Асанбекова Гулмира Сагатовна- «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия»КММ-сінің тарих және құқық пәндерінің мұғалімі. Сабақ жоспары Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен жасалды.
№1 ТЖБ 1-тоқсан. 11 сынып. Қазақстан тарихы Бөлім: Тексерілетін оқу мақсаты: 11.1.1.2 Көшпелі малшаруашылығы мен егіншіліктің ерекшеліктерін «тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі», «қоныстану жүйесі», «экожүйе» ұғымдарын пайдалана отырып анықтау.
11.1.2.2 Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөліне талдау жасау.
11.1.3.1 Қазақстаның экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін «экономикалық жүйе» «дәстүрлі (аграрлы) экономика», «жоспарлы (социалистік) экономика» ұғымдарын пайдалану.
11.1.3.3 Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдерін талдау, олардың ерекшеліктерін анықтау.
11.1.4.4 Мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттеу және Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болашағын болжау.