Оқушылардың көркем еңбек бойынша тәжірибесі бар. Шығармашылық іс-тәжірибесін қолдана отырып, оқушылар идеяларды зерттеп, әзірледі, бұйымдар жасап, дайындады және орындалған жұмысты бағалады.
Тілдік мақсаттар Оқушыларға түсінікті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген
Тілдік мақсат
Пән лексикасы және терминология
Диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері
Оқушылар:
Қазақтың дәстүрлі қолөнер бұйымдарының қандай материалдардан жасалғанын және ою-өрнектерінің қолданылуын сипаттай алады.
ою-өрнектер: қошқар мүйіз, су, қырық мүйіз, өрмекші, тұмар, шаңырақ, ирек, омыртқа және т.б.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сендер бұл бұйымдардың атауларын білесіңдер ме?
Олар қандай материалдан жасалған?
Ол нені білдіреді?
Бұл бұйым қалай қолданылады?
Неліктен… айта аласың ба?
…ол дәл осылай көрінетіндігін
…осы материалдар қолданылғанын
… не үшін жасалғанын
Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз.
Қысқаша шолу
Оқушылар дәстүрлі тоқыма, киіз, ағаш, тері, қыш бұйымдарға байланысты қолданбалы өнер бойынша жұмыстарды зерделейді. Олар өз ойлары мен сезімдері негізінде материалдық мәдениет бұйымдары мен бейнелерін қалай жасауды үйренеді. Келесі бөлімдер құралдар мен техникаларды
жоғары деңгейде пайдалану, сондай-ақ шығармашалық тәсілді қолдану дағдыларын дамытады. Бөлім бейнелеу өнерін, музыка мен тарихты біріктіреді.