Математика
6- сынып
Күнделікті сабақ жоспары
2014-2015 оқу жылы
Математика 6- сынып Күнделікті сабақ жоспары
№ 1-2-сабақ. ______________________
Тақырыбы: 5-сыныпта өткенді қайталау есептерін шығару. Жай бөлшектер.
Мақсаты :
5 сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, жүйелеу оқушылардың алған білімдерін жинақтау, ойлау, танымдық қабілетін арттыру.
логикалық сауаттылығын, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
1. Ұйымдастыру бөлімі. (2 мин.)
2. Қайталау сұрақтарына жауап беру. (Сынып оқушылары сұрақтарға қол көтеріп жауап береді.)
Бөлшек қандай элементтерден тұрады?
Дұрыс бөлшек деген не? Бұрыс бөлшек деген не?
Аралас сан деген не? Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырады?
Ондық бөлшек деген не?.
Кері сандар деген не?
Бөлшектерге қандай амалдар қолданылады?
Ондық бөлшектерді қалай бөлшекке айналдырамыз? (мысал келтіру)
(Егер оқушылар қандай анықтама немесе ережені естеріне түсіре алмаса, мұғалім көмекші сұрақтар беру арқылы көмекке келеді)
БӨЛШЕК- алымы, бөлімі
ДҰРЫС БӨЛШЕК – алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
БҰРЫС БӨЛШЕК – алымы бөлімінен үлкен немесе тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады.
АРАЛАС САН – бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан арала сан деп аталады.
АРАЛАС САНДЫ БҰРЫС БӨЛШЕККЕ АЙНАЛДЫРУ:
Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейту керек.;
Шыққан көбейтіндіге бөлшек бөлігінің алымын қосып, алым ету керек;
Бөлшектің бөлімін өзгертпей, бөлім етіп қалдыру керек.
Мысалы :
ОНДЫҚ БӨЛШЕК- бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады.
ӨЗАРА КЕРІ САНДАР - көбейтіндісі 1- ге тең болатын екі санды өзара кері сандар деп атаймыз.
Мысалы:
ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ БӨЛШЕККЕ АЙНАЛДЫРУҒА МЫСАЛ Ы:
3. Ауызша есептер: Есеп тізбек бойынша беріледі. Әр амалды бір оқушы орындайды. Бұл тапсырма тақтаға орындалады.
1-есеп: Жауабы: 1/8
2-есеп: х=0,7; 1,1.
4 . Тапсырмалар орындау. (15 мин.)
№1 тапсырма: Қосуды орында
Азайтуды орында:
|
|
|
|
|
|
|
|
Көбейтуді орында:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бөлуді орында:
Сыныпта орындалатын есептер: № 1 Тақтаға 2 оқушыдан шығарып, қалған оқушыларға орындарынан шығару ұсынылады.
5. Сабақты қорытындылау. (3 мин.)
Бағалау
6. Үй тапсырмасын беру. (2 мин.) 3 бет 2 –есеп
Математика 6- сынып Күнделікті сабақ жоспары 2014-2015 оқу жылы
Сабақ № 3 ______________________
Сабақтың тақырыбы: Процентке қайталау есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Проценттерді есептеу біліктіліктері мен дағдыларын пысықтау.
Оқушылардың ақпаратты сыни көзқараспен ой елегінен өткізе алу, түсіндіре алу, бағалай алу қабілеттерін дамыту.
Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар жазылған слайдтар, баспасөз материалдары, тест материалдары, презентация.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру:
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
Процент- кез келген шаманың жүзден бір бөлігі.
1% =1/100 немесе 1% = 0,01
Мысалы: 100%= 1 , 10% =1/10= 0,1; 20% = 1/5= 0,2 , 25% =1/4=0,25 , 50%= ½= 0,5, 75%= ¾=0,75
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:
- 100%-ке сәйкес санды, берілген санның процентке сәйкес мәнін, процентін анықтау.
ІІІ Есептер шығару:
1. Процентті жай бөлшекпен жазыңдар:
№4(1,2) №4(3,4)
2. Процентін табыңдар:
№5(2,3) №5(1,4)
№6 ауызша
3. Есеп:
Сәуле кітаптың 25 бетін оқыды. Саяхатшы бірінші күні 60км
Бүл кітаптың барлық бетінің жол жүрді. Бұл оның барлық 20%-і. Сәуле оқыған кітапта жүруге тиісті жолының 15%-і
барлығы неше бет? Саяхатшының барлық жүруге
тиісті жолы неше километр?
Бөлігі бойынша санды табыңдар:
Бірінші себетте 48 алма бар, бұл екінші себеттегі алманың 6/7-сына тең. Екі себетте қанша алма бар?
Оқулықпен жұмыс:
Сабақты қорытындылау:
Бағалау.
Үй жұмысы: . № 5, №6
Сабақ жоспары
№5
Пән: математика
Сынып: 6 «а»
Күні: ___________
Сабақтың тақырыбы: Тақырыпқа қайталау есептер шығару (2-ші сабақ)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қатынасқа кері қатынас. Қатынастың белгісіз мүшесін анықтау.
Дамытушылық: Есеп шығару қабілеттерін дамыту. Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдістері:
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:
Қатынас. Берілген қатынаста бөлу.
Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, сұрақтарына жауап беру.
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №54
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №55(1,2), №56, №57, №60
Сабақты бекіту кезеңі:
Екі санның қатынасы
Берілген қатынасқа кері қатынас
Екі санның қатынасын процентпен өрнектеу.
Сабақты қорытындылау
Бағалау .
Үй жұмысы: №13 (4,5,)
Достарыңызбен бөлісу: |