Сабақ жоспары №7 Күні-айы: Топ: Курс: Мамандығы



бет1/3
Дата10.11.2023
өлшемі29,18 Kb.
#190879
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Сымдар мен кабельдердің жалғану ерекшеліктері мен ұшталу тәсілдері.


Сабақ жоспары № 7


Күні-айы: _____________Топ: Курс:
Мамандығы: 1504000 - фермер шаруашылығы.
Біліктілігі: 1504092 – Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер.
Бөлімнің тақырыбы: Электрлік монтаждау жұмыстары негіздері
Сабақтың тақырыбы: Сымдар мен кабельдердің жалғану ерекшеліктері мен ұшталу тәсілдері.
Сабақтың мақсаттары:

  • білімділік: Студенттерге әр түрлі сымдар мен кабельдердің жалғану ерекшеліктері мен ұштау тәсілдерін үйрету, кабельдер мен сымдардың оқшауламасын тазалау әдістемелерін үйрету.

  • дамытушылық: Студенттерге терең және берік білім алуға, еңбекке деген жоғары кәсіптік шеберлік шығармашылығын дамытуға баулу.

  • тәрбиелік: Студенттерге техника қауіпсіздігін сақтауды, құрал-саймандарды күтіп ұстауды, бір-біріне көмек көрсетуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету сабағы.
Сабақтың әдістері: Ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау).
Пәнаралық және пән ішіндегі байланыс: Физика: Кернеу және ток көзі, Электроматериалтану: Алюминий және мыс
Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: Әр түрлі сымдар мен кабельдер, қысқыштар, монтаждық пышақтар, оқшаулағыш таспа, пресс қармауыштар , плакаттар, үлестірме қағаздар.
Өткізілетін орны: №6 ауылшаруашылығын электрмен жабдықтау зертханасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
1.1. Сәлемдесу;
1.2. Студенттерді түгендеу;
1.3. Студенттердің оқу құрал-жабдықтарын тексеру.
2. Кіріспе нұсқау: (42 мин)
2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;
2.2. Студенттердің теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру:
1.Электрлік монтаждау жұмыстары дегеніміз не?
2. Электр өлшеуіш аспаптардың өлшемдері және шартты белгілерін тақтада көрсетіңіз?
3. Ток күші қалай өлшенеді және оның өлшем бірлігін атаңыз?
4. Өлшеу аспаптарының жұмыс принципін айтыңыз?
2.3. Студенттерге сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет