2.2
Материалда р және шығармашы лық жұмысты орындау техникалары
|
2.2.2.1
Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу
|
Өлкенің қанатты тіршілік иелері
|
|
|
(С) Сабақтың басында оқушылардың ой- өрістерін сұрақтар қою арқылы жандандырыңыз. Тапсырманы «Миға шабуыл» әдісі арқылы беруге болады.
Оқушылардан сұраңыз: Қазақстанда қандай құстарды кездестіруге болады? Сенің өлкеңде қандай құстар мекендейді? Олар туралы сен не білесің? Саған қандай құстар ұнайды, неліктен?
(С) Оқушыларға кескіндеме туындыларындағы құс бейнелеріне қарауды ұсыныңыз:
Құстар қалай бейнеленген?
Жағулар қалай орналасқан?
Суретші құс қауырсынының бедерін қалай көрсеткен?
Достарыңмен жағу формасы неге байланысты болатынын, қылқаламды қалай ұстау керектігін талқылаңыз.
(К, С) Оқушыларға «құрғақ қылқаламмен» жағу тәсілдерін көрсетіңіз.
«Құрғақ қылқалам» әдісін қолдануда бояудың құрамын ескеру қажет. Бояу неғұрлым қою болуы керек және
|
Оқушыларға Қазақстанда құстардың алуан түрлерін кездестіруге болатыны туралы әңгімелеңіз. Әр құстың қауырсыны әртүрлі. Дененің алдыңғы бөлігінің қауырсындары ұсақ әрі жұмсақ. Қанаттары мен құйрықтарындағы қауырсындар ұзын болып келеді.
Қанаттағы қауырсындар құстарды ұшу кезінде ұстап тұрады. Қазақстанның жабайы құстары бүркіт, қоқиқаз, саңырау құр, бірқазан, аққу болып табылады.
«Құрғақ қылқалам» техникасы кескіндемеде жұмсақ беттерді суреттеуде жиі қолданылады (шөп, шырша, жүн және т.б.).
Жағу арқылы салу - бұл бейнелеу өнеріндегі сурет салудың жеке-жеке жағылатын техникалық әдісі.
|
А3форматты қағаз, сурет салуға арналған альбом, гуашь немесе акварель, әр түрлі жуандық пен өлшемдегі қылқаламдар
|