Сабақ жоспары №23 Пәні: Қазақ тілі Тобы: Мерзімі: Сабақтың лексикалық тақырыбы



Дата29.01.2017
өлшемі41,21 Kb.
#8219
түріСабақ
«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________



Сабақ жоспары № 23
Пәні: Қазақ тілі

Тобы: ______________ Мерзімі: ___________



Сабақтың лексикалық тақырыбы: Отырарлық ғалым.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Дыбыс үндестігі.
Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға дыбыс үндестігі және отырарлық ғалым – Әбунасыр әл-Фараби туралы түсінік беру;

ә)Дамытушылық: оқушылардың тіл байлықтарын дамыту;

б)Тәрбиелік: оқушыларды мәтін мазмұны арқылы туған жерді қастерлеуге, тәрбиелеу, ана тілге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.

Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.

Оқыту құралдары: тірек сызба, компьютер.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Звуковой сингармонизм».
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Оқушылардың дәптерлерін тексеру.


ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

  1. «Отырарлық ғалым» мәтінін оқу, аудару.

  2. Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түсіндіру.

  3. Сөздікпен жұмыс

Әбу Насыр Әл-Фараби туралы қысқаша мағлұмат беру. (870-950)

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтарм бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – күллі әлемге танымал ұлы жерлесіміз - Әбу Насыр әл-Фараби.

Сабақтың грамматикалық тақырыбын түсіндіру:




Ереже:

Дыбыс үндестігі (звуковой сингармонизм). Түбір сөздің соңғы дыбысы мен оған жалғанатын қосымшаның бастапқы дыбысының бір-біріне ықпалы: құс-тар, қаз-дар, көл-дер.

Дауысты дыбыстың әсерінен түбірдегі соңғы дыбыс өзгереді: кітап-ы – кітабы, шелек-ім – шелегім, тарақ-ың – тарағың.

Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингармонизм заңына бағынбайды. Мысалы: кі-тап-тар, мұ-ға-лім.
ІІІ. Бекіту.


  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

  2. Мәтінді мазмұндау.

  3. 1,2, 3, 4 жаттығуларды орындау


Тапсырма:

Мына сөз тіркестерді мәтіннен тауып, аударыңдар.

Дүние салды –

Шежіре кітаптары –

Төбелер жатыр –

Туған қаласы –

Дүние жүзіндегі ең ірі –

Бірі болды –
Тапсырма:

Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Данышпан, шаһар, ұстаз, шежіре, өзені, дүние жүзі.


Тапсырма:

Мына сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөз құрамына талдаңдар.

Данышпан, шаһар, ұстаздық, отырарлық, шежіре.


Тапсырма:

Мәтіннен дыбыс үндестігіне жататын сөздерді теріп жазып, фонетикалық талдау жасаңдар.

Үлгі: жуан буынды сөздер: жіңішке буынды сөздер:

Данышпан мәлімет

Шаһар шежіре


ІҮ. Қорытындылау:

Сабақты қорытындылап, оқушылардың білімін бағалау.


V. Үй тапсырмасы:

43 бет, 10 жаттығу



Оқытушы: С.Ботантаева
Каталог: uploads -> doc -> 0913
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0913 -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспары Сәуір Тәрбиеші: Ж. А. Батталова Павлодар қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет