Сабақ жоспары: Алгебра 8 сынып Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы
бет 1/9 Дата 04.04.2023 өлшемі 0,82 Mb. #173703 түрі Сабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Алгебра – 8 сынып
Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы.
Нургалиева Жанаргуль Ханатова. Математика пәінің мұғалімі.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі : Статистика элементтері
Сабақ тақырыбы
Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы. (1 сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
8.3.3.1
таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру ;
8.3.3.2
жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру;
Сабақ мақсаттары
Кездейсоқ таңдаманың көлемі , құлашы, ығыспалы қатар, жиілігі, салыстырмалы жиілігі , модасы, медианасын , ығыспалы қатардың жиіліктер кестесін құруды біледі, түсінеді;
Жиіліктер алқабын ығыспалы қатардың жиіліктер кестесін құру арқылы бере алады;
Жиіліктер гистограммасын интервалдық жиіліктер кестесін құру бойынша береді.
Бағалау критерийі
Кездейсоқ таңдаманың көлемі, құлашы, ығыспалы қатар, жиілігі, салыстырмалы жиілігі, модасы, медианасын табады және ығыспалы қатардың жиіліктер кестесін құрады;
Ығыспалы қатардың жиіліктер кестесін құрады және оның көмегімен жиіліктер алқабын тұрғызады;
Таңдама нәтижесі бойынша интервалдық кестені қолданады және оның көмегімен жиіліктер гистограммасын тұрғызады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
- салыстырмалы жиіліктер және жинақтық жиіліктерді анықтау жолдарын талқылайды және түсініктеме береді;
- жиілік кестесі, жиілік алқабы түрінде берілген жиналған мәліметтерді барлық сыныпқа презентациялайды және берілгендерді жинақтау, жөндеу бойынша ұсыныс жасайды
Достарыңызбен бөлісу: