Сабақ жоспары 5 "А" класс Пән мұғалімі



бет1/2
Дата24.05.2017
өлшемі0,57 Mb.
#16830
  1   2
7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Тақырыбы:«Бұрыш. Бұрыштың шамасы»
Ашық сабақ жоспары

5 “А” класс


Пән мұғалімі:Қожахметова Ә.

Құлсары 2014ж

Күні

Сыныбы

Пәні

Бекітілді

16.10.2014

5 «А»

Математика





Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Бұрыштың шамасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бұрыш, бұрыштың градустық өлшемін транспортир қолданып салу және шамаларын табуды үйрену;

Дамытушылық: әр оқушының тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлығын дамыту;

Тәрбиелік: жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, дәстүрлі-ойын сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:транспортир,интерактивті тақта,слайд, карточкалар, өз бетімен орындауға арналған жұмыстар

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Үй тапсырмасын тексеру (№96есеп)

  • Қайталау сұрақтары

  • Жаңа сабақ

  • Жеке жұмыс

  • Жұптық жұмыс

  • Топтық жұмыс

  • Үй тапсырмасын беру

  • Бекіту

  • Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу, сыныптың тазалығын тексеру, сыныптың кезекшілігін анықтау, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасы:№96есеп









Қайталау сұрақтары:

  1. Қандай теңдік теңдеу деп аталады?

  2. Теңдеудің түбірі деп нені айтамыз?

  3. Теңдеуді шешу дегеніміз не?

Жаңа сабақ.

Жазықтықта О нүктесін белгілеп, осы О нүктесінен басталатын ОА және ОВ сәулелерін жүргізейік. Сонда бұрыш деп аталатын фигура салынады.

Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигура бұрыш деп аталады.

Бұрышты құрайтын сәулелерді осы бұрыштың қабырғалары деп, ал сәулелер шығатын нүктені бұрыштың төбесі деп атайды. Бұрышты «» белгісімен және үш бас әріппен белгілейді. Бұрыштың төбесін белгілейтін әріп ортасына жазылады. Мысалы, суреттегі бұрыштың жазылуы:.

Оқылуы: АОВ бұрышы немесе ВОА бұрышы. Мұндағы ОА және ОВ сәулелері – бұрыштың қабырғалары деп, ал О нүктесі бұрыштың төбесі деп аталады.

Бұрышты оның төбесіндегі бір әріппен де белгілейді. Демек, АОВ немесе ВОА бұрышын түрінде де жазуға болады.

Суретте қабырғалары түзу құрайтын ЕОFбұрышы кескінделген. Мұндай бұрыш жазыңқы бұрыш деп аталады.

- жазыңқы бұрыш.

Бұрыштың өлшем бірлігі ретінде градусқабылданған. Мұндағы градус “” таңбасымен белгіленеді. Мысалы, (оқылуы: бір градус).

Бұрыштың градустық өлшемі дегеніміз берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін сан.

Демек, жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі .



Бұрышты градус есебімен өлшеу үшін транспортир қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет