Сабақ жоспары 5 сынып
Пән: «Қазақстан тарихы»
Тақырыбы: «Қазақстан-егемен мемлекет»
Орындаған: тарих пәнінің мұғалімі
Билялова Гульзат Канапияновна
Сынып: 5
Пән: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қазақстан – егемен мемлекет
«Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттері: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік,
келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды».
Н.Ә. Назарбаев.
Мақсаты:Қазақстанның егемендікке қол жеткізу жолдарымен танысу
Міндеттері:
Оқытушылық:оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.
Дамытушылық:өздігінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Өз елінің өткен тарихын құрметтуге үйрету, Отан мен қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін арттыруға көмектесу, Отанға еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жұмыс түрі:жеке тұлғалық, ұжымдық.
Технология: сын тұрғысынан ойлау
Көрнекілік:Карталар, интербелсенді тақта, оқулық, флипчарт.
Негізгі түсініктер:1986 жылғы желтоқсан оқиғасы,1991 жылдың 16 желтоқсан, республика.
Тарихи тұлғалар:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.
Сабаққа кірісеміз: Оқушылар, сендерде сабақтын басынан бастап көңіл күйлерің жақсы болғанды қалаймын.
Сондықтан, сендердің күлулеріңді сұраймын.
Енді бір-бірлеріне күліңдер
Қонақтарға күліңдер
Маған күлкілеріңді сыйландар
Ал мен сендерге өзімнің күлкіңді сыйлаймын
Енді жақсы көңіл күй бүгін күні бойы сендердің жүздеріңнен кетпейді деп сенемін.
Үй тапсырмасын тексеру.
-
Ғарышты игерудің ғылымға тигізер пайдасы қандай деп ойлайсың?
-
Қазақстанның ғарышты игеруге кандай мүмкіндіктері бар?
-
Қазақ ғарышкерлері туралы не білесің?
2. Тақырыпқа шығу: «Мозайка» (пазлдарды жинап, сөздері бар сурет құрастырады: Президент, Қазақстан, Тәуелсіздік). (1-3 балл) (Слайд №2)
ВИДЕОРОЛИК
«Бірлігі жарасқан - Қазақстан» атты видеороликті тамашалап, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды: «Қазақстан – егемен мемлекет». (Слайд №2)
Егемен мемлекет – сөзіне анықтама беру(Слайд №3)
Мұғаліммен бірге оқушылар сабақтын мақсатын анықтайды: мұғалім- «Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгін біз егемен Қазақстан туралы не білуіміз керек?»
Мақсаты мен міндеттері:Оқушылар алдын-ала Қазақстан туралы ақпарат тауып, келесі сұрақтарға жауап беру керек:
-
Қазақстан қай жерде орналасқан?
-
Қандай мемлекеттермен шектеседі?
-
Қазақстан территориясының жер аумағы қанша?
4. Халық саны қанша?
3. Тапсырма «Ауа шары»(әр шарда сұрақтар жасырылып тұр, оқушылар бұл сұрақтарды ашып жауап беру керек),(1-3 балл) (Слайд №4)
1. Республика деген не?
2. Қандай мемлекеттер ҚР тәуелсіздігін бірінші таныды?
3. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы неліктен болды?
-
Сәйкестендіру(1-4 балл)(Слайд №5)
-
КСРО-ның ыдырауы 1991 жыл
-
Желтоқсан оқиғасы 1986 жыл 16 желтоқсан
-
ҚР тәуелсіздігінің жариялануы 1991 жыл 16 желтоқсан
-
ҚР Президентінің сайлануы 1991 жыл 1 желтоқсан
Сергіту сәті
-
«Сиқырлы лупа» (оқушылар сөйлемдегі жасырын сөзді тауып, оның дұрыс не бұрыс екендігін лупа арқылы тексереді),(1-3 балл)(Слайд №6)
-
1922 жылы құрылған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы 1991 жылы өз өмір сүруін тоқтатты.
-
1991 жылы 10 желтоқсанда Президент халық алдында президенттік антын қабылдады
-
«Шексіз сандық»(сандық ішінен халықтар атауын шығарып, олардың Қазақстанға көшірілгенін анықтау керек), (1-5 балл) (Слайд №7)
-
Кеспе сызбамен жұмыс( 1-6 балл)
-
Неліктен Қазақстан КСРО құрамында өз экономикасын еркін дамыта алмады?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Жетпіс жыл бойы өмір сүрген КСРО неліктен ыдырады деп айлайсыңдар?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Бүгінде Қазақстан әлем алдында егеменді ел ретінде қандай жетістіктерге жетіп отыр?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Рефлексия:«Қазақстан – егемен мемлекет» тақырыбына қорытынды жасау
Үй жұмысы:§29, параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру.
Н.Ә.Назарбаев туралы шағын шығарма құрастыру
Бағалау:бағалау парағына сәйкес бағаларды қою.
Бағалау парағы
№
|
Аты-жөні
|
Тапсырма1. «Мозайка» (1-3балл)
|
Тапсырма2. «Ауа шары»(1-3 балл)
|
Тапсырма3. «Сәйкестендір» (1-4 балл)
|
Тапсырма4. «Сиқырлы лупа» (1-3 балл)
|
Тапсырма5. «Шексіз сандық» (1-5 балл)
|
Тапсырма6. «Кеспе сызба» (1-6 балл)
|
Қорытынды
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау критерилері:
16-21 балл – «3»
22-27 балл – «4»
28-32 балл – «5»
Достарыңызбен бөлісу: |