|
|
айырмашылығы қандай? Олардың қайсысы сәндік болып табылады? Неге? Суретші сәндік пейзажда нені қолданған?
(Ж, Ө) Туған өлкесінің сәндік пейзажының суретін салуды ұсыныңыз. Суреттің барлық элементтері сызықтар, әр түрлі пішіндер (геометриялық пішіндер), түстер арқылы сәнделуі керек. Оқушылардан өз пейзажында қандай сезім мен көңіл-күй көрсеткілері келгенін сұраңыз.
|
Оқушыларды шынайы табиғат пен сәндік табиғатты салыстыра отырып, сәндік табиғаттың қандай екенін өздігінен анықтауға бағыттаңыз. Бірқатар сұрақтар қоя отырып, сәндік пейзажда суретші нені қолданғанын анықтаңыз.
Оқушыларға шынайы пейзажға қарағанда сәндік пейзажда суретшілер сызықтар мен ауа перспективасының заңдылықтарын сақтамайтынын түсіндіріңіз.
Практикалық тапсырмалар алған білімдерін бекітіп, өз шығармашылық идеясын және өз өлкесінің табиғатына деген сезімдерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сурет салу негізі - туған өлке табиғаты болып табылады. Оқушылар өздерінің туған өлкелерінде көрген өсімдіктердің, мекендейтін жануарлар мен құстардың суретін салады.
|
|