Сабақ жоспары. 6-сынып. География Уақыты



Дата18.06.2017
өлшемі68,86 Kb.
#19349
Кайреденова Гулпара

Атырау облысы

Исатай ауданы

Жанбай ауылы

Х.Наубетов орта мектебі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары. 6-сынып. География

Уақыты

12 қазан







Сабақтың тақырыбы

Глобус-Жердің моделі.

Сілтеме

Білім стандарты,пән бағдарламасы,6-сынып география

Жалпы мақсаттар

Глобус-Жердің моделі.

Мақсаты: Оқушыларды глобустың түрлерімен таныстыру, олардың негізгі ерекшелігін көрсете отырып, қалай пайдалану керектігін түсіндіру.


Оқушыларда глобус жер шарының нақты үлгісі,жердің шар тәрізді екендігін,глобустағы градус торы,параллель,меридиан,экватор туралы түсініктерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Глобустың түрлерімен таныса отырып,қалай пайдалану керектігін , глобус-Жер шарының нақты үлгісі екендігін түсінеді.Градус торы параллель,меридиан,экватор туралы түсініп,нүктелердің географиялық координаталарын анықтай алады.

Негізгі идеялар

Оқушының өмірдегі біліміне,білетініне сүйену,жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңаша ойлау дағдысын,мәнерін,амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер.

Сын тұрғысынан ойлау,диалогтік оқыту,сұрақ-жауап,топпен жұмыс,бағалау,сергіту.

Сабақ барысында жүргізілетін жұмыстар

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

1.Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

А)Қолайлы ахуал қалыптастыру.Оқушылардың көңіл күйін анықтау.
1-топ “ Ғаламшар”

2-топ ” План”

3топ “Карта”
В)Топ ережесін таныстыру

Г)Бағалау критерийлерімен таныстыру



А)Оқушылар өздерінің көңіл күйіне сәйкес келетін түстерді алады.

Б)Берілген топтарға сәйкес келетін сөздерді суыру арқылы сол топтарға орналасады



Әр түрлі түсті парақшалар

2.Білу және түсіну

(15 минут)



1.Миға шабуыл арқылы

( видео көрсетіліп) сабақтың тақырыбын ашу

Мұғ.сөзі: 1)Глобусты көрсетіп не білетіндерін сұрап, «Глобус» сөзіне ассоциация жаздырту

№1 слайд. Глобус туралы мәлімет көрсету.

І топқа: Ежелгі халықтар жердің пішінін қандай деп ойлаған? (5 минут)

ІІ топқа: Неліктен глобус жердің дәл үлгісі деп айтылады?

IІІтопқа: Күн жүйесіндегі планеталарды атап бер

2. Мағынаны тану



Тыңдап отырған үштік

Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы шешен, тілші және хатшы рөлін атқарады. Шешен бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.



Оқушылар тақырыпты дәптерге жазады.Глобус туралы білетіндерін парақ бетіне түсіреді.

Шешен- глобус ұғымы туралы түсінік береді.

Тілші сұрақ қояды.

Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып әңгіме соңында қорытындылап береді.


Глобус туралы мәтін беріледі



Қолдану

10 минут


Глобустан қашықтықтарды өлшеу .Глобуста масштаб оңтүстік жарты шарда болады. Мектепте оқу мақсатында 1:30000000

(ең ірі) пен 1:83000000 арасындағы масштабтардағы глобустар пайдаланады. 


Тапсырма: Астана мен Мадагаскар аралығын өлшеу.125см*300км=37500 км

Оқушылар глобустан қашықтықты өлшейді






Талдау,жинақтау 15 минут

1-топ.Ойлан-жұптас –бөліс

Мұғалім сұрақ береді

1.Градус торы дегеніміз не?

2.Географиялық ендік дегеніміз не?

3.Жер бетіндегі нүктенің ендігі мен бойлығы нені көрсетеді?

4.Бір полюстен екінші полюске қарай жүргізілген шеңбер қалай аталады?



2-топ.Стикердегі диалог

1.Параллель доғасының бастапқы меридианнан берілген орынға дейінгі градуспен алынған шамасын-----деп атайды.

2.Алматы қаласының географиялық координатасын анықта.

3.Көкжиектің қай тұстарына бағытталған?Меридиандар----

Параллельдер-------

4.Біздің еліміз бастапқы меридианнан қай бағытта орналасқан?

3-топҮш қадамдық сұхбат

4 адамнан тұратын топтарға,жұптарға бөлінеді


«Дұрыс-бұрыс?» ойыны (егер дұрыс болса шапалақ ұрамыз)
1.Жер шарында 2 полюс бар. (дұрыс)
2.Жер өз білігін айналғанда оның полюстері айналмайды. (дұрыс)
3.Экватор сөзі «түскілік» мағынаны білдіреді. (бұрыс)
4.Жерді тең екі жарты шарға меридиан бөледі. (бұрыс)
5.Жер экваторының ұзындығы 40000 километр. (дұрыс)


Ойланып әрқайсысы жеке жауап жазады.Жұптарға бөлініп,өздерінің ең үздік сұрақтарын біріктіреді.

жаңа жауаптарын сыныппен бөліседі

Стикерге жауап жазады.
1-қадам. А-Ә ден,Б-В-дан

2-қадам.Ә-Адан,В-Б дан



3-қадам әр оқушы өзжұбы туралы ақпаратын топ ішінде бөліседі

Сұрақтар жазылған парақшалар

Бағалау,кері байланыс 2минут

Жетон арқ ы лы бағаланады

«Алақай!», «Әттеген-ай» деген сөздер жазылған алма ағашы мен лимон ағашына сабақтан алған әсерлерін білдіріп, стикер жабыстырады




Жетондар,

алма ағашы мен лимон ағашының суреті,



стикерлер

Уйге тапсырма беру.

Глобус.Өздерің тұрған елді мекеннің полюс пен экватордан градус және км есебімен алынған қашықтығын анықтаңдар.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет