Техника қауіпсіздігі Сымдар мен кабельдерді ұштау және жалғау кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау. Жұмысты бастар алдында оқыту шеберінің нұсқауын мұқият тыңдау, істетілетін құрал жабдықтарды (монтаж пышағы, климпер, тістеуіктер) қауіпсіз пайдалануды үйрену.
2.4. Студенттердің өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;
2.5. Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;
2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және студенттердің жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;
Кабельдер дегеніміз не?
Сым дегеніміз не?
Сымдардың маркалануы.
Сымдар мен кабельдерді ұштау технологиясын айтыңыз?
2.7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;
2.8. Студенттерге тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;
3. Студенттерге оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (180 минут). 3.1. Студенттердің өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:
Сымның керекті ұшының қорғаныш қабаты мен оқшауламасын тазартуды түсіндіріп көрсету.
Доғал жгутқа орауды түсіндіріп көрсету.
Шеге немесе домалақ ернеу арқылы 5–8мм етіп сақинаны орындауды түсіндіріп көрсету.
Сымның сақинадан артылған ұшын қайта сымға орап, артығын кесіп тастауды түсіндіріп көрсету.
3.2. Ағымдағы нұсқау:
Кабель мен сымдарды таңдап алу.
Таңдап алынған кабельдің немесе сымның сыртқы оқшауламасын тазарту.
Тазартылған кабельдің тарамдарын бір бірінен ажырату.
Ажыратылған тарамдарды жалғау үшін оқшауламадан тазарту.
Оқшауламадан тазартылған талсымдарды жинастыру.
Талсымдарды бұрау әдісімен жалғау.
Жалғанған жерді оқшаулағыш таспамен орап оқшаулау.
Осылайша әр талсымды жеке- жеке жалғап оқшаулау.
4. Қорытынды нұсқау (45 мин): 4.1. Сабақты қорытындылау.
4.2. Жіберілген қателерді талдау.
4.3. Студенттердің жұмысын бағалау және оны түсіндіру.
4.4. Үй тапсырмасы: Сымдармен кабельдерді ұштау және жалғау түрлерін қайталап келу.
5. Жұмыс орнын жинастыру.