№140 қазақ орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: 7 сынып.Әдебиет.
Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі
Жауапты: қазақ тілі пәні мұғалімі Қосанова Марал
Сабақ жоспары
7 сынып.Әдебиет
Сабақтың тақырыбы:Шешендік сөздер.Билер сөзі- нақылдың көзі
Сабақтың мақсаты: Білімділік-оқушыларға жаңа білім меңгерту,өтілген тақырыптармен байланыстыра отырып қосымша мәлімет беру,тапсырмалар орындату.
Дамытушылық-Оқушыларды өзінше ой түйіндеуге баулу,шығармашылық жұмыс арқылы таным-түйсіктерін,теориялық білімін дамыту,ана тіліне,шешендік өнерге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік- Оқушыларды адами қасиеттерге баулу,сөз мәдениетіне,жеке тұлға ретінде қалыптасуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі- жаңа сабақ
Сабақтың әдісі-сұрақ-жауап,салыстыру,шығармашылық ізденіс, проблемалық сұрақтар.
Пәнаралық байланыс- тарих, өзін-өзі тану пәндері.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақтың шешендік сөздер» кітабы, ,үлестірме материалдар,бейнебаян.
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып,назарларын сабаққа аударамын.Қатысуын түгендеп, сынып кабинеті ішінің тазалығына, оқу құралдарының реттілігіне,интерактивті тақтаның қосулы болуына назар аударамын.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын сұрау үшін стикерлер тартып, уй тапсырмасы бойынша қандай сұрақ берілуі мүмкін екенін оқушылардың оздеріне жазғызып, қорапқа салғызамын. «Жақсы білетін адам- сол тақырып бойынша жақсы сұрақ қоя білген адам..».Сол сұрақтарды шетінен іріктеп оқып, жауап бергіземін.
Жоба сұрақтар:
-Шешендік сөздің ертегілер немесе эпостық жырлардан қандай айырмашылығы бар?
-Шешендік сөздерді неге ауыз әдебиеті үлгілеріне жатқызамыз?
-Шешендік сөздердің кейіпкерлері кімдер?
-Қазақ тарихында шешендерден кімдерді білесің?
Үй тапсырмасын бекіту. Интерактивті тақтадан көрсету арқылы «Альтернативті тест» бойынша үй тапсырмасын бекітемін.
Сұрақтар мазмұны
|
дұрыс
|
қате
|
1.Шешендік сөздер ауыз әдебиетінің бір саласы болып табылады.
|
|
|
2. Шешендік сөздерде қиял-ғажайып кейіпкерлері кездеседі.
|
|
|
3.Шешендік сөздерде айтылған даналық сөздер шындыққа еш жанаспайды.
|
|
|
4. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу шешендік сөздердің кейіпкерлері болып табылады.
|
|
|
5. Шешендік сөздер- тапқырлық сөздер, шешендік сөздер- рухани байлық.
|
|
|
6.Шешендік сөздердің тақырыбы, мазмұны әртүрлі болып келеді.
|
|
|
7. Шешендік сөздердің белгілі авторы, пайда болған уақыты туралы нақты мәлімет жазып сақталған.
|
|
|
Оқушыларды белсенділігін ескере отырып бағалаймын. Үй тапсырмасын қорытындылаймын.
ІІІ Жаңа сабақ
Тақтаға күн ретін жазамын. Бүгінгі сабақ тақырыбын табу үшін қазақ тілі сабағымен байланыстыра отырып тапсырманы орындатамын.
-Кеше деген сөздің екінші буынын алыңдар. (-ше)
-Пішен деген сөздің екінші буынын алыңдар. (-шен)
-« Мүмкіндік» деген сөздің жұрнағын алыңдар (-дік) сонымен шешендік деген сөз шығады екен.
Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, бүгінгі сабақтың эпиграфы ретінде өлең шумағын жазып қоямын.
Жауыр болып жүрсе-дағы күнде иығы,
Ұрпақ баққан көзінің бір қиығы.
Қазағымның тартады магниттей,
Шешендік өнерінің тұңғиығы!
Халқымыз қашаннан-ақ асыл сөзді қазынам деп, өнегені өрісім деп таныған.Ұшқыр лебізге ұйып,уытты сөзден ығып,ұтымды пікірге тоқтап үйренген.
Шешендік сөздер- ел тағдыры талқыланатын парламент сарайлары мен сот залдарының ежелгі мектебі. Тарихта парламенттік қайраткерлер мен заң қызметкерлері сөз шешендерінен шыққан. (Рим шешені Цицерон, Афина шешені Демосфен, Абылай ханның кеңесшісі Бұхар жырау, т.б.)
Артық болмас білгенің!
Қазақтың шешендік сөздерін алғаш жинақтап қағазға түсіріп, бағалаған адам- белгілі ғалым В.В.Радлов.
Қазақтың шешендік нақыл сөздерін алғаш газет, журналдарда жариялаған Ы.Алтынсарин болды.
Шешендік сөздерді әдебиеттің бір саласы ретінде алғашқы зерттеген М.Әуезов болатын.Бұл зерттеулерін 1927 жылы Қызылордада жүріп жазып шыққан.
Шешендік сөздердің ең көнесі Жиренше шешен есімімен байланысты.
Кез келген адам сөз шешені бола алар ма еді? Сызбаны тақтада оқушылар көмегімен толтыртып, орындатамын.
Әділетті өмірлік тәжірибесі
мол адам болу
Шешенге тән
Қасиеттер шапшаң сөз тапқырлық
өз заманының көркем тілді болу
ақылгөйі
Оқулықпен жұмыс жасап, шешендік сөздерді оқулықтан дауыстатып оқытамын.Мұнан соң мәтінмен жұмыс жасатып, түсіндірме күнделігін толтыртамын. Алынған үзінділерге өз пікірін жазады
Түсіндірме күнделігі
Мәтіннен үзінді
|
Үзінді жайлы пікір
|
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Балаң жақсы болса-
Жан мен тәннің шырағы.
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма.
Кесапаты тиер еліңе.
|
Егер жаңбыр жаумаса, жердің жағдайы нашар болар еді. Сол секілді басшы болмаса, елдің халі солай төмен болады деген мағынада.
|
Қазақ халқының атақты шешен- билері туралы электронды оқулық арқылы таныстырып өтемін.
Оқушыларға шешендік сөздерден мәтін беріп, сол бойынша 2 шағын көріністер дайындатамын.
«Сөз қадірі- өз қадірім» тақырыбымен оқушылардың өз сөз байлығын топ алдында тексеріп көру үшін тақырып бойынша сөйлетемін. Өзіңді шешен адам орнына қойып көру мақсатымен. Берілетін тақырып- «Тәртіпке бағынған құл болмайды».
Сабақты қорытындылау.
Тарихи-әдеби мұра
Дауға жауап татулыққа тамыр
Шешендік сөз
Пәктікке пәрмен тазалыққа нәр
Дәстүрге дәрмен
-Шешендеріміз арқылы мақтанып жүрейік.Күнделікті өмірде шешендік сөздерді орынды, дұрыс қолдануға дағдыланайық.Ел тәуелсіздігінің басты белгісі- оның тілін, ұлттық мәдениетін , сат-дәстүрін дамытуға атсалысайық.Біздің тіліміз- ананың тілімен бойға сіңген асыл қазынамыз. Сабағымыздың соңын Б.Тілеухановтың «Елім менің» өлеңімен аяқтайық. Бейнебаянды қосып, оқушылармен бірге әнді орындатамын.
Үйге тапсырма. Шешендік өнер туралы және берілген шешендік сөздер мазмұнын оқып келу. «Түсіндірме күнделігін» аяқтау.
Достарыңызбен бөлісу: |