кластер жасау
5 топ. «Мектеп мәдениеті» тақырыбына ролдік ойын.
«Мектеп мәдениеті» түсінігін қалыптастыру.



Кері байланыс

15 мин


«Модерация» әдісі. Мәдениет сипаттамасының мәні.
1.Мектеп мәдениеті деген не?
2. Мәдени белсенділік деген не?
«Фишбон» әдісі арқылы «Мәдени белсенділік дегеніміз не?» деген проблеманың себептерін дәлелдермен қорытыды шығару.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет