Сабақ жоспары 4-курс топтары (еф-18-11қ4-1, еф-18-11қ4-2) «Акушерия және гинекология» пәні



бет8/8
Дата13.12.2021
өлшемі65,61 Kb.
#125921
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
f61a7b72f732920

Сабақ түрі: практикалық

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық кестелер

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру,слайд
Өтілген материал бойынша сұрақтарға жауап алу, білімдерін қорытындылау.

ЖАҢА САБАҚ
Акушерлік қан кетулер - жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде кездесетін түрлі акушерлік асқынулардың ішінде ана өлімі көрсеткішіне ықпалы өте жоғары мәселе болып саналады.  Жыл сайын әлемде акушерлік қанкетулер 14 миллион жағдайда тіркеледі, олардың басым көпшілігі босанғаннан кейінгі кезеңде кездеседі. Нәтижесінде, 128,000  әйел  көз жұмады 

Қан кету -  500,0 мл-ден жоғары немесе дене салмағының 0,5% құрайтын қан жоғалту. Қан кету көлемінің маңыздылығы бастапқы гемоглобин деңгейімен байланысты. Гемоглобин көрсеткіші қалыпты пациенттер қан кетуге барынша төзімді болып келеді.

Анемиясы бар пациенттерде дене салмағының  0,3% құрайтын көлемде қан жоғалту қан кету болып саналады (ДДҰ, 2002 жыл).

Қарқынды қан кету белгілері:


  • 150мл/мин


  • 50%  ЖҚМ/ОЦК 3 сағат аралығында


  • 2000мл

  • 24 сағат ішінде қанның 10 дозасынан жоғары қажеттілік

  • Гематокрит көрсеткішінің 10% -ға төмендеуі және  гемодинамикалық бұзылыстардың анықталуы




Қалыпты жүктілік.


  1. ОЦК жоғарылауы


  2. Тамырлардың эндотелиясының өткізгіштік қасиетінің өсуі


  3. Альбумин көрсеткішінің төмендеуі


  4. Тамырдан тыс сұйықтықтың 1500-2000мл ұлғаюы




Акушериядағы қарқынды қан кету себептері:


  • Плацентаның ажырауы 50-70%


  • Плацентаның төмен орналасуы 30%


  • Плацентаның бөліктерінің қалуы


  • Placenta accreta, increta, percreta


  • Жатыр атониясы, гипотониясы


  • Жатыр жыртылуы, жатыр айналуы


  • Жатыр мойны және қынап жыртылулары


  • Жатыр мойны патологиясы, жарақаттары


  • ДВС, преэклампсия, HELLP, туа болған коагулопатиялар


  • Антикоагулянттар әсері




Жүктіліктің бірінші жартысындағы қан кетулер: өздігінен болған түсік, көпiршектi күртiк (пузырный занос), жатырдын тыс жүктілік, жатыр мойны түзілістері, жатыр мойны және қынап варикоз түйінділерінің жарылуы.

Өздігінен болған түсік - жүктіліктің ерте мерзіміндегі қан кетулер - жүктіліктің 22 апталығына дейінгі қынап арқылы қан кетумен  жүретін гестация асқынуы.

Өздігінен болған түсік - жетілмеген және өмір сүруге қабілетсіз, сондай-ақ салмағы 500 граммға жетпейтін ұрықтың туылуымен аяқталған жүктіліктің 22 апталығына дейінгі өздігінен үзілуі

Классификация:

1. Жүктілік мерзіміне байланысты:


  • ерте –жүктіліктің12 апталыққа  дейін өздігінен үзілуі


  • кеш – жүктіліктің 13-21 апталық аралығында өздігінен үзілуі




2. Клиникалық белгілері бойынша:


  • Түсік қаупы


  • Басталған түсік


  • Жүрудегі түсік


  • Толық емес түсік


  • Толық немесе аяқталған түсік


  • Болмаған немесе жүрмеген түсік


  • Инфицирленген түсік




Түсік қаупі - шағымдары іштің төменгі жағында, бел аумағына берілетін сыздап, тартатын ауырсыну. Қан кету - аздаған немесе болмайды.  Қынап арқылы тексеру: жатыр мойны өзгеріссіз.

Басталған түсік - іштің төменгі жағында ауырсыну күшейген және ұстамалы, толғақ. Қан кету орташа, көп емес. Қынап арқылы зерттеу: жатыр мойны біршама қысқарған.

Жүрудегі түсік - ұрық жұмыртқасы жатыр қабырғаларынан ажырап, жатыр қуысынан шығып бастайды. Іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, қарқынды қан кету және ұрық жұмыртқасының жылжып шыға бастауының байқалуымен жүреді. Әйелдің жағдайы қан жоғалту көлеміне сәйкес болады. Қынап арқылы зерттеу: жатыр мойны қысқарған, цервикальды канал өткізулі.

Жартылай түсік - ұрық жұмыртқасының бөліктерінің шығуы және жатыр қуысында қалдық бөліктердің болуы байқалады. Қарқынды, қоңыр қызыл түстес және ұйыған түйіршіктермен қан кетумен сипатталады.

Толық немесе аяқталған түсік - жатыр қуысынан ұрық жұмыртқасының толық шығуымен сипатталады. Қан кету болмайды

Көпiршектi күртiк (пузырный занос) - сирек кездесетін, жүктілік асқынуына соғатын ұрық жұмыртқасының ауруы. Хорион талшықтарының өзгеріп жаңаруынан болатын, талшықты қабықшаның өзгеруі. Хорион талшықтары ісінеді, ұлғайып, өсіп, көп мөлшерде эстроген бар көпіршікке айналады.

Клтиникалық көріністер:


  1. жатыр өлшемінің мерзімге сәйкес келмеуі;


  2. етеккір циклының кешігуі;


  3. хориондық гонадотропин титрі,




Қорытынды диагноз гистологиялық зерттеудің нәтижесінде қойылады. Онкогинеколог – дәрігердің диспансерлік бақылауы қажет болады.

Жатырдан тыс жүктілік - ұрықтанған жұмыртқа жатыр қуысынан тыс жерде бекінеді. Классификация: үдемелі және үзілген.

Орналасуы бойынша:


  1. Түтіктік (түтік аборты немесе жатыр тұтігінің жарылуы )


  2. Мойындық (шеечная)


  3. Іш қуыстық


  4. Аналық бездік


  5. Интралигаментарлық


  6. Рудименттік мүйізде (рудиментаром роге)




Мойындық (Шеечная) жүктілік. Айнамен қарауда: жатыр мойны бөшке пішінді, сыртқы ернеуі ығысқан, айқын цианозбен, қарау барысында жеңіл қанамалы. Қынап арқылы зерттеуде: жатыр денесі тығыз консистенциялы, көлемі жүктіліктің болжам мерзіміне сәйкес келмейді/ кіші болады. Жатыр қабырғасының тамыр құрылыстарының бұзылу салдарынан өте қарқынды қан кету анықталады.

Жатыр мойнының түзілістері.

Жатыр мойны қатерлі ісігі - экзофитті (түсті капуста тәрізді) және эндофитті  түзілістер (бөшке пішінді жатыр мойны).

Цервикалдық каналдың полиптері. Децидуальдық полип – децидуальды тіннің ұлғайып, өсуі және оның цервикальды каналға түсуі.

Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетулер:

1. Плацентаның төмен орналасуы;

2. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы;

3. Жатырдың жыртылуы.

Плацентаның төмен орналасуы

q  Жиілігі  – 0,2-0,6%

q  АӨ – от 0 до 0,9%

q  Ана ауруы – 23%

q  Мерзімінен бұрын босану- 20%

q  Перинатальды өлім – 17-26%

Плацентаның төмен орналасуы - қалыпты жағдайда плацента жатыр денесі немесе түбінде, артқы, сирек алдыңғы қабырғасында, бүйір қабырғаға созылып және жатыр мойнының  ішкі  ернеуінен 7 – 8 см жетпей  орналасады. Плацентаның толық және толық емес төмен орналасуы болып ажыратылады.   

Аралық түрі - плацентаның төмендеу орналасуы, бұл жағдайда плацентаның жиегі  жатыр мойны ішкі  ернеуінен 7 см дейін қашықтықта орналасады

Плацентаның төмен орналасуының жетекші белгісі – қайталамалы жатырдан қан кету. Басталуы кенеттен немесе дефекация акты, қынап арқылы зерттеу, жөтел, ауырлық көтерумен және т.б. байланысты басталуы  мүмкін. Қан кету әрқашан сыртқа болады.

Жамбас қуысының кіреберісіне орныққан ұрық бөлігінің жоғары орналасуы және жатыр түбінің жоғары болуы тән болып табылады. Диагноз УДЗ арқылы нақтыланады. Плацентаның толық орналасуында қынап арқылы зерттеу тек қана оталы бөлімнің толық дайындық жағдайында  жүргізіледі.

Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы - жиілігі 0,4-1,4%, перинатальды өлім 16-50% (орта есеппен 20-40%), өте аз салмақпен балалардың туылуы –   80%, ана өлімі– 1,6-15,6%.
Кері байланыс:

- Бүгінгі сабақтан не түсіндім?

- Бүгінгі сабақта не қызықты болды?

- Маған қиындық туғызды



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Р.С Бейсембаева, Ә.Т Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова. АКУШЕРИЯ кітабы. Алматы, "Білім баспасы" 2006 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет