Сабақ жоспары №20 Күні-айы: 06. 04. 2016 Топ: а-01 Курс: I мамандығы: 0508000 -тамақтандыруды ұйымдастыру



Дата06.07.2018
өлшемі23,98 Kb.
#47447
түріСабақ
«БЕКІТЕМІН»

«Қаракемер кәсіптік колледжі»

МКҚК аға шебері

____________ Тукеева Ж.С
Сабақ жоспары № 20
Күні-айы: 06.04.2016 Топ:А-01 Курс: I

Мамандығы:0508000 –тамақтандыруды ұйымдастыру

Бөлімнің тақырыбы: Сорпалар мен көжелер дайындау технологиясы

Сабақтың тақырыбы: Сүт, тәтті, салқын көжелер дайындау технологиясы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Жарма , жұмыр кеспе, көкөніс өнімдерінен сүт көже, жас жеміс,құрғақ жемістер қоспасы тәтті көжелерін, наннан жасалған квас, әкрөшке, салқын борщ дайындау технологиясын үйрету.

Дамытушылық: Сүт, тәтті, салқын көжелер дайындау барысында тағам түрлерін ажырату, салыстыра білу, техника қауіпсіздігін сақтай алу, санитария гигиена негіздеріне сүйене отырып жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Білім алушыларды « тағам дайындау технологиясы» шеберханасында тазалыққа, жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға , ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету сабағы;

Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау)

Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар:үлестірмелі қағаздар, кестелер, арнайы тақтайлар, арнайы пышақтар, арнайы тегештер,электр плитасы, сотейник және 0,5 кострюлі, шойын қазан, томарша, ет шабатын балта, инструктивті – технологиялық карта, қалақ,тапа, шанышқы, ас қасық, ет тартқыш,өндірістік жұмыс үстелі,таразы және т.б құрал – жабдықтар.

Өткізілетін орны: Аспаз мамандығының шеберханасы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3.Білім алушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру


2.Кіріспе нұсқау: (45 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;

- Жарма көже дайындау технологиясы?

- Харчо қай мемлекеттің ұлттық тағамы?

- Жұмыр кеспе өнімдерінен дайындалған көже?

- Үй кеспе көжесін дайындау әдісі?

- Пюре – көже дайындау технологиясы?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;

Сүт көжелер

Сүт көжелерді жаңа сауылған сүтте(қаймағы алынбаған сүтте), сүт пен су қоспасында, қойытылған қантсыз сүтте, сүт ұнтағында дайындайды. Бұл көжеге жармалар, жұмыр кеспе өнімдері, көкөніс пайдаланылады. Жұмыр кеспе өнімдері, тұтас дәнекті жармалар, көкөністер сүтте нашар піседі. Сондықтан оларды алдын ала суда шала пісіріп алып, сосын сүтте пісіреді.



Жарма қосылған сүт көже. Іріктелінген, жуылған жарманы аздап тұз салынған қайнап тұрған суға салып, шала пісіреді де үстіне сүт құйып, дайын болғанша пісіреді. Пісіру аяқталған соң қант салады.

Егер қаймағы алынбаған сүтте пісірсе, онда жарманы алдын ала 5 -7 мин. суда пісіреді де суы ағып кеткенше сүзеді. Сосын жарманы қайнап тұрған сүтке салып, дайын болғанша пісіреді.



Жұмыр кеспе өнімдерінен дайындалған сүт көже. Дайындалған жұмыр кеспе өнімдерін аздап тұздалған қайнап тұрған суға салып, шала пісіреді де ыстық сүт құяды. Дайын болғанша пісіреді. Пісіру аяқталар кезінде қант салады. Егер көжені қаймағы алынбаған сүтте дайындайтын болсақ, онда жұмыр кеспе бұйымдарын қайнап тұрған суға салып пісіреді. Жұмыр кеспені 15-20 мин., кеспені 10-12 мин., тілік кеспені 5-7 мин. пісіріп, сосын сүзгішпен сүзеді. Одан әрі дайындалған жұмыр кеспені қайнап тұрған сүтке салып, қант қосады да дайын болғанша пісіреді.

Ұсына кезде тәрелкеге көже құйып, бір кесек сары май салады.



Көкөніс қосылған сүт көже. Сәбізді бөлікше, томарша не текшеше турап, сары майда не маргаринде жеңілдеп шала қуырады. Ақбасқауданды орамжапырақты қылыш тәрізді, түсті орамжапырақты ұсақ гүлшоғына бөлшектейді, картопты текшешеге не бөлекшеге, үрме бұршақ қынабын шаршы не ромба түрінде турап, бөлек пісіреді. Аздап тұз салынған қайнап тұрған суға шала қуырылған сәбіз салып қайнатады. Сосын картоп, түсті не ақбасқауданды оражапырақты салып, шала пісіреді. Одан соң ыстық сүт құйып, дайын болғанша пісіреді. Пісіру аяқталар кезде үрме бұршақ, тұз салады.

Тәтті көжелер

Тәтті көжелер дайындау үшін жас, қалбырланған, кептірілген жидектер мен жемістер, сондай – ақ тамақ өнеркәсібі дайындап шығаратын жеміс – жидек шырындары, езбелері, шәрбаттар пайдаланылады.Бұлардың сұйықтық негізі жеміс қайнатпа сулары болып есептелінеді. Жидектер тұтастай, ал жемістерді кесектерге турайды.Бүлінген,жаншылған жидектер мен жемістерді үгеді және пюре түрінде қосады.Тәтті көжелерді салқында береді, ыстықтай да берсе болады.



Салқын көжелер

Салқын көжелерге маусымдық көжелер жатады.Себебі оларды жаз кезінде дайындайды. Салқын көжелерге әкрөшке, салқын борщ, қызылша сорпасы, көк щи жатады. Оларды наннан дайындалған кваста, қызылша және көкөністер қайнатпа суында, майлы айранда әзірлейді.

Бұл көжелер салқын цехта дайындалады. Ол үшін арнайы бөлінген ыдыстар, жабдықтар және таңбаланған тақтайлар қолданылады. Көжеге пайдаланылатын өнімдерді өңдеуге, көжелерді дайындауда және сақтауда санитарлық норма талаптарын мұқият сақтау керек.Дайын көжені тоңазытқышта сақтайды.

2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

- Тәтті көже дайындау технологиясы?

- Сүт көжелерін дайындау әдісі?

- Нан квасынан, көкөніс қайнатпа суынан, майлы айранда дайындалған салқын көжелер технологиясы?

3.Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (4сағат)

3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:

- Сүт, тәтті, салқын көжелер дайындау технологиясы;

3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):



  • Аспаз шеберханасына кірмес бұрын жеке бас гигиенасын тексеру;

  • Шеберхананың жарықтығы, ылғалдығы стандартқа сай екендігін карастыру;

  • Жарма қосылған, көкөніс қосылған, жұмыр кеспе өнімдерінен сүт көжесін дайындау;

  • Жас жеміс, құрғақ жемістер қоспасы көжелерін дайындау;

  • Наннан жасалған квас, ет әкрөшкісі, салқын борщ дайындау;


4. Қорытынды нұсқау (15 мин):

4.1. Сабақты қорытындылау;

4.2.Жіберілген қателерді талдау;

4.3.Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;

4.4. Үй тапсырмасы: Рецептура жинағы бойынша

№ 258


302

297


315

5.Жұмыс орнын жинастыру.
Ө/о шебері: _______________Тулегенова К.Н
Каталог: uploads -> doc -> 06b5
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06b5 -> Сабақтың тақырыбы: Векторлық және растрлық графиктерді құру. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет