Евразиялық технико- гуманитарлық колледж
Сабақ жоспары № 2
Пән: География
Курс тақырыбы: Халық географиясы
Сабақ тақырыбы: Халықтын саны және ұдайы өсуі. Демографиялық дағдарыс, демографиялық жарылыс, демографиялық саясат.
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі туралы білім беру:жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе,адамның шығу тегі, даму ерекшеліктері, әр түрлі елдердегі халықтың табиғи өсімінің,әлемдегі қазіргі күнгі демографиялық дамудың барысы және соған байланысты туындайтын проблемалар «халықтың ұдайы өсуі» «демографиялық жарылыс», «демографиялық саяасат» ұғымдарын ашып көрсету;
Дамытушылық: Демографиялық жарылыстың салдары және оның географиясы туралы білік дағдыны қалыптастыру;статистикалық мәліметтерді өңдеу, оны практикада пайдалану және сандық көрсеткіштерді сызбанұсқа арқылы талдай білуге дағдыландыру,оның құрылу әдісімен таныстыру,сандық көрсеткіштерді оқи және талдай білуге үйрету;халықтың ұдайы өсу типтерімен жеке елдер мысалында танысу,ерекшеліктерін сипаттау.
Тәрбиелік: Халық санағы туралы айтқанда халық санақтары нәтижесінде талдау жасау арқылы халық санының өзгерістері жайлы мәліметтермен танысып, оның себеп-салдарын ашу
Сабақтын типі: Жаңа білім беретін сабақ
Сабақтән түрі: дәріс
Сабақта пайдаланатын әдістер: Дүние жүзінің саяси картасы, проектор, экран оқулық, 10 сынып атлас, слайд
Сабақтын жабдықталуы: көрнекілік құралдар тірек конспект, тапсырма тілікшелері
үлестірмелі материалдар тапсырма тілікшелері
Сабақтың мазмұны
Үй тапсырмасын қайталау:
1. Дүние жүзі елдерінің мемлекетінің басқарудың неше түрі бар?
2. Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы?
3. Дүние жүзінде неше монархия бар?
4. Маңғолияның астанасы?
5. Монархиялық басқару дегеніміз?
6. Егеменді мемлекет дегеніміз не?
7. Ұлыбритания Достастығының саяси экономикалық бірлестігіне қандай мемлекеттер кіреді.
8. Доминион дегеніміз не?
9. Мемлекеттік құрылыстың құқықтық формалары
Жаңа сабақ:
Адамзаттың шығу тегі мен Жер шарындағы таралуы әлі күнге дейін талас тудырып келе жатқан сұрақтардың бірі. Жалпы адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антопология ғылымы екенін білеміз. Яғни антропос – адам деген сөзден шыққан. Көпшілік антрополог ғалымдардың пікірінше , алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. Жалпы саналы адам (Homo sapiens) осыдан шамамен 50-100 мың жылдай бұрын пайда болған. Кейін алғашқы адамдар Африкадан алдымен Еуропа мен Азияға, одан әрі Азиядан Америка мен Аустралияға, ең соңында Мұхит аралдарына тараған деп есептейді. Оқулықтағы 15-суреттен көруге болады. Ғалымдар 15 мың жыл бұрын ғаламшарымызда 3 млн аспайтын тұрған деп шамалайды. Ерте кезеңдерде халықтың саны тек шамамен ғана айтылатын. Қазір халық санақтары ұдайы жүргізіліп тұрады.
Алғашқы халық санақтары б.з.д. ІІІ мыңжылдықта Ежелгі Қытайда және Египетте мемлекеттің әскери және салық саясаты үшін жүргізілген. Ал ХХ ғасырда барлық елдерде халық санағы жүргізілді.Кейбір мешеу елдерде халық санағын жүргізуге халықаралық ұйымдар қаржы бөлді. Мысалы: алғашқы халық санағы Ауғанстанда 1979 жылы, ал Оман мемлекетінде 1993 жылы жүргізілген. Жалпы халық санағы БҰҰ-ның ұсынысы бойынша әрбір 10 жыл сайын жүргізуі керек.
Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әрбір он жылда жүргізілді. Ал тәуелсіздігімізді алғаннан кейін 1999 жылы халық санағы болды. Кезекті халық санағы 2009 жылы жүргізіліп халық саны 16 млн 196 мың 180 адамға жеткенін көрсетті.
Жалпы Жер шары халық алғашында өте баяу өскен. Табиғи апаттар, жиі болатын соғыстар және әртүрлі жұқпалы аурулар т.б. Халық саны ХХ ғасырда күрт артты. Мысалы, 1930ж – 2млрд адам, 1962ж – 3 млрд, 1976ж – 4 млрд, 1987ж – 5 млрд, 1999ж – 6 млрд, 2011 жылдың қазан айында 7 млрд жетті. Халық санының мұндай күрт өсуін демографиялық жарылыс деп аталады.
Енді жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер пайдаланылады.
Абсолютті көрсеткіш табиғи өсу (туу мен өлімнің арақатынас) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар)
Салыстырмалы, яғни 1000 адамға шаққандағы промилле 0/00 есебімен өлшенетін коэффициент.
Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің қызметі тікелей әсер етеді.Мысалы Ежелгі Рим және Грекия тұрғындары орташа есеппен 25-30 жас өмір сүрсе, ХХ ғасырдың орта шенінде 46 жас, ал 2012 жылы 70 жасқа жетті. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы көрсеткіш бойынша: орташа жас ұзақтығы 69жас, әйелдерде 74, ер адамдарда 64 жасты құрайды.
Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды.
Халықтың ұдайы өсуінің типтері
|
Көрсеткіштер
|
Аймақтар
|
Туу
|
Өлу
|
Табиғи өсу
|
Дәстүрлі
|
Өте жоғары
|
Жоғары
|
Өте жоғары
|
Африка мен Азияның мешеу елдері
|
Өтпелі
|
Жоғары
|
Төмен
|
Өте жоғары
|
Латын Америкасы, Азия, Мұхит аралдары
|
Қазіргі
|
Өте төмен
|
Төмен
|
Өте төмен
|
Еуропа елдері,АҚШ; аустралия Одағы, Канада
|
Халықтың ұдайы өсуін реттеу мақсатында мемлекеттік деңгейде демографиялық саясат жүргізіледі. Демографиялық саясат – елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталып, жүргізілетін шаралардың жиынтығы. Мысалы Қытай, Үндістан және Бангладеш елдері.
Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Демографиялық жарылыс – дүние жүзіндегі халық санының күрт өсуі. ХХ ғасырдың бас кезінде халық саны тез қарқынмен өсе бастады да, ғасырдың орта тұсында әсіресе екінші жартысында күрт көбейді. XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың 3/4-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. Демографиялық дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, мемлекеттің демографиялық саясаты т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 - 22) бірінші Демографиялық дағдарысқа ұшырады. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәелділігімен , жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе XX ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай халық санының өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі халық саны көп елдер. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси алғышарттар, экологиялық ахуал себепші болады.
Сабақты бекіту.
Бөлінген екі елге,
Халық бар азиялық шетелде. (Солтүстік, Оңтүстік Корея)
Жер бетінде халқы көп,
Кім айтады елді дөп. (Қытай)
Өзі - қала, ел - өзі,
дамыған үлгі үрдісі.
Азиялық болса да,
Еуропалық тұрмысы. (Жапония)
Мұсылман үшін қасиетті,
дінінің туған жері еді.
Мұнайдан халқы байыған,
бұл әлемнің қай елі? ( Араб Әмірлігі)
Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы § 5,6,7
Оқытушы қолы: ____________________________Бельгубаева Г.Е.
Достарыңызбен бөлісу: |