Сабақ жоспары 5 сынып Пән: «Қазақстан тарихы» Тақырыбы: «Қазақстан-егемен мемлекет»



Дата23.08.2017
өлшемі87,78 Kb.
#25125
түріСабақ



Сабақ жоспары 5 сынып

Пән: «Қазақстан тарихы»

Тақырыбы: «Қазақстан-егемен мемлекет»


Орындаған: тарих пәнінің мұғалімі

Билялова Гульзат Канапияновна

Сынып: 5

Пән: Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Қазақстан – егемен мемлекет
«Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттері: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік,

келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды».

Н.Ә. Назарбаев.
Мақсаты:Қазақстанның егемендікке қол жеткізу жолдарымен танысу

Міндеттері:

Оқытушылық:оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.

Дамытушылық:өздігінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:Өз елінің өткен тарихын құрметтуге үйрету, Отан мен қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін арттыруға көмектесу, Отанға еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Жұмыс түрі:жеке тұлғалық, ұжымдық.

Технология: сын тұрғысынан ойлау

Көрнекілік:Карталар, интербелсенді тақта, оқулық, флипчарт.

Негізгі түсініктер:1986 жылғы желтоқсан оқиғасы,1991 жылдың 16 желтоқсан, республика.

Тарихи тұлғалар:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Сабақ барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.

Сабаққа кірісеміз: Оқушылар, сендерде сабақтын басынан бастап көңіл күйлерің жақсы болғанды қалаймын.


Сондықтан, сендердің күлулеріңді сұраймын.

Енді бір-бірлеріне күліңдер

Қонақтарға күліңдер

Маған күлкілеріңді сыйландар

Ал мен сендерге өзімнің күлкіңді сыйлаймын

Енді жақсы көңіл күй бүгін күні бойы сендердің жүздеріңнен кетпейді деп сенемін.

Үй тапсырмасын тексеру.


  1. Ғарышты игерудің ғылымға тигізер пайдасы қандай деп ойлайсың?

  2.  Қазақстанның ғарышты игеруге кандай мүмкіндіктері бар?

  3. Қазақ ғарышкерлері туралы не білесің?  


2. Тақырыпқа шығу: «Мозайка» (пазлдарды жинап, сөздері бар сурет құрастырады: Президент, Қазақстан, Тәуелсіздік). (1-3 балл) (Слайд №2)

ВИДЕОРОЛИК

«Бірлігі жарасқан - Қазақстан» атты видеороликті тамашалап, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды: «Қазақстан – егемен мемлекет». (Слайд №2)


Егемен мемлекет – сөзіне анықтама беру(Слайд №3)
Мұғаліммен бірге оқушылар сабақтын мақсатын анықтайды: мұғалім- «Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгін біз егемен Қазақстан туралы не білуіміз керек?»

Мақсаты мен міндеттері:Оқушылар алдын-ала Қазақстан туралы ақпарат тауып, келесі сұрақтарға жауап беру керек:



  1. Қазақстан қай жерде орналасқан?

  2. Қандай мемлекеттермен шектеседі?

  3. Қазақстан территориясының жер аумағы қанша?

4. Халық саны қанша?

3. Тапсырма «Ауа шары»(әр шарда сұрақтар жасырылып тұр, оқушылар бұл сұрақтарды ашып жауап беру керек),(1-3 балл) (Слайд №4)

1. Республика деген не?

2. Қандай мемлекеттер ҚР тәуелсіздігін бірінші таныды?

3. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы неліктен болды?




  1. Сәйкестендіру(1-4 балл)(Слайд №5)

  1. КСРО-ның ыдырауы 1991 жыл

  2. Желтоқсан оқиғасы 1986 жыл 16 желтоқсан

  3. ҚР тәуелсіздігінің жариялануы 1991 жыл 16 желтоқсан

  4. ҚР Президентінің сайлануы 1991 жыл 1 желтоқсан


Сергіту сәті


  1. «Сиқырлы лупа» (оқушылар сөйлемдегі жасырын сөзді тауып, оның дұрыс не бұрыс екендігін лупа арқылы тексереді),(1-3 балл)(Слайд №6)




  • 1922 жылы құрылған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы 1991 жылы өз өмір сүруін тоқтатты.







  • 1991 жылы 10 желтоқсанда Президент халық алдында президенттік антын қабылдады

  1. «Шексіз сандық»(сандық ішінен халықтар атауын шығарып, олардың Қазақстанға көшірілгенін анықтау керек), (1-5 балл) (Слайд №7)




  1. Кеспе сызбамен жұмыс( 1-6 балл)




  1. Неліктен Қазақстан КСРО құрамында өз экономикасын еркін дамыта алмады?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Жетпіс жыл бойы өмір сүрген КСРО неліктен ыдырады деп айлайсыңдар?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Бүгінде Қазақстан әлем алдында егеменді ел ретінде қандай жетістіктерге жетіп отыр?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Рефлексия:«Қазақстан – егемен мемлекет» тақырыбына қорытынды жасау
Үй жұмысы:§29, параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Н.Ә.Назарбаев туралы шағын шығарма құрастыру


Бағалау:бағалау парағына сәйкес бағаларды қою.

Бағалау парағы




Аты-жөні

Тапсырма1. «Мозайка» (1-3балл)

Тапсырма2. «Ауа шары»(1-3 балл)

Тапсырма3. «Сәйкестендір» (1-4 балл)

Тапсырма4. «Сиқырлы лупа» (1-3 балл)

Тапсырма5. «Шексіз сандық» (1-5 балл)

Тапсырма6. «Кеспе сызба» (1-6 балл)

Қорытынды

1

























2

























3

























4

























5

























6

























7

























8

























9

























10


























Бағалау критерилері:
16-21 балл – «3»

22-27 балл – «4»

28-32 балл – «5»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет