Сабақ жоспары №5
Пәні: «Менеджмент»
Өткізілген күні:
Мамандығы: «Бастауыш білім беру»
Оқу тобы: ББ-41
Сабақтың тақырыбы: «Басқару функциялары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім сапасын көтеру, білім алушы құзырлығын жан-жақты дамытып, ынтасы мен қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Білім алушыларды сабақ барысында өзіндік жұмыс беруге дағдыландыру арқылы олардың осы пән бойынша білімін тексеріп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Білім алушылардың кәсіпкерлік мәдениеттілігін қалыптастыру, жауапкершілікке, тапқырлыққа, ізгілікке, жұмысбастылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: Баяндау, талқылау, сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс, тапсырма беру әдісін тиімді пайдалана отырып дамыта оқыту.
Көрнекіліктері: Кестелер, кеспе қағаздары, тарату карточкалары.
Пәнаралық байланыс: Ұйым экономикасы, қаржы, экономикалық ақпаратты автоматты
өңдеу, басқару есебі.
Сабақтың өткізілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: (2-3 мин)
Журнал толтыру, білім алушылардың сабаққа қатысуын,дәрісхананың сабаққа дайындығын қадағалау және т.б
2.Өткен сабақты қайталау (10-15 мин)
Карточкалар, сұрақ-жауап бойынша білім алушыларға теориялық сұрақтар беру арқылы
-Ұйымның жалпы сипаттамасы. Формальды және формальды емес ұйымдар
-Ұйымның қазіргі қорлар классификациясы
-Қазіргі жағдайдағы басқарудың мақсаттары мен міндеттерін шешудегі көзқарас
-Шешімдерді жіктеу. Шешімдерді қабылдау әдістері мен модельдері
3.Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. (25-30 мин)
-Менеджмент қызметі, тәсілі, құрылымы және принциптері
Менеджмент-бұл басшылық еңбектің мазмұны мен сипатын қарайтын ғылым.
Басқарушылық қызмет төмендегідей істердің атқарылуын қарастырылады:
-Кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;
-Ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау;
-Басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру. Өзінің және басқарулардың қызмет атқаруын тұрақты қарау, сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсаттарына жету үшін бағыттау.
4.Жаңа сабақты бекіту кезеңі
-Басқарушылық қызмет қандай қызметтерді атқарады
-Басөарудың дәстүрлі емес жүйесінде қолданылатын тәсілдерді атаңыз
-Кәсіпорын менеджментінің деңгейлерін атап өтіңіз
-Менеджер, ол кім және қандай сипаттарға тән
-Менеджерге қойылатын талаптар
5.Қорытындылау
Сонымен, білім алушылар бүгінгі өткен сабақта менеджментті және оның құрылымын, менеджердің не істеу, қалай істеу, қашан істеу керек деген сұрақтарға нақты жауап беретіндігін білдік.
6.Білім алушыларды бағалау
Үй тапсырмасын орындаған және жаңа сабаққа белсене қатысып отырған білім алушыларды бағалау.
7.Үйге тапсырма: (1-2мин)
Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі
Әлемдегі жұмыссыздық деңгейі
Достарыңызбен бөлісу: |